«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев

«Шын ба әлде өтірік пе» ойыны
Биыл ұлы ақын, ойшыл, композитор, қазақтың данасы Абайдың туғанына 170 жыл. Ұлылар рухы алыстаған сайын, рухы асқақтай түседі. Мұндай ойды ғасыр бұрын Міржақып Дулатов айтқан еді. Біз Абайды қаншалықты білеміз, шығармашылығын қалай танимыз, жалпы біз Абайды танимыз ба деген сауал ойлы қазақты айналдыра береді. Сол сауал сізді мазаласа, өзіңізді тексеріп көріңіз, мархабат!