«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » Есімнама » Исатай Тайманұлының ұрпақтары (Шежіре)

Исатай Тайманұлының ұрпақтары (Шежіре)

Жақия Исатайұлы 1836 – 1837 жылдарда Ішкі Ордада (Бөкей хандығында – А.Ш) болған халық – азаттық көтерілісіне белсене қатынасқан.

Жақия Исатайұлы 1836 — 1837 жылдарда Ішкі Ордада (Бөкей хандығында — А.Ш) болған халық — азаттық көтерілісіне белсене қатынасқан. Көтеріліс кезіндегі Жақияның ерлігі туралы халық аузында, аңыз — әңгімелер көп-ақ. Кезінде белгілі жазушы — драматург Берқайыр Аманшин Жақия туралы пьеса жазып, ол Атырау қаласындағы Махамбет Өтемісов атындағы қазақ драма театрында әлденеше рет қойылған да болатын.

Жақия 1811 жылы Ішкі ордада дүниеге келген. Оған дәлел — оның 1836 жылғы 1 желтоқсан күні тексерушілерге берген жауабы. Онда былай делінген: «Менің атым — Жақия. Исатай баласымын. Жасым 25 — те. Дінім — мұсылман, татарша сауаттымын…» Жақияның осы күнгі берген жауабында оның сауатты болғандығын көрсететін тағы бір дерек бар. Онда:«…Тасоба деген жерден әкемнің басшылығымен 17 адам хан ордасына аттандық.Мақсатымыз жазбаша түрде ханға өз талабымызды көрсету еді. Мен хатшылық роль атқардым,« — деп жазылған. Тарих ғалымдарының кандидаты, профессор И. Кенжалиевтің «Исатай — Махамбет» атты белгілі зерттеу кітабында да 1837 жылы қазан айының соңғы күндерінде 620 адам қол қойған көтерілісшілердің арызын Жақияның көшіріп бергендігі туралы жазылған. Олай болса, 1836 — 1837 жылдарда Исатай Тайманұлы бастаған старшиналар мен билердің Жәңгір ханға, Орынборға жолдаған көптеген талаптары мен шағымдарының біразын жазған Жақия болуы әбден мүмкін. Жалпы көтерілістің бүкіл барысында Жақия әкесі Исатайдың барлық тапсырмаларын орындай жүріп, халықты азаттық күреске жұмылдырғаны сөзсіз. Сонымен бірге, Жақия қолына қару алып, жау әскерімен-де соғысқан. Атап айтқанда,1837 жылы Қарауылқожа Бабажановтың, би Балқы Құдайбергеновтың ауылдарын шабуда, Хан ордасын қоршауда, Тастөбе шайқасының бел ортасында Жақияның болғандығында күмән жоқ.

Жақия әкесімен бірге 1837 жылыдың 12 — желтоқсанынан 13 — не қараған түні Жайықтың шығыс жағына, яғни Кіші жүзге өткен. Алайда көп кешікпей Жақия Баймағанбет сұлтанның қуғындаушы әскерлерінің қолына түсіп қалған. Дәлірек айтқанда,1837 жылдың 24 желтоқсан күні сұлтандар К. Орманов, М. Таукин және 64 қазақ әскерлері Сарыгыр, Чин — Жалдай(Жыңғылды болуы мүмкін — А.Ш.)деген жерлерде Исатайдың балалары Жақия мен Дінбаянды тұтқындаған. Сөз арасында айта кетейік, Алматыдан шыққан кейбір зерттеу еңбектерде, тіпті оқулықтарда 24 желтоқсанда Досмағанбет ұсталды деп жаңсақ жазылып жүр. Бұл мүлде дұрыс емес.

Генерал — майор Покатиловтың 1838 — жылдың 3, ақпанында Орынбордың әскери — губернаторына жазған рапортына қарағанда сұлтан Б.Айшуақов 24 желтоқсанда қолға түскен, ішінде Жақия бар,6 адамды Орынбор генерал — губернаторының 1838 жылғы 4 қаңтардағы И. Тайманов бастаған көтерілісшілерді Орал әскери канцеляриясында арнайы жасақталған әскери сотпен соттау туралы генерал — майор Покатиловка берген нұсқауына сәйкес Орал қаласына жөнелткен.

Жақияның жау қолына түсуі Исатай бастаған топ үшін төтенше уақиға болды. Исатайлар тобының пікірінше Жемнен өтіп, Шекті руының жеріне жеткен Жақиялар тобы жау қолына түспеуге тиіс еді. Жақиялардың жау қолына түскендерін естігенде Махамбет:
Баласы Исатайдың Жақия — ды,
Жақия жауды көрсе, ақияды.
Түлейлі түнде жортқан жолбарыстай,
Алдырдым қабыланымды қапияда — ай, — деп күңіренеді. Жақиялар тобының сұлтан Б. Айшуақовтың жігіттерінің қолына түсуіне Шектінің Шүрен тайпасының биі Шонты Жамантаевтың араласы болған сияқты. Махамбеттің:

Жақияны жауға ұстап бергендей,
Шүрен, саған не еткенмін?!, — деп наразылық білдірудің өзі соның айғағындай.

Осылайша,1837 жылдың соңында қолға түскен Жақия 1838 жылдың тамыз айында әскери сотпен сотталады. Соттың үкімі туралы Орал әскерлерінің командашысы полковник Бизянов 1838 — жылдың 26 — тамызында Жәңгір ханға былай деп жазады:«…Дербес Орынбор корпусының командирі айыпкер Исатаевты 250 солдаттың арасынан дүрелеп 3 рет жүргізуге, одан соң Динамендке(Динабург болуы да мүмкін, Латвияда не Финляндияда — Ш.А.) 3 жылға крепостниктік жұмысқа, одан кейін жарамды болса солдатқа беруге, жарамсыз болған жағдайда Иркутск губерниясына мәңгі жер аударуға жаза мөлшерін белгілеуге бұйырды…» Осылайша патша өкіметі көтеріліс басшысы И.Тайманотың 27 жасар баласын қатаң жазалады.

Жақияның сотталғаннан кейінгі тағдыры туралы ешқандай деректер жоқ. Қалай болғанда да, ол сол айдалып кеткеннен елге қайтып оралмаған.

Жақия жау қолына түскен кезде елде(Ішкі ордада — А.Ш.) оның Нәсіпхан атты әйелі мен 1,5–2 жастағы Шахмет деген баласы қалады. Ол екеуін Нәсіпханның әкесі руы Себек — Беріш Батырбек паналатады. Ол кезде ханға қарсы көтеріліс бастаған Исатай тұқымын паналату өте қауіпті болатын. Сондықтан да кішкентай Шахмет үлкен қиыншылықта өседі. Құрмет Шамақов, Құрман Таңқашев сияқты көнекөз қариялардың айтуынша Шахметті шешесі кебеженің ішіне, түйенің қомына, үлкен қазанның астына, тіпті даладағы жыртқыш, аңдардың ініне-де апарып жасырып өсірген. Бертін келе Шахмет нағашысы Батырбектің жалғыз ұлы Бегелінің (кезінде Теңіз округінің әкімі Мақаш Шолтырұлы Бекмұханбетовтың көмекшісі болған — А.Ш.) қолында ержетіп, руы Қызылқұрт Түйебай дегеннің Көшекен атты қызына үйленген. Ал жау қолына түскен Жақияны 7 жыл күткен Нәсіпханды ауыл қарттары әмеңгерлік жолымен қайнысы Досмағанбетке атастырған.

ШАХМЕТТЕН — Шамақ, Таңқаш, Әмет, Сары деген ер балалар және, Ақон атты қыз өрбіген.
ШАМАҚ Дәмелі (Адай руының Тәзіке бөлімінен) деген қызға үйленіп, олардан Қадіреш, Оңғарсын, Жұмаш, Оразбек, Құрмет деген ер балалар және Мағия, Әйбөпе атты қыздар тараған.
ҚАДІРЕШТЕН- Махмұт, Ниғмет, Бисенбі, Тарих деген ер балалар және Минаш, Камал, Мүзе атты қыздар өрбіген.
МИНАШТАН — Света, Қайрош, Болат, Күләш, Самат.
КАМАЛДАН — Гүлбаршын, Гүлнәр, Ғалия, Мәдина.
БИСЕНБІДЕН — Нәсидолла, Марат атты ұлдар және Шайзада, Гүлзада деген қыздар тарайды. Бисенбі ұзақ жылдар Атырау балық комбинатында қызмет атқарды.
ШАЙЗАДАДАН — Әлпия, Зухра, Айнұр, Мейрамгүл, Азамат.
НӘСИДОЛЛАДАН — Батыр, Сырым, Жақсылық. Бұлардың үшеуі де Исатай батырдың 7 ұпақтары.
ГҮЛЗАДАДАН — Аружан, Тахир
МАРАТТАН — Дина, Төремұрат, Айдана, Бекмұрат. Олардың да 7 — атасы Исатай батыр.
МҮЗЕДЕН- Нариман, Жоламан, Ханбике, Сара, Жұмабике, Маржан, Еламан, Нұрлыбек.
ТАРИХТАН — Қанат, Ғалия, Тарих Қадірешев Қазақтың Әль — Фараби атындағы ұлттық университетінің заң факультетін бітірген. Ұзақ жылдар бойы Атырау облыстық және қалалық құқық қорғау органдарында басшылық қызметте болды.
ҚАНАТТАН — Тайман, Жұлдыз, Дария.(7-ұрпақ.)
МАҒИЯДАН — Разия.
ОҢҒАРСЫННАН — Смағила атты ұл және Динаш, Мәнза, Зәпен атты қыздар тарайды. Оңғарсын Теңіз(қазіргі Құрманғазы) ауданында колхоз төрағасы болып қызмет істеп жүрген кезінде 1935 жылы кенеттен қайтыс болған. Оның сүйегін қыста, ағалы — інілі Шамақ пен Таңқаш ат арбамен Забурындағы аталар қауымына әкеліп жерлеген.
ДИНАШТАН- Бауыржан, Алма, Амантай, Әлібек.
МӘНЗАДАН — Талғат.
СМАҒИЛАДАН — Мәдина, Нәйлә, Мұрат, Болат, Әділбек, Әлия, Ренат.
МӘДИНАДАН -Ғалымжан, Руслан, Нұрлан.
НӘЙЛӘДАН — Мерхат, Мира.
ӘДІЛБЕКТЕН — Жадыра, Нұргүл, Ахмет (7-ұрпақ)
ӘЛИЯДАН — Өркен, Жеткіншек, Әдемі.
РЕНАТТАН — Әдия, Бекназ. (7-ұрпақ)
ЗӘПЕННЕН — Құрманғазы, Бибігүл, Айгүл.
ӘЙБӨПЕДЕН — Марзия, Ғапур, Ғайни, Аманкелді.
ЖҰМАШТАН — Ғазиз, Рахым, Рамазан, Октябрь, Екпінді атты ер балалар және Қасиет, Жаннат атты қыздар тарайды.
ҒАЗИЗДЕН — Төлеген, Ира, Талғат. Ғазиз Шамақов Москва Политехникалық институтының автомобиль жолдары факультетін бітіріп, үзбестен өз мамандығы бойынша қызмет атқарды.
ТӨЛЕГЕННЕН — Гүлден, Думан(7- ұрпақ)
ТАЛҒАТТАН — Айнұр, Төребай(7 — ұрпақ)
РАҚЫМНАН- Бекежан, Өтежан, Рая, Біржан.
БЕКЕЖАННАН — Тимур, Лаура.(7-ұрпақ)
ТИМУРДАН-Алмагүл
РАМАЗАННАН — Карим, Асқар, Райхан, Лора, Еркін, Рамазан Жұмашев Алматыдағы зоотехникалқ — малдәрігерлік институтты үздік бітіріп, Атырау облысының колхоздары мен совхоздарында, құс фабрикасында бас маман қызметтерін атқарды,
КАРИМНЕН — Ерден, Диас(7 — ұрпақ).
ЕКПІНДІДЕН — Каким, Мүнира.(7-ұрпақ)
ЖАНАТТАН — Нәзира.
РАЙХАННАН — Нұрбол, Сымбат.
ОРАЗБЕКТЕН — Аманкелді.
АМАНКЕЛДІДЕН — Қайрат, Талғат, Қуат, Салауат, Нұртас. Аманкелді Шамақов — мемлекеттік автоинспекция қызметінің ардагері, милиция майоры.
ҚАЙРАТТАН — Оразбек, Нұрбек, Батырхан.(7 — ұрпақ).
ТАЛҒАТТАН-Іңкәр
ҚУАТТАН- Алмас(7 — ұрпақ).
ҚҰРМЕТ ШАМАҚОВ (1915 — 1995) 30 — жылдарда ересектер арасында сауатсыздықты жою ісіне белсене араласқан. Теңіз, Новобогат аудандарындағы мектептерде мұғалім болып істеп жүріп,1942 — жылы әскер қатарына алынған. Ленинград қаласында әскери училищеде оқып, оны бітіргеннен кейін полктың саяси жетекшісі, танк командирі қызметтерін атқарған. Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін елге аман — сау оралған Құрмет Шамақов өзінің саналы өмірін жас жеткіншектерді тәрбиелеу ісіне арнады. Орал мұғалімдер институтының тарих факультетін бітіріп, мектептерде оқу ісінің меңгерушісі, директор қызметтерін атқарды.Құрмет Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін және жас ұрпақтарды тәрбиелеудегі ерен еңбектері үшін ордендермен, медальдармен және Қазақ ССР Оқу Министрлігінің Құрмет грамотасымен наградталған. Құрекең облыс халқымен, мектеп оқушыларымен жиі кездесіп, батыр бабасы Исатай Тайманұлы туралы қызғылықты әңгімелер айтатын. Алматыға барып республикалық теледидар арқылы да Исатай батыр бастаған көтеріліс туралы пікір білдірді. 1838 жылы 12- шілдеде Исатай Тайманұлы қаза тапқан жерге және Атырау облысындағы Исатай ауданының орталығы, Аққыстауда Исатай батырға ескерткіш орнатуда, батырдың әкесі Тайманның бейітіне белгі қоюда Құрмет, ақсақалдың сіңірген еңбегі зор болды. Құрекең батыр бабасы Исатай Тайманұлының туғанына 200 жыл толуына байланысты өткізілген мәдени шараларға белсене араласты.«Қазақфильм» түсірген «Мінгені Исатайдың Ақтабан — ай " атты деректі толғаудағы басты кейіпкердің бірі болды. Исатай батырдың ұрпақтары туралы осы шежірені жинақтауда да Құрекеңнің үлкен еңбегі болғандығын ерекше айтқымыз келеді. Құрмет Шамақов 1995 жылы 80 жасында дүние салды. Оның бейіті Забурындағы аталар қауымында.

ҚҰРМЕТ пен зайыбы Жамалдан — Уәлихан, Меделхан, Нүрлан, Нұржан атты ұлдар және Роза, Ләззат, Гүлшат есімді қыздар өрбіген.
РОЗАДАН -Гүлжан, Еламан, Ерлан, Гүлнар, Бақтыгүл.
МЕДЕЛХАННАН — Гүлнар, Анар, Айнұр, Райымбек.
ГҮЛНАРДАН — Дана
АНАРДАН — Алина
АЙНҰРДАН — Ақбота.
НҰРЛАННАН — Әскер, Данияр, Салтанат,
ДАНИЯРДАН-Иброһим
ӘСКЕРДЕН — Мансүр, Бибі-Фатима(7-ұрпақ.)
ЛӘЗЗАТТАН — Нәзікен, Айбек, Іңкәр, Ақылбек.
ГҮЛШАТТАН — Жанболат, Нұрболат, Нұрғиса, Шынар, Назерке.
ТАҢҚАШТАН(зайыбы Нәбия — Есенғұл — беріш) — Қатыш(қыз), Құрман, Бимаш.
ҚАТЫШТАН — Әриполла, Ләтиполла, Зүлпат, Ғапар.

ҚҰРМАН ТАҢҚАШЕВ (1917 -. 7 жылдық білімі бар.1939 жылы әскери қатарына алынып, фин соғысына қатынасқан. Москваның іргесіндегі Люберцы қаласында, одан кейін Ярославль — Залесскийде авиамектепте оқып, Ржев қаласындағы № 63 — истребитель полкінде авиамеханик болып қызмет еткен. Ұлы Отан соғысын Минск қаласына жақын жердегі әскери аэродромдардың бірінде қарсы алған.1942 жылы Ленинград, Заполярье майдандарында Теңіз авиациясының № 28 — авиамеханик қызметін атқарған. 1943 — жылдан бастап қосалқы авиаполкте самолет құрастырумен айналысқан.1944 жылы Қырымда самолеттерді жөндеуден өткізумен шұғылданған. 1946 жылы шілде айында Феодесия қаласында тұрған кезінде әскери қызметтен біржола босап, елге оралған. Құрекең Новобогат ауданының колхоздары мен совхоздарында абыройлы еңбек етіп,1977 жылы құрметті еңбек демелысына шықты. Майдандағы және соғыстан кейінгі жылдардағы ерен еңбектері нәтижесінде Құрекең бірнеше ордендермен және медальдармен наградталған. Құрекең батыр бабасы Исатай Тайманұлының отарлық және феодалдық өзгіге қарсы ерлік күретін халық арасында белсене дәріптеген. Әсіресе,1836 — 1938 жылдардағы халық — азаттық көтерілістің рухани жетекшісі Махамбет Өтемісұлының көтеріліс басшысы Исатай Тайманұлына арнап жазған өлеңдерін өте шебер орындаушы ретінде елге танымал. Халық батыры Исатай Тайманұлының туғанына 200 жыл толуына орай түсірілген"Мінгені Исатайдың Ақтабан — ай» атты деректі толғаудың сәтті шығуына үлкен үлес қосқан Исатай батырдың ұрпақтарының бірі Құрман Таңқашев. Кезінде Исатай батырдың ұрпақтары туралы осы шежіренің жазылуына да Құрекеңнің үлкен көмек көрсеткенін ерекше атап өтеміз.

ҚҰРМАННАН — Файза, Аманғали, Боранғали, Рысқали, Рыздық. Кенжебек, Қайырбек.
ФАЙЗАДАН — Сәбит, Салтанат, Гүлайым, Гүлзада, Света, Аманкелді.
АМАНҒАЛИДАН — Лида, Гүлназ, Асылзат, Руфина,. Осы жерде Аманғали Құрмановтың «Қазақфильм» киностудиясы 1991 жылы түсірген «Мінгені Исатайдың Ақтабаны — ай» атты деректі толғауында(директоры — Ләтиполла Қапашев, режиссер — Аманкелді Тәжібаев) батыр бабасы Исатай Тайманұлының бейнесін өте нанымды шығарғандығын айтуымыз керек.
ЛИДАДАН — Әлихан, Ариана.
ГҮЛЗАДАДАН — Жадыра, Еділ.
АСЫЛЗАТТАН — Нұрай.
ЛАЙҚАТТАН — Айсана, Ерсұлтан
БОРАНҒАЛИДАН — Жәнібек, Айнагүл, Мейрамбек
ЖӘНІБЕКТЕН — Жанерке, Ерасыл, Зарина, Әлихан.(7-ұрпақ).
АЙНАГҮЛДЕН — Гүлхат
РЫСҚАЛИДАН — Динара, Қанатбек, Элеонора
ДИНАРАДАН -Есенжан.
РЫЗДЫҚТАН — Руслан, Фарида
КЕНЖЕБЕКТЕН — Дария
ҚАЙЫРБЕКТЕН-Мерей
АҚОННАН — Арон, Ұғлама, Қисма, Мәжит.

АҚАЙ ИСАТАЙҰЛЫ
Исатай Тайманұлының Жақиядан кейінгі баласы — Ақай. Ол 1837 жылғы қараша айында Тастөбедегі ұрыста қаза тапқан. Оған дәлел А. Ф. Рязановтың «Исатай Тайманұлының көтерілісі (1836 -1838жылдар)„деген кітабында… „ұрыс кезінде Исатайдың 20 жастағы ұлы, Ақай қаза тапты,„… деп жазуы. Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісті зерттеуші тарих ғылымдарының кандидаты, профессор И. Кенжалиев"Тайманұлы Исатай“ және „Исатай — Махамбет“ атты кітаптарында да Тастөбедегі ұрыста Исатайдың 20 жасар, Ақай атты баласы қаза тапқандығын жазады. Сондай -ақ профессор Х. Досмұхамдұлының „Исатай — Махамбет“ атты кітабында, Никита Савичевтің „Исатай Тайманов — Ішкі орданың старшинасы“ деген белгілі мақаласында да Тастөбедегі ұрыста Исатайдың Ақай атты баласы қаза болғандығы туралы айтылған. Біздің бұл мәселеге ерекше көңіл аударуымыздың себебі — Атырау облысында тұратын Исатай Тайманұлының қазіргі ұрпақтарының кейбіреулерінің батыр бабаның Ақай атты баласы болғандығына және оның Тастөбедегі шайқаста қаза тапқандығына шүбә келтіретіндіктерінде болып отыр. Сөз соңында айтарымыз, Ақай Исатайұлы шамамен 1817 жылы туып,1837 жылы қаза тапқан.

ОСПАН ИСАТАЙҰЛЫ
1837 жылғы желтоқсанда Жайық өзенінен Кіші жүзге өткен Исатай батыр бастаған топтың ішінде оның 16 жасар баласы Оспан да болды. Жайықтан Кіші жүзге өткен Исатай Тайманұлының балаларының ішінде Жақия мен Дінбаян көп кешікпей жау қолына түскендігін жоғарыда айттық. Ал Оспан болса, әкесі Исатайдан бөлінбей әруақытта онымен бірге болған. Ақыры екеуі-де 1838 жылы 12 шілдеде, Ақбұлақ өзені жағасында қапылыста қаза тапқан. Елдегі батырдың қазіргі ұрпақтары Исатай Тайманұлының осы соғыста баласы Оспанды жау қолына түсірмеу үшін бар күшін салғандығын, аңыз етіп айтады. Өзінің жау қуғынынан құтылып кетуге мүмкіндігі болса да, ол баласын құтқару үшін қайта айналып келе берген. Бұл жөнінде Х. Досмұхамедов жоғарыда аталған кітабында былай деп жазады:„Бір бөлек адамдарымен Исатай қамауда қалады. Қасындағы жолдастары қашалық десе-де, баламды, жолдастарымды жауға қалдырып қашпаймын, — деп атын бұрып тағы ұрысқа араласады“. Ақыр соңында атына оқ тиіп, жау қолына түсу қаупі туған кезде ол „маған қарамандар, баламды құтқарыңдар"деген көрінеді. Бір өкініштісі, Исатай батырдың өзі-де, оның 16 жасар баласы Оспан да қаза табады. Қазір, Ақтөбе облысына қарасты Қобда ауданы аумағында, бір кезде қырғын соғыс болған жерде көтеріліс басшысы Исатай мен оның ержүрек баласы Оспанға ескерткіш орнатылған. Сонымен ауызекі айтылған деректерге сүйенсек, Оспан Исатайұлы шамамен1822 жылы туып, 1838 жылы қаза тапқан.

ДОСМАҒАНБЕТ ИСАТАЙҰЛЫ
Исатай Тайманұлының төртінші ұлы Досмағанбет туралы деректер тарихи зерттеулерде өте аз кездеседі. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Ж. Қасымбаев жазған 8 — сыныпқа арналған“Қазақстан тарихы“ оқулығында Досмағанбет Досмұханбет деп көрсетілген. Оған қоса, ол жау қолына түсті деген жаңсақ пікір білдірілген. Біздің ойымызша автор архив қорында Исатайдың баласының аты қалай жазылған болса, соны өзгертпей сол күйінде алған болуы керек. Ал Атырау облысында тұратын батырдың ұрпақтарының айтуы бойынша Исатайдың төртінші баласының аты Досмағанбет және ол әкесі қаза тапқан кезде шамамен 14 жаста болған.

Осы жерде мынадай сұрақ туады? 1837 жылғы желтоқсан айында Жайықтың шығыс бетіне өткеннен кейін Досмағанбет қайда болды және қалайша ол жау қолына түспей қалды? Ол жөнінде біздің пікіріміз мынадай: Жайықтың шығысына, яғни Кіші жүзге өткен Исатайлар қуғыншылардың қолына түспеу үшін 3 топқа бөлінген. Өкінішке орай, осы топтың екеуі көп кешікпей қолға түскен. Олардың арасында Исатайдың әйелі Несібелі, балдызы Бағлан, балалары Жақия мен Дінбаян болды. Тек үшінші топ, яғни Исатай бастаған топ қана қолға түспей, аман құтылды. Олай болса, Оспан да, Досмағанбет те көтеріліс кезінде үнемі әкесі Исатайдың жанында болған. 1838 жылғы 12 шілдедегі, Ақбұлақ өзені жағасындағы қырғын соғыста да Досмағанбет әкесімен бірге болған. Исатайдың аманатын орындап, Махамбет қалайда оны жау қолына түсірмей алып шыққан. Елдегі батырдың ұрпақтарының айтуынша Досмағанбет астындағы атының жүйріктігі арқасында ғана қуғыншылардан әрен құтылған.

Архив деректеріне қарағанда Махамбет пен Досмағанбет Исатай батыр қаза тауып, көтеріліс жеңілгеннен кейін-де қол қусырып қарап отырмаған. Оған дәлел ретінде Орал әскерлерінің командашысы полковник Бизяновтың 1838 жылғы 1 тамызда Орынбор әскери губернаторына жазған рапортын келтіруге болады. Онда“ Махамбет және Таймановтың ұлы бастаған қарақшылар тобы 1838 жылдың шілде айының 23 — і күні сұлтандар Өзбекғалиев пен Шерғазыұлдарын қолға түсіру мақсатында олардың ауылдарына шабуыл жасаған Есауыл Бородин бастаған 150 қазақтан құрылған отряд Горск бекінісінен шығып, Махамбеттің тобын таба алмай,29- шілде күні кейін қайтып оралған», — делінген. Полковник Бизяновттың рапортындағы Исатайдың ұлы деп отырғаны сөз жоқ Досмағанбет. Себебі, Жақия мен Дінбаян жау әскерлерінің қолына түсті. Ақай мен Оспан Тастөбе, Ақбұлақ шайқастарында қаза тапты. Олай болса,14 жастағы Досмағанбет Махамбетпен бірге әкесі мен, ағасының кегін алу үшін сұлтандар Өзбекқалиев пен Шерғазыұлдарының ауылдарына шабуыл жасаған. Мұның өзі батырдың баласының бойында да қайсарлық, ерлік қасиет болғандығын байқатады.

Есауыл Бородин бастаған жазалаушылар тобының қолына түспеген Досмағанбеттің бұдан кейінгі тағдыры туралы тарихи әдебиеттерде ешқандай деректер кездеспейді. Біздің ойымызша, ол осы уақиғадан кейін Хиуа жағында болған. Тек 1839 жылдың күзінде Махамбет пен Досмағанбет Жайықтың шығыс бетінде Байбақты руының батырлары Жұмыр, Қылыш ауылдарына келіп, қысты осында өткізеді. Жоғарыда айтып өткеніміздей жау қолына түскен Жақияны 7 жыл күткен оның әйелі Нәсіпханды ауыл, ақсақалдары әмеңгерлік дәстүрмен қайнысы Досмағанбетке атастырған. Ол шамамен1845 жылдар және бұл кезде Досмағанбет 21 жаста. Олай болса, ол 1824 жылдар шамасында туған болып шығады.

Енді Досмағанбеттен тараған ұрпақтарға тоқталайық:
ДОСМАҒАНБЕТТЕН — Қодар, Садық, Қали және әмеңгерлік дәстүрмен үйленген Батырбекқызы Нәсіпханнан(Себек — Беріш)туған Жүніс.
ҚОДАРДАН — Текен, Бабас,Қожас, Ақас.

ТЕКЕН ҚОДАРҰЛЫ (1893-1948жылдар) қазіргі Исатай ауданына қарасты Забурын елді мекенінде дүниеге келген. Ол 30- жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің құрбаны. Текен 1937 жылы тұтқынға алынар қарсаңда Балықшыдағы Новолицевой балық батағасында қызмет жасаған. 1937 жылдың 30-желтоқсанында Батыс Қазақстан облысының ҰХҚ басқармасының "Үштігі" РСФСР Қылмыстық кодексі 58-бабының 10 және 11 тармақтары бойынша Текен Қодаровты 10 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған.

Текен айдаудан елге қайтып оралмай Нижний Новгород қаласында қайтыс болған.Гурьев облыстық сотының 1988 жылғы 19 желтоқсанындағы қаулысымен Текен Қодаровтың іс – қимылында ешқандай қылмыстық әрекеттің жоқтығы анықталып, ол толықтай ақталды.

ТЕКЕННЕН — Самиғолла, Шайдолла, Әмина, Самиғолла Ұлы Отан соғысында қаза тапқан.

ШАЙДОЛЛАДАН — Ғазиз, Балым, Орынбасар, Алтай, Алтынай, Елтай, Болат, Гүлкенже, Шайдолла балық өнеркәсібі саласында ұзақ жылдар есепшілік қызметте болған.
ҒАЗИЗДЕН — Гүлбаршын, Руслан, Динара, Ғазиз Қодаров- Атырау педагогикалық институтының биология факультетін бітіріп, ұзақ жылдар бойы мектептерде жас ұрпақтарға білім мен тәрбие беру ісіне белсенді үлес қосып келеді. Біз Ғ. Қодаровқа Досмағанбеттен тараған ұрпақтар туралы берген мәліметтері үшін шын көңілден ризашылығымызды білдіреміз.
ГҮЛБАРШЫННАН-Манас.
РУСЛАННАН- Рулан.(7-ұрпақ)
БАЛЫМНАН- Ақмарал, Сандуғаш, Қарлығаш.
ОРЫНБАСАРДАН — Аслан, Айнұр, Алмат, Азамат.
АЛТАЙДАН — Мейрамгүл, Болатбек.
АЛТЫНАЙДАН — Жанболат, Талғат, Қанат.
ЕЛТАЙДАН — Жасұлан, Аманқос, Аманжол, Аманкелді.
БОЛАТТАН — Құралай, Әлпия, Серік.
ӘМИНАДАН — Люда, Марат, Әмина ұзақ жылдар сауда жүйесінде қызмет еткен.
БАБАСТАН — Қамидолла, Қаймолда, Ләпи(Ләтиполла).
ҚАЙМОЛДАДАН — Жұлдыз, Серік.
ЛӘПИДЕН — Марат, Клара.
МАРАТТАН — Балауса, Гүлзада.
КЛАРАДАН — Света, Армангүл, Даулеш.

Қожас Қодаров 1900 жылы қазіргі Исатай ауданы аумағындағы Забурын елді мекенінде туған. Сол маңайдағы балық батағасында орыс балаларымен бірге өскен. Астрахань қаласында оқыған. Гурьев уезіне қарасты балық батағаларында (Прорва, Забурын және т.б.) басшылық қызметте болған.1934 жылы паромда суға кеткен адамдарға байланысты іс қозғалып,1,5 жылдай түрмеде отырған. 1935–37 жылдарда Балықшыдағы Новолицевой балық- консерв комбинатында сапа жөніндегі мемлекеттік инспектор қызметін атқарған. 1937 жылы Қожас Қодаров «халық жауы» деген жалған жаламен түрмеге қамалған. Ішкі істер халық комиссариаты Батыс Қазақстан Басқармасы «Үштігінің«1937 жылғы 30 желтоқсан күнгі мәжілісінде Қ. Қодаровты РСФСР Қылмыстық Кодексінің 19.58/8 және 58/10 баптары бойынша қылмысты деп тауып, оған ату жазасы белгіленген.1938 жылдың 2 қаңтары күні үкім орындалған.

Тек 50 жылдан кейін,1988 жылдың 19 желтоқсан күнгі Гурьев облыстық соты Төралқасының № 44 у (137) 88 қаулысымен Қ. Қодаров айыпты емес деп табылып, оның ісі өндірістен қысқартылды.

КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының «1920–1950 жылдардағы саяси қуғын — сүргін құрбандары болғандардың барлық құқықтарын орнына келтіру " туралы 1990 жылғы 13 тамыздағы Жарлығының 1-бабы негізінде Қ.Қодаров толықтай, ақталды.

ҚОЖАС ҚОДАРОВ Айым есімді қызға үйленіп, ол екеуінен — Зидеш,Әнош атты 2 ұл және Нәзира атты қыз дүниеге келген.
ЗИДЕШТЕН — Ағиіс, Гүлнәсіп, Мұрат, Гүлшара, Бекболат, Ерболат, Нұрболат, Анар.
АҒИІСТЕН — Гүлжан, Шынар, Әсел, Дастан, Ильяс.
ГҮЛНӘСІПТЕН — Айшара.
МҰРАТТАН — Илан, Ақмарал, Ұлмекен, Батырбек.
БЕКБОЛАТТАН — Райхан, Алпан, Гүлжеміс.
ЕРБОЛАТТАН — Жұлдыз, Айдос, Мансұр.
НҰРБОЛАТТАН — Оразбек, Ерасыл.
АНАРДАН — Ибрагим, Мәдина, Ескендір.
САДЫҚТАН — Мүмән, Ізмұқан.
МҮМӘННАН — Бекмұқан, Балмұқан, Рамиза, Зүлпат, Мәрия, Мәжит.
БЕКМҰҚАННАН — Ғаділбек.
ІЗМҰҚАННАН — Қазима, Бәтес, Қалжәміш.
БӘТЕСТЕН — Күләй, Саясат, Ләззат, Алма, Гүлнәр, Роза.
ҚАЛИДАН — Мақсот.
МАҚСОТТАН — Құлымбет.
ҚҰЛЫМБЕТТЕН- Гүлнәр, Жанар, Әнуар, Қуаныш, Қуандық.
ЖАНАРДАН — Нұрболат, Ботагөз.
ӘНУАРДАН — Диана.
ЖҮНІС — Досмағамбеттің әмеңгерлік жолымен аттастырылған жеңгесі (әскери соттың үкімімен жер аударылған, ағасы Жақия Исатайұлының әйелі) Нәсіпхан Батырбекқызынан (руы — Себек Беріш) туған.
ЖҮНІСТЕН — Мұқат.
МҰҚАТТАН — Дүйсембай (анасы, Ағиба Хасанқызы, руы — Жезбике Адай, Мыңтөбеден).
ДҮЙСЕНБАЙ — Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейінгі жылдарда Астрахань облысы, Володар ауданында балық шаруашылығында қызмет еткен. Руы — Сырлыбай Беріш (Есенғұл). Идият Рақымғалиқызына үйленген.
ДҮЙСЕНБАЙДАН — Марфуға, Мүбарак, Табарак, Сандуғаш және Салауат.


be7a668f5871729c170a2280384d6bb7.jpg

МАРФУҒА ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ — 1939 жылы 29 тамызда Астрахань облысы, Володар ауданындағы Сорочье селосында дүниеге келді. 1956 — жылы Володар орта мектебін бітіргеннен кейін Володардағы балық комбинатына қызметке орналасады. Сол комбинаттың жолдамасымен 1962 — жылы Астраханьдағы Балық шаруашылығы техникалық институтына оқуға түсіп, оны 1967 — жылы бітіріп шығады. 1967 — 1974 — жылдары Володар балық комбинатында мастер, цех бастығының орынбасары, цех бастығы қызметтерін атқарады. 1974 — 1977 — жылдары Астрахань Балық шаруашылығы техникалық институтында аспирантурада оқиды. 1977 — 1980 — жылдарда «КаспРыба» ЦПКТБ-де жетекші инженер, сектор меңгерушісі болып қызмет істейді. 1979 — жылы техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне диссертация қорғайды. 1980 — 1995 — жылдары Мурманск қаласындағы Балық шаруашылығы мемлекеттік Академиясында «Балық өнімдері технологиясы» кафедрасының меңгерушісі, технология факультетінің деканы, профессор қызметтерін атқарады. 1994 — жылы техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайды. 1995 — жылдан бері Астрахань қаласындағы мемлекеттік Балық шаруашылығы техникалық университетінің «Товарлар сараптамасы мен технологиясы» кафедрасының профессоры болып қызмет атқарады. РФ инженерлік Академиясының кеңесшісі, РФ балық шаруашылығына еңбегі сіңген қызметкер, Халықаралық Суықтық Академиясының академигі. 135 ғылыми еңбектің (патент, мақалалар, оқу құралдары мен әдістемелік талдаулар), соның ішінде 5 монографияның авторы. Професоор М.Д.Мұқатованың ғылыми жетекшілігімен 3 кандидаттық диссертация қорғалған. Марфуға Дүйсенбайқызы Бүкілроссиялық балық шаруашылығы және океанография ғылыми-зерттеу институтындағы ФГУП ғылыми докторлық кеңесінің мүшесі.

МҮБАРАК ДҮЙСЕНБАЙҰЛЫ — 1947 жылы туған. Білімі жоғары — инженер — электрик. Нариманов қаласының мэрі қызметін атқарған. Қазір «Баролетти» сауда фирмасы Бас директорының орынбасары. Зайыбы — Лидия Михаиловнамен Нариманов қаласында тұрады.
МҮБАРАКТАН — Юлия, Дмитрий.
ЮЛИЯДАН — Михаил, Полина.
ТАБАРАК ДҮЙСЕНБАЙҰЛЫ — 1950 — жылы туған. Білімі жоғары -инжнер- механик. СОКП Орталық Комитеті жанындағы қоғамдық ғылымдар Академиясын бітірген. Философия ғылымдарының кандидаты. Астрахань облысы губернаторының (А. С. Гужвин кезінде) орынбасары, Астрахань облысы транспорт, автомобиль жолдары және коммуналдық шаруашылық министрі қызметін атқарған. Қазіргі уақытта колледж директоры.
ТАБАРАКТАН — Андрей, Вячеслав.
АНДРЕЙДЕН — Роман (ҮІІ — ұрпақ).
ВЯЧЕСЛАВТАН — Мирослав(VII-ұрпақ)
АМАНКЕЛДІ ДҮЙСЕНБАЙҰЛЫ — 1953 — жылы туған. Володарда тұрады. ПМК — 28 — де бригадир қызметін атқарады. Зайыбы — Нина Леонидовна.
АМАНКЕЛДІДЕН — Нэла.
НЭЛАДАН — Тимур, София.

САНДУҒАШ ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ — 1955 жылы туған. Володар аудандық балалар шығармашылығы үйінің директоры болып істейді.

САНДУҒАШТАН — Әсел, Санжар.
САЛАУАТ ДҮЙСЕМБАЙҰЛЫ — 1958 жылы туған. Володар ауданы, Марфино селосында паром бастығы қызметін атқарады. Козлово селосында тұрады. Зайыбы — Әмина Темірәліқызы.
САЛАУАТТАН — Әмір, Аделина.
ӘМІРДЕН — Артур, Раил, Таир (ҮІІ — ұрпақ).

ДІНБАЯН ИСАТАЙҰЛЫ
ДІНБАЯН (ДҮМБИЯН) ИСАТАЙҰЛЫ 1837 жылдың желтоқсан айында патша әскерінің қолына түскендігін жоғарыда айтқанбыз. Жазалаушылар Жақияны Орал қаласына түрмеге айдаса, Дінбаян мен оның шешесі Несібеліні Бөкей хандығына — Жәңгірге жіберген. Себебі сол кездегі заңдылық бойыша жасы 12- ге толмағандар ешқандай жазалауға жатпаған. Осылайша кішкентай Дінбаян жазалауға ілікпей аман қалады.

ДІНБАЯННАН — Өтепқали, Түсіпәлі, Сыралы, Қарес, Қарелі деген ұл балалар және Нәшін атты қыз тарайды. Атырау облысында тұратын батыр бабаның ұрпақтарының айтуынша — Дінбаянның бәйбішесінен туған — жалғыз Өтепқали

ӨТЕПҚАЛИ ДІНБАЯНҰЛЫ (1846 -1928 жылдар) — 1836- 1838 жылдарда Бөкей хандығы мен Кіші жүздің батыс бөлігін қамтыған қазақтардың халық -азаттық көтерілісінің басшысы Исатай Тайманұлының немересі. Өтепқалидың жас кезінде оның анасы қайтыс болып, ол үлкен қиыншылықпен өседі. Бұл туралы Исатай бекетінің тұрғыны Исатай Тайманұлының шөбересі Құрман Таңқашев өзінің анасы Нәбиядан естіген әңгімесін былайша айтады: Бір күні Дінбаянның аулына оның Орда жаққа тұрмысқа шыққан қарындасы Дүлзада төркіндеп келеді. Дүлзада Дінбаянның екінші әйелінің Өтепқалиға деген қамқорлығының аз екендігін байқайды да, Өтепқалиды өзімен бірге алып кетуді ойлайды. Оның реті-де келіп қалады. Дінбаян қарындасына ауылға қайтарда құлынды бие мінгізеді. Сол құлынды биеге Өтепқалиды отырғызып, Дүлзада ауылына қайтады. Дүлзаданың ауылында Өтепқали біраз уақыт үй шаруасымен шұғылданып жүріп қалады. Сондай күндердің бірінде кішкентай Өтепқали ұшты — күйлі жоқ болып шығады. Баланың қашып кеткенін білген Дүлзаданың ауылы қатты абыржиды. Оның үстіне дәл сол күні ауа райы да қапырық, ыстық болады. Баланы іздеушілерге, ақсақалдар " ауылдан қашығырақ шығып із кесіңдер»,-деп, ақыл айтады. Шындығында да із кесіп қараса, бала әуелде өзінің келген жағына қарай жаяу кетіп бара жатыр екен. Іздеушілер оны атпен қуып жетіп " қайда кетіп бара жатырсың " деп сұрайды. Сонда бала:" өзімнің еліме кетіп бара жатырмын. Себебі мен мұнда оқу оқимын ба деп келіп едім. Бірақ ешқандай оқу жоқ, тек үйдің жұмысын атқарып жүрмін, өз ауылымда да от бар жағатын, тезек бар теретін»,-дейді.

Баланың алдындағы өзінің қателігін түсінген апасы Өтепқалиды тездетіп оқуға береді. Ол осы жерде бастаған оқуын Ордада аяқтайды. Өтепқали 8 жыл оқып, оқуын бітірген соң, нағашысы Бегалының ауылына келеді. Бегалы оны писарьлық (хатшылық) қызметке орналастырады. Өзінің зеректігі мен алғырлығының арқасында Өтепқали кейін старшиналық қызмет атқару дәрежесіне дейін көтеріледі.Осылайша апасы Дүлзада мен нағашысы Бегалының қамқорлығы арқасында Өтепқали еліне қадірлі азамат болған екен.

Исатай батырдың шөберелерінің бірі-Құрмет Шамақов та өзі көзімен көрген Өтепқали Дінбаянұлын былайша еске алады:" Атамыз аса тәрбиелі, білікті, мәдиенетті адам болды. Орта бойлы, ақсары, толықша келген ажарлы жан еді. Мені ылғи қасына шақыртатын, тізесіне шынтақтатып қойып, қойдың құлағын ұстанатын. 8 қанат киіз үйі болды. Өзі ылғи, ағаш төсекте жататын. Сыршылдау, талғампаздау жан болса керек, кейінірек шай құюға келіндерінің ішінен менің анам Дәмеліні ғана шақыртатын».

Өтепқали Дінбаянұлы Исатаев ұзақ жылдар 1-Примор (Теңіз) округіне қарасты № 15 болыстың старшинасы қызметін атқарды.

1916- жылғы 25 маусымдағы Ресей патшасының қазақтарды майданға қара жұмысқа алу туралы жарлығын орындауға қарсылық Каспий теңізінің солтүстік жағалауын мекендеген қазақтар арасында да болды. Осы аумақтағы бұл қозғалысты бұрынғы старшина Өтепқали Дінбаянұлы басқарды.

Патшаның 1916 жылғы маусым жарлығын орындау үшін округ басқарушысы Қ.Құрманбаев өзіне бағынышты старшиналарды жинап алып, майдандағы қара жұмысқа баруға тиісті жігіттердің тізімін жасауға бұйрық береді. Тізім жасау кезінде парақорлық кең етек алады. Соның нәтижесінде тізімге бай-феодалдардың балалары ілікпейді. Мұндай әділетсіздікті көрген қазақ жігіттерінің ыза-кектері өршіп, қалай да тізімді қолға түсіруге әрекет жасайды. Ақырында тізімді қолға түсіріп, өртеп жібереді.

1-Теңіз округіндегі бойлары ызаға толы қазақтардың басын біріктіріп, ұйымдастырушы, жоғарыда айтылғандай, Өтепқали Исатаев болды. Ол туралы Қазақстанның белгілі мемлекет қайраткері Сейтқали Меңдешев Орал қаласынан шығатын «Екпінді құрылыс» газетінің 1938 жылғы 18 маусым күнгі санында былай деп жазған: «1916 жылы Нарын құмында июль айында болған қазақ халқының қарулы көтерілісін батыр Исатай Таймановтың Дінбаян деген баласынан туған немересі Өтепқали Исатаев басқарған».

Осы жерде айта кететін бір жай-академик Қ.Жұмалиевтің Алматыдан 1969 жылы шыққан " Жайсаң жандар " атты естеліктер жинағында патша жарлығы шыққаннан кейін көп кешікпей Өтепқалидың Жаңақалаға барып С.Меңдешевпен кездескені және олардың осы жарлықты орындау не орындамау мәселесі туралы пікірлескені айтылады. С.Меңдешев пен Ө.Исатаевтың кейінгі іс-әрекеттеріне қарағанда, олардың қазақтарды қара жұмысқа жібермеу жөнінде шешім қабылдағанын байқауға болады.

Өтепқали сол жылы 1- Теңіз округіне қарасты «Ақай» деген жерде отырады. Патша жарлығын орындаудан бас тартқан 2 мыңға жуық қазақ жігіттері Өтепқалидың айналасына жиналады. 500-ден аса қара мылтықпен, найзамен, сойылмен қаруланған жігіттер қандай ма болмасын өздеріне жасалатын шабуылды тойтаруға сақадай сай болды. Ал Астраханьнан қазақтарды қара жұмысқа тиеп әкетуге келген пароход бірнеше күн тұрып, ақыр соңында бос қайтады. Қазақ жігіттерінің осыншама дәрежеде қарсылық көрсетуі жергілікті әкімшілікті қатты абыржытады. Правитель Қ.Құрманбаевтың старшиналарды жинап алып, Өтепқалимен «татуласпақ" болған әрекетінен ештеңе шықпайды. Осыдан кейін правитель айлаға көшеді. Әуелі Астрахань губерниясына арнаулы шабарман жіберіп, жағдайды хабарлайды, ал елге, ақ патша жігіттерді майданға алмайтын болды деген жалған лақап таратады. Жарлыққа сеніп, қуанған ел той-садақаларын беріп, жасақталған сарбаздар ыдырап, Нарын құмындағы үйді-үйлеріне тарап кетеді. Шындығында, мұның бәрі көтерілісті басып, елді тыныштандыру жолындағы айла болатын. Осыдан кейін көп кешікпей Астрахань генерал-губернаторының жарлығымен Краснояр уезінің исправителі А.Хлынов бастаған жазалаушы отряд 1-округке келіп, көтеріліс басшысы- 70 жастағы Өтепқали Исатаевты, оның туысы Едіге Нарынбаевты, 71 жастағы Боранбай Жантаевты, 67 жастағы Ескендір Төленбаевты, 62 жастағы Нұрғали Қантаевты, 55 жастағы Өтеген Саппаевты және 53 жастағы Мұқаш Мәутеновты (Жарқаев -А.Ш.) және Құсайын Дүтбаевты ұстап, Астрахань түрмесіне апарып қамайды. Уақиғаның мән-жайын түсінуде Астрахань мемлекеттік архивіндегі мына құжаттың көмегі зор. Сондықтан да оны толықтай келтірейік: „Қаулы“. 1916 жылғы июльдің 25-і күні — мен, Красноярь уездік исправителі, Астраханьның губернатор мырзасының Теңіз маңындағы 1 және 2- округтер бойынша киргиздардан (қазақтардан) 19 бен 31 жас аралығындағыларды майдандағы армияның тылындағы жұмысқа алу жөніндегі өкілі Хлынов, осы жылғы июльдің 2-де1-округ ауданына келдім және жергілікті әкімдер арқылы осы жайындағы жоғары мәртебелі жарлықты жария еттім.

1-округтің 15-ші болысының киргизі Өтепқали Исатаев, 70 жаста, князь Юсуповтың жерінде, Красноярь уезінде тұрады, орысша жақсы сауатты, қазақтар арсында беделді, оның сөзі бүкіл қауым үшін заң іспетті, оның беделінің тағы бір ерекше белгісі- атасы Исатай Тайманов осыдан 100 жыл бұрын бүкіл қазақ ордасын көтеріліске бастаған. Өтепқали қазақтарды тыл жұмысына алу туралы естісімен өзіне, ақыл сұрап келген қазақтарға бір нәрсені желеу етіп жиналып, екі сиыр сойып, ас үстінде кеңес өткізген, ең бастысы қазақтарды әскерге бермеу, тыл жұмысына бармау, одан да осы жерде өлу қажеттігі туралы, ақыл қосқан. Оған қоса ол қазақтарды жинауға Германиядағы екі қаланың күйреуімен келісім жасау фактісін желеу ету керектігін айтқан. Соның салдарынан Исатаевтың ақылына ерген қазақтар бүгінде тұтқынға отырған Нарынбаев үстіміздегі июльдің 14–16 да қазақтардың бірнеше тобын ұйымдастырып, қалыптасқан жағдайды талқылаған және әскерге адам бермеуге, тыл жұмысына бармау, тиісті әкімдерге қайткенде-де қарсылық жасау үстінде жанын қиюға ұйғарған. Осы жағдайға орай және күшейтілген күзет ережесінің 21-ші статьясы негізінде қаулы етемін: Ішкі қазақ ордасы 1-округінің 15-ші болысының қазағы 70 жастағы Өтепқали Исатаев мемлекеттік қылмыстың алдын алу және болдырмау мақсатымен Астрахань, Губернаторы мырзасының қарамағына жіберілсін. Бұл қаулы да сонда тапсырылсын. Осының көшірмесі Астрахань губерниялық жандарм басқармасының бастығына, Астрахань округтік сотына және оның учаскелік өкіліне хабарлансын. Красноярь уезінің исправителі, қазақтарды тыл жұмысына алу жөніндегі өкіл А.Хлынов. Бұл қаулы Исатаевқа хабарланған…»

Москвадағы Қазан революциясы орталық мемлекеттік архивіндегі бір құжатта осы уақиғаға байланысты былай деп жазылған: «20- шілдеде киргиздар (қазақтар -Ш.А.) арасында хал — жағдай қауіпті болды, ал 4 — тамызда олардың арандатушылары мен үгіттеушілері тұтқынға алынды».

Осылайша Өтепқали Исатаев өзінің 6 серігімен және көтерілісшілердің арасында болған Қазан университетінің медицина факультетін бітірген дәрігер Махмұт Шолтыровпен бірге Астрахань түрмесінде 8 ай жатады. Олар жатқан камераға губернатордың жарлығымен Сейтқали Меңдешев және Нұғман Залиев те қамалады. Оларға сонда мал дәрігері болып, істейтін социал — демократ Мұстафа Көкебаев жасырын келіп, тамақ әкеліп беріп тұрады. Ал 1-округ әкімшлігі ауылдарына тарап кеткен жігіттерді бір-бірлеп жинастырып, майданға еріксіз аттандырады. Мысалы, Намазғали Жанғалиев, Қапан Рақышев, Өтепқалидың балалары Құбайдолла мен Ибрагим және басқалар Украина арқылы Румынияда, Австрияда қара жұмыста болып кейін елге оралады. Ал Өтепқали бастаған топ тек 1917 жылы, Ақпан революциясы жеңіп, Романовтар әулеті тақтан құлағаннан кейін ғана түрмеден босатылады. Осылайша, патша өкіметінің қазақтарды кемсітушілігіне, ал жергілікті әкімшіліктің әділетсіздігіне қарсы көтерілген батыр Исатай Таймановтың немересі Өтепқали Дінбаянұлы бастаған ұлт -азаттық қозғалыс Қазақстанның басқа жерлеріндегі сияқты жеңіліске ұшырады. Бірақ бұл қозғалыстың зор тарихи маңызы болды. 200 жылға жуық сөзсіз бағынышты болған қазақ шаруалары 1916 жылы ашық түрде патшаның жарлығын орындаудан бас тартты және әділетсіздіке қарсы қолдарына қару алды. Ашынған қалың бұқара өздерінің азаттығын қолдарына қару алып қорғауға белдерін бекем буды…Өтепқали дәулетті адам еді, сондықтан да 1928 жылы ол кәмпескеге ұшыраған.Өтепқали жоғары орындарға өзінің патшаға қарсы көтеріліс бастап, Астарахань түрмесіне отырғандығын жазып, мал-мүлкінің біразын кері қайтарып алады. Өзі жер ауудан, балалары қудаланудан аман қалады.

Өтепқали 1928 жылы қайтыс болған. Оның және әйелі Бәтиманың зираттары Исатай ауданына қарасты Мыңтөбе тауының оңтүстік етегіндегі Жақсылық қауымында. Атырау қаласында, Аққыстау селосында Өтепқали Дінбаянұлы атындағы көшелер бар.

ӨТЕПҚАЛИДАН -Үмәй, Сәлен, Құбайдолла, Ибрагим, Хамза, Қишекен атты ер балалар, Райхан, Бану атты қыздар тарайды.
РАЙХАННАН — Қабдырахман, Махмут, Машут, Ғилыман (атақты домбырашы-Ғилыман Қайрошев)және Самат.
ҮМӘЙ бозбала кезінде қайтыс болған. Кәріқұлақ қариялардың айтуынша Үмәй үйленем деп жүрген Күлмәй деген қызды ол қайтыс болғаннан кейін Өтепқалидың екінші баласы Сәленге атастырған. Сәленнің екінші әйелінің аты -Гүлсім.
СӘЛЕННЕН — Карим, Әдам, Қабдол атты ұлдар және Гүлза, Гүлсағида, Факиза, Тоты атты қыздар тарайды.
ГҮЛЗАДАН — Шайзада, Мінауара, Асылбек, Аманолла.
ГҮЛСАҒИДАДАН- Мүзли, Әминолла (Атырау облысына белгілі күйші- Әминолла Бекешев).
ФАКИЗАДАН — Мирас.
ӘДАМНАН — Уалитхан, Мәжит, Салауат.
МӘЖИТТЕН- Валерий, Вера.
САЛАУАТТАН- Сәлімгерей, Зәуреш, Сақыпжамал
СӘЛІМГЕРЕЙДЕН — Рафаэль, Райгүл, Рыспай, Еркебұлан, Айымгүл (7-ұрпақ) .
РАФАЭЛЬДЕН — Айжан, Гүлфиза, Зарина, Шырын(8 ұрпақ)
РАЙГҮЛДЕН -Бота, Нұрәлі
РЫСПАЙДАН -Дәулет, Арайлым(8 ұрпақ)
ЕРКЕБҰЛАННАН — Ариана (8 ұрпақ)
ЗӘУРЕШТЕН -Элеонора, Мұратбек, Жанар, Анаргүл, Данагүл, Айжан.
САҚЫПЖАМАЛДАН- Шынар, Гүлназ, Алмара, Динара, Аршат, Аршагүл.
ҚАБДОЛДАН — Минаш, Мұқтар. Қабдол Сәленов-Ұлы Отан соғысының ардагері, соғыста көрсеткен ерліктері үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен және медальдармен наградталған.
ТОТЫДАН — Хикаят, Өсиет, Жедел. Тоты Сәленқызының күйеуі- Атырау өлкесіне белгілі, ақын Насихат Сүгірұлы. Ол 30-жылдардағы саяси қуғын-сүргін кезінде жазықсыз атылған.

ҚҰБАЙДОЛЛА ӨТЕПҚАЛИҰЛЫ 1884 жылы қыркүйек айында бұрынғы Мыңтөбе ауылдық кеңесі (қазіргі Исатай ауданында) аумағында туған. Жас кезінде орысша, мұсылманша оқып білім алған. Ол жастайынан-ақ жүрдек ат мініп, жүйрік тазы ұстаған, ән салып, домбыра тартқан сері жігіт болып өскен.Әкесі Дінбаян Өтепқалиұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліске белсене қатынасып, жаурынынан жарақат та алған. Көтерілісте жеңіліп Өтепқали және басқалары Астрахань түрмесіне қамалған кезде патша өкіметінің жазалаушы әскерлері Құбайдолланы інісі Ибрагиммен қоса майданға қара жұмысқа еріксіз әкеткен. Екеуі 1916–1917 жылдары Румыния, Австро-Венгрияға дейін жетіп, қара жұмыста болған. Патша тақтан құлағаннан кейін елге аман-сау оралған.

20-жылдардың соңы мен 30-жылдардың басында Құбайдолла елді ұжымдастыру ісіне белсене араласады. 30-жылдардың басынан бастап, үкіметтің солақай саясатының құрбандығына айналады, қудалауға түсіп, түрмеге жабылады. Құбайдолла бетің бар, жүзің бар демей тіке айтатын, бірбеткей адам болған. Осы мінезімен-де ол кейбіреулерге жақпаған болу керек.

Гурьев қаласындағы архив мекемесінде істеп жүрген Құбайдолла 1937 жылдың 21 қазан күні екінші рет ұсталып, түрмеге қамалады. Оған басқаның еңбегін қанаған кулак, Кеңес өкіметіне колхоздастыруға қарсы үгіт-насихат жүргізді, жергілікті халық арасында Тухачевский бандасын және басқа да националфашистерді мадақтап үгіт жүргізді деген неше түрлі жалған айыптар тағылады.Ішкі істер халық комиссариаты Батыс Қазақстан облыстық басқармасының Айрықша үштігі 1937 жылғы 22 қарашада Құбайдолла Исатаевқа және басқа да 7 адамға РСФСР Қылмыстық істер кодексінің 58-бабының 10–11 тармақтары негізінде ату жазасына үкім шығарады. Гурьев қаласындағы түрмеде бұл үкім 1937 жылдың 28 қарашасы күні орындалады.

Тек осы уақиғадан 27 жыл өткен соң 1964 жылы 20 қазан күні Гурьев облыстық сот төралқасы кезінде жазықсыз жазаланған Құбайдолла Өтепқалиұлы Исатаевтың ісін қайта қарап, оны толықтай, ақтады.

ҚҰБАЙДОЛЛАДАН -Әмина, Мүсілима, Зинет деген қыздар және Зұлпықар атты ұл тарайды.
ӘМИНАДАН- Жақсылық, Қуандық.

a15f81af20aef5aaeb2f5e057ee65d65.jpg

МҮСІЛИМА ҚҰБАЙДОЛЛАҚЫЗЫ- 1917 жылы ата қоныстары Мыңтөбе тауы маңында дүниеге келген. Анасының есімі -Қадиша. Ол 30- жылдардың бірінші жартысында ата — анасымен Астрахань облысында тұрған. Сол жақта мұғалім Өтеміс Ізболовқа тұрмысқа шыққан. Күйеуінің жұмыс жағдайымен 1936 жылы Гурьев облысына көшіп келіп 8 — ауылда, Индерде, Кулагинода, Гурьев қаласында тұрған. Қазақстанның бұқара халқы, әсіресе зиялы қауым саяси қуғын -сүргінге ұшыраған кезде Мүсілиманың күйеуі-де 1938 жылы жазықсыз 10 жылға сотталған. Қаншама қиындықты бастан кешірсе-де, Мүсілима күйеуі айдаудан қайтып оралғанша (1948) балаларын амансау тәрбиелеп өсірді. Ұзақ жылдардан бері Мүсілима Махамбет селосында тұрады.

МҮСІЛИМАДАН- Айдын, Сара, Мұқажан, Махамбет, Фархат.

ЗИНЕТТЕН- Мүбарак, Қарлығаш, Қалима, Нұржамал. Әкесі Құбайдолла «халық жауы " деп түрмеге жабылған кезде небәрі 10 жастағы Зинет өмірдің үлкен тауқыметін көріп өседі.Жұмыскер селосында тұратын Исатай Тайманұлының Досмағамбет атты баласының немересі Қодаров Қожастың зайыбы Әйімнің айтуынша «Құбайдолла 1937жылы өзінің ұсталу қаупін сезгеннен кейін маған келіп, мен олай — бұлай бола кетсем, мына кішкентай Зинет саған аманат,-деп еді.Сондықтан да әкесі түрмеде болған кезде және ол атылғаннан кейін де Зинет біраз жыл біздің үйде болып еді,-дейді. Зинет кейін ержетіп, тұрмысқа шығып, ұзақ жылдар Гурьев (Атырау) қаласында тұрып, осында баласы Мүбәрактың қолында қайтыс болады. Ал оның баласы Мүбәракқа келетін болсақ, ол — көп оқыған білімді азамат, нағашылары Өтепқалидың ұрпақтары туралы біраз мәліметтер жинаған. Осы шежіренің жазылуына да оның зор үлес қосқандығын ризашылық сезіммен айтқымыз келеді.

ЗҰЛПЫҚАРДАН- Ақлима, Гүлбаһрам, Ғалия, Әділбек, Нұрлыбек. Зұлпықар әкесі Құбайдолла жалған жаламен түрмеге жабылған кезде небәрі 12 жаста болған. Әкесі «халық жауы» атанған Зұлпықарға да оңай болмаған. Ол біраз уақыт Теңіз (қазіргі Құрманғазы) ауданына қарасты Кобяково селосындағы балалар үйінде тәрбиеленген. Ұлы Отан соғысының қаһарлы жылдарында балалар үйінде тәрбиенушілер жақын колхоздарға барып, колхозшыларға көмектескен кезде Зұлпықар да көрші «Коминтерн» колхозына барып еңбек еткен. «Сиыр бақтық, шығыр айдадық, шөмеле салдық. Балық аулап, соғысқа кеткендердің жанұясына да көмектестік. Не керек, қандай жұмыс болса да бас тартқанымыз жоқ«деп,- жазады ол өз естелігінде. Соғыс аяқталғаннан кейін -1946 жылы Зұлпықар Гурьев қаласына келіп, токарьдың көмекшісі, токарь болып қызмет істейді. Ол 1949 жылы Жаманқалаға (Махамбетке) көшіп келіп, өмірінің соңына дейін осы жерде тұрды.
АҚЛИМАДАН- Серік, Тұрсынгүл.
ГҮЛБАҺРАМНАН- Баубек, Фариза, Раушан, Абат, Зәмзәм.
ҒАЛИЯДАН- Сағынтай, Алтай, Қуаныш, Айнаерке.
ӘДІЛБЕКТЕН — Амандық.
НҰРЛЫБЕКТЕН-Арман, Арайлым.
ИБРАГИМ Өтепқалиұлы 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығына сәйкес 1-дүниежүзілік соғыс жүріп жатқан кезде майданға (Румыния, Австро -Венгрия аумағында) қара жұмысқа алынып, одан 1917 жылы елге аман-есен оралған.Ұрпақтарының айтуына қарағанда Ибрагим өзі өмір сүрген заманға сай білімді адам болған. Алайда 30- жылдардың бас кезіндегі елдегі саяси қуғын-сүргіннің дүмпуі Ибрагимге-де тиген. Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер Шәмшеден Шәріповтың айтуынша Ибрагим 1930 жылы Астрахань облысындағы Краснояр селосындағы түрмеде жатқан жерінде әйелі Әнипаш оған үйден Исатайдың алтыннан соққан суретін, әкеліп береді. Осылардың көмегімен Ибрагим тәркілеуден-де, жер ауудан да аман қалады.
ИБРАГИМНЕН — Маймуна, Бақытжан, Мүтақас, Фариза, Махметжан, Зура, Наурызақан, Ғалымжан.
МАЙМУНА ИБРАГИМҚЫЗЫ 1918 жылы Забурында туған. Астрахань қаласындағы педагогикалық техникумды бітіріп, мамандығы бойынша қызмет істеген. 1944 жылы Қалмақ қырына (Калмыкияға) көшіп, сол жақта 60- жылдардың аяқ кезіне дейін тұрған. 1970 жылы Кіші Ганюшкиноға көшіп келген. 1972 жылдан бері Ганюшкино станциясында тұрады.
МАЙМУНАДАН — Марат, Құрманғазы, Тұрақ, Рая.
БАҚЫТЖАННАН- Қаншайым.
МАХМЕТЖАННАН- Света, Ерназар, Елтай, Сәуле, Ерсұлтан, Нұрсұлтан, Ақмарал.
СВЕТАДАН- Қуандық, Арайлым
ЕРНАЗАРДАН- Ерқанат, Салтанат.
ЕЛТАЙДАН- Азамат, Гүлжиһан.
НҰРСҰЛТАННАН- Арайлым, Балқиял, Нұржігіт.
ЗУРАДАН- Тойдық, Күләш, Лайық, Бибігүл, Уалихан, Елемес.
ХАМЗАДАН- Уақит, Сайдол, Зинор деген ер балалар және Қанымзия, Зүмрет, Нәй, Тайра атты қыздар тарайды.
ҚАНЫМЗИЯДАН- Карим, Ислам, Ғалия.
УАҚИТТАН- Шапхат, Нұрыш, Тұхпат, Шоқан, Оқиза, Маруся, Ақкенже, Қуантай.
ШАПХАТТАН- Ардақ, Асхат, Гүлдана, Аслан, Динара, Эльмира, Айдана, Кенжегүл.
АРДАҚТАН -Расул, Асылхан(7ұрпақ)
ГҮЛДАНАДАН-Есет.
АСЫЛАННАН -Нұрхат(7ұрпақ)
НҰРЫШТАН- Қайрат, Баян, Гүлнар, Самат, Есет, Әсет, Рашид, Фарида.
ТҰҚПАТТАН — Амантай, Айнұр, Римма, Тұрлыбек, Ақжан, Рита, Зита.
АМАНТАЙДАН -Мейрамбек.(7ұрпақ)
РИММАДАН -Данияр, Айдана
ТҰРЛЫБЕКТЕН- Эдуард.(7ұрпақ)
ШОҚАННАН- Асылбек, Алтынай, Нұрлыбек, Әйгерім, Мұқамбетжан.
ОҚИЗАДАН- Зәмира, Еркебұлан, Роллан, Дастан, Гүлден.
МАРУСЯДАН- Әзидолла, Салтанат, Марта.
АҚКЕНЖЕДЕН- Тұрарбек, Арайлым.
ҚУАНТАЙДАН- Ақкүн, Арманбек, Айбек, Назерке, Айсана, Аида.
ЗҮМІРЕТТЕН- Ғайнеш, Жамсап, Мүкарам, Шолпан, Төлеген, Жанар.
НӘЙДЕН- Жолдас.
ТАЙРАДАН- Ибатолла.
САЙДОЛДАН- Какима, Валя, Ұлбосын, Жаңылсын, Алмагүл, Берік, Серік, Жұмагүл. Валя Сайдолқызы Гурьев педагогика институтының физика-математика факультетін бітірген. Қазір Атырау қаласындағы Д.Байбосынов атындағы қалалық гимназияның мұғалімі.
ВАЛЯДАН- Әйгерім, Арайлым, Жұлдыз.
ЖАҢЫЛСЫННАН- Ақбөпе, Жадыра, Салтанат.
Амагүлден — Әнуарбек, Карина, Жасмин.
СЕРІКТЕН-Калима.
ЗИНОРДАН- Раиса, Талғат, Қайрат, Ильяс, Кенжебек, Бауыржан.
ТАЛҒАТТАН- Фатима, Әмина, Мұхаммат, Ибрагим, Абдулсаит.
ИЛЬЯСТАН-Айдана
КЕНЖЕБЕКТЕН-Ислам,Қадиша.
ҚИШЕКЕННЕН- Қабес, Мәриям, Сәуле.
ҚАБЕСТЕН- Жанат.
СӘУЛЕДЕН- Айгүл, Гүлжан, Бауыржан.
БАНУДЕН- Хұсни, Бәдел, Махуа, Асылбек, Жеңіс.
ТҮСІПӘЛІДЕН- Қаражан, Әсімхан.
СЫРАЛЫДАН- Жамиға, Қамеш, Мәдекен, Мәрия,Қажым, Бақыт.
ҚАМЕШТЕН- Жұмағыз, Меңдібай, Нәбидолла.
МЕҢДІБАЙДАН-Гүлден,Әзидолла, Сағидолла, Хамидолла.
ЖҰМАҒЫЗДАН-Гүлбаршын, Шолпан, Нұрберген, Тілекші, Бақытгүл,
Нұрбол, Аманжол.
НӘБИДОЛЛАДАН-Мұрат, Балауса.
МӘДЕКЕННЕН-Ермек.
ЖАМИҒАДАН-Қатима, Шайдолла, Какима, Зейнолла.
БАҚЫТТАН-Тілекқабыл, Байғабыл, Сәрсенбай, Лена, Лида, Болат,Қанат.
ҚАРЕСТЕН-Хұсни
ХҰСНИДЕН-Жұпар, Жаңылсын.
НӘШІННЕН- Мұхит, Батима.
ӘЛПИЯР ИСАТАЙҰЛЫ.
ӘЛПИЯР — Исатай Тайманұлының Несібелі атты кіші әйелінен 1838 жылы туған. Сұлтан Баймағамбет Айшуақовтың қуғыншылары 1837 жылғы желтоқсан айында Несібеліні ұстаған кезде ол осы Әлпиярға жүкті екен. Әлпияр Исатай қаза тапқаннан кейін көп кешікпей дүниеге келген.

Хан Жәңгірдің Исатайдың тумаларын қатал қудалауына байланысты Әлпияр нағашыларының қолында тәрбиеленген. Оның негізгі мекен еткен жерлері — Үштаған, Мыңтөбе маңайы. Әлпиярдың қайтыс болған жылы-1891. Зираты ’’ Орысбай’’ түбегінде.
ӘЛПИЯРДАН — Жұмақыз, Дина.
ЖҰМАҚЫЗДАН-Қайрекен.
ДИНАДАН- Қабдол.

f99cfe273d9d6e280e17773840eadb00.jpg

ДИНА ӘЛПИЯРҚЫЗЫ ИСАТАЕВА — 1890жылы туған. 1904 жылы Тоқсанаралдағы Алпан Құдайбергенов (кейін Қазақ ССР-не еңбегі сіңген мұғалім) мектебінде оқып орысша, қазақша білім алған. Бұл мектептің ерекшелігі сол — мұнда қазақ балаларын, оның ішінде қазақ қыздарын орыс тілінде оқыту басты назарда болған. Дина Қазан төңкерісінен кейін Каспий теңізінің солтүстігінде кеңес өкіметін нығайту жұмысына белсене араласып, Забурын ауылдық кеңесі төрағасының орынбасары болып істеген. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда қажырлы еңбектің үлгісін көрсеткен. Дина Әлпиярқызы ұзақ жылдар Балықшы ауданындағы Аманкелді атындағы колхозда немересі Ораздың қолында тұрып, 1980 жылы қайтыс болды.
ДҮЛЗАДА ИСАТАЙҚЫЗЫ.
Дүлзада Исатайқызы туралы деректер біздің қолымызда жоқ деп айтуға болады. Біздің білетініміз: Ол Орда жаққа Киік деген жігітке тұрмысқа шыққан. Өзінің туған жеріне төркіндеп келгенде, анасынан кішкентай шағында жетім қалған Өтепқалиды өзімен бірге ала кетіп, сол жақта бірнеше жыл орысша — қазақша оқытып, туған еліне қайтарған. Өтепқали болса, апасының сол еңбегін, ақтап, әуелі старшина болып ел басқарса, кейін қазақ халқын патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы қарулы күреске көтерді.

Шамғонов А., Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры

  • Аты
  • Исатай Тайманұлының ұрпақтары (Шежіре)
  • Қызмет саласы
  • Батырлар