«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » Есімнама » Ел басқарушылар, хандар, сұлтандар
Тайыр хан-алтыншы қазақ ханы, таққа Мамаш хан өлгеннен кейін (шамамен 1521/22/23-1529/31жылдар) отырды. Қасым ханның ағасы Әдік сұлтанның ұлы. Туған жылы белгісіз.
Қасым ханның баласы. Хақназар хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды.
Көшек хан, Кішік хан – 18 ғасырдың 30 – 40-жылдары найман руын басқарған.
Әбілмәмбет хан
1690 — 1771
Әбілмәмбет хан (шамамен 1690-1771) – хан, Болат ханның үлкен ұлы, Тәуке ханның немересі. Сәмеке өлгеннен кейін Орта жүзге хан сайланған. Шыңғыс тұқымының аға тармағы Жәдік әулетінен тарайды.
1741 — 1821
Уәли хан (1741-1821) - Орта жүздің ханы болған (1781-1821) Абылай ханның екінші әйелі қарақалпақ Сайман ханымнан туған үлкен ұлы.
1737 — 1819
Бөкей (шамамен 1737 — 1819) — сұлтан, хан. Тұрсын ханның немересі, Барақ ханның баласы, Ә. Бөкейхановтың 4-атасы.
Қазақ өнері мен әдебиеті туралы әңгіме болғанда, осынау қос саланың дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан Илья Жақанов мақала арқауы болмақ.
Хайдар Дулати - өз заманы үшін жан-жақты әрі аса терең білім алған ғұлама адам.
Қазақ тарих ғылымындағы күрделі мәселелердің бірі-тұлғаларымыздың қоғамдық-саяси қызметін саралау екендігі белгілі.
Қазақ халқының тарихында елінің қамын жеп, оның ертеңі үшін алаңдап, еліміздің тұтастығына еңбек сіңірген тұлғалар ерекше орын алады.