«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » Есімнама » Еркін Нұржанұлы Әуелбековтың қызылордалық кезеңіндегі басқарушылық қызметі

Еркін Нұржанұлы Әуелбековтың қызылордалық кезеңіндегі басқарушылық қызметі

Еркін Нұржан ұлы Әуелбеков, ұлттық құндылықтарымыз бен мемлекетшілдік дәстүрлерімізді дамытуда үлгі-өнеге боларлық ірі тұлға, елінің, халқының мүддесіне қалтықсыз қызмет етудің жарқын үлгісі.

Қазақстанның ХХ ғасырдың соңғы ширегіндегі қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы тарихында ерекше орны бар тарихи тұлғалар аз емес, соның бірі-де бірегейі Еркін Нұржан ұлы Әуелбеков, ұлттық құндылықтарымыз бен мемлекетшілдік дәстүрлерімізді дамытуда үлгі-өнеге боларлық ірі тұлға, елінің, халқының мүддесіне қалтықсыз қызмет етудің жарқын үлгісі. Бұл турасында қызылдордалық Мұрат Мұхамедов, өзінің «Қайраткер» атты Егемен Қазақстан газетінде жарияланған мақаласында былай деп жазады: «Өлке тарихы мен оның мақтанышына айналған тұлғалардың өнегелі істерін оқып үйрену жастарға руханият пен патриоттық тәрбие берудің қажетті буыны болып та табылады. Десек те, өлке тарихы мен оның танымал тұлғаларын кейінгі ұрпаққа танытуда олқылықтар да аз емес. Оның бір себебі кеңестік мектеп жүйесінде қалыптасқан өлкетану үйірмелерінің қазіргі мектептердің көпшілігінде жүргізілмеуінен болса, екіншіден, қазіргі уақытта өлке тарихы мен одан шыққан тұлғалар туралы әдебиеттердің аздығы да себеп болуда, Сыр өңірінде басшылық қызметте болған, аймақтың әлеуметтік-экономи¬калық дамуы мен оның жетістіктеріне өзінің ұйымдастырушылық қабілеті мен жігері арқылы үлес қосқан тұлғалар туралы кейінгі ұрпақ көп біле бермейді» [1] Еркін Нұржанұлының туған жерінің өзінде Көкшетау өңірінде, оның орталығы Көкшетау қаласында да жастардың осынау тұлға туралы білгені шамалы деуге болады. Ол кісі туралы көбінесе, аға буын өкілдері ғана жарқын естеліктер сақтап отыр десек те болады. Дегенмен, Қазақстандағы кеңестік дәуір қайраткерлері ішінен дараланып тұратын, кезінде ел тұтқасын халқының адал перзенті ретінде ұстаған асыл азамат, жігерлі басшы Еркін Нұржанұлы болғандығын тұстастары мен замандастары, көз көрген қызметтестері бір ауыздан мойындайды. 1986 жылы желтоқсан оқиғасы кезінде белгілі қоғам мемлекет қайраткері Серікболсын Әбдилдин: Қазақстанды басқаруға лайықты азаматтар қатарында оның да есімі халық аузымен айтылды деген болатын. Азаматты өсіп — өндіретін оның туған топырағы, өскен ортасы. Көкшетау өңірінің даңқы Абылай Ордасы осы өлкеге ауысқан ХҮІІІ ғасырдың бірінші ширегіне бастап ерекше шығып, қазақ елінің саяси орталығының біріне айналғаны белгілі. Осы бір кең байтаққа жоңғар — қалмақтарының жаугершілігі кезінде Сыр мен Сарысудан қоныс аударып келген Арғынның Атығай — Қарауыл атасы кейіннен Абылай ханға тірек болған іргелі жұртқа айналып, ХҮІІІ — ХІХ ғғ — дағы қазақ хандығындағы саяси өмірге белсене араласқаны тарихи деректерден кеңінен мәлім.

Еркін Нұржанұлының шыққан тегіне, келсек, Атығайдың — ХҮІ ғ шамасында айтулы батыры болған Қалқас батыр тегінен, одан Құдайберді-Құлымбет, Көшқұлы — Ораз — Аманжол-Жәдік-Әуелбек-Нұржан-Еркін боп келеді. Демек Еркін Нұржанұлының өсіп өнген ортасы Ерке Есілдің алабы, Алакөлдің бауыры: Дүкең,Салпық, Тұяқ тауларының арасы. Бір кездері қарадан шығып хан болған, аға сұлтан Зілғараның, Ақан серіге жол ашып, қамқоршы болған Әлібек батырдың, одан әріде найзасының ұшы алтын Құдайберлі Жәпек Батырдың елі мен жері, Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау және Ғабит Мүсірепов аудандарының түйіскен жеріндегі Жаңасу ауылы. Көкшетау өңіріне белгілі Ленин орденді Ұстаз Нұржан Әуелбековтің шаңырағында дүниеге келген. Жастайынан осы үлкен шаңырақта мейман болған, әкесімен аралас болған елдің үлкен адамдарының өнегелі әңгімелерін, шежіре қарттардың Абылай, Кенесары олардың би — батырлары, ақын — жыраулары, Шоқан туралы тарихи, аңыздарын естіп ер жетті, бір жағынан кеңестік идеологиядағы мектепте тәрбиеленсе, екінші жағынан қазақы ортаның тәрбиелі ортасын да көріп ер жетті десек қателеспейміз. Ол кезеңдегі кеңестендірілген қазақ ауылы өзінің табиғи қалыбынан көп өзгермегенді, бұл Еркін Нұржан ұлының азаматтық тұлғасының қазақы рухта қалыптасуына зор әсер етті деуге болады. Солтүстік өңірдегі қазақ ауылдарының көпшілігі көбіне бір туысқан аталардан тарайтын, ағайындардан құралғандықтан әдетте шаңырақ саны елу жүз үйден аспады. Жаңасу бастауыш мектебінде алғашқы білім алған Еркін Нұржан ұлы іргедегі Шұқұркөл орталау мектебін аяқтап, одан аймақтық Сырымбеттегі қазақ орта мектебін үздік тамамдайды. Орысша сауатын жетілдіру мақсатында Айыртау ауданы орталығы — Саумалкөлдегі орыс орта мектебінде-де оқиды.

1948 ж Қазақстанның талапты жастарының санатында Мәскеуге Сол кездегі еліміздің ең таңдаулы ауылшаруашылық оқу орны Тимирязев академиясына түседі. 1948–53 ж.ж аралығында үздік бітіріп, туған еліне тың көтеру науқаны алдында ғана 1953 ж келген болатын.

2002 ж. Жарық көрген «Алтын алқа» фотошежірелік кітапта Еркін Әуелбеков Тың көтеру дәуіріндегі, Ақмола, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан өңірінің ірі қайраткері ретінде аталып фотосуреттері берілген [2]. Қазақ совет ицеклопедиясында келтірілген мәләметте Еркін Нұржанұлы Әуелбеков колхозшы отбасында дүниеге келді делінген, дәл емес деректер еніп кеткен [3]. Өзінің 1968ж. Толтырылған (Личный листок по учету кадров). Кадрларды тіркеудің жеке парақшасында шыққан тегі «служащий» деп көрсеткен [4]. Ал тәуелсіздік кезеңінде жарық көрген Ұлттық энциклопедияда өкінішке орай 23 жыл үш облысты басқарған, 40 жылдан астам мемлекеттік қызметте болған қайраткер туралы ешбір дерек енбей қалған.

Академияны алтын медальмен бітірген Еркін Нұржанұлы Сарыарқа төсіне, Көкше өніріне сапар шекті, ал оның есімі академия ғимаратының қабырғасына алтын әріппен жазылды. Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысы Октябрь ауданында Коновалов МТС-нің бас агрономы болып бастаған Еркін Нұржанұлы Марьевка совхозы директоры, солтүстік Қазақстан облысы атқару комитетінің бірінші орынбасары, облысының екінші хатшысы, кейінен: Көкшетау, Торғай, Қызылорда облыстарының бірінші хатшысы, астық өнімдерін өндіру, дайындау министрі қызметтерін атқарды [5]. Кеңестер одағының ыдырау кезінде Мәскеуде одақтық парламентте қызмет атқарып, шаруашылық пен ел басқарудың үлкен мектебінен өтіп, Қазақстанның таяу тарихында өнегелі ісімен жарқын із қалдырды. Ол туралы қызылордалық Мұрат Мұхамедов былай деп еске алады:

«Өткен ғасырдың 70–80 жылдарында Көкшетау, Торғай Қызылорда облыстарының шаруашылығының мәдениетінің ілгерлеу уақыты осы кісімен, Еркін Нұржанұлы есімімен тығыз байланысты. Бүгінгі күнге дейін Еркін Нұржанұлының өмірі мен қызметі жеке зерттеу нысанасына айнала қойған жоқ. Қызылорда облысы құрылғаннан бері өңірді партиялық билік бойынша (1938–1991 жылдары) 17 адам басқарыпты. Олардың қай-қайсысы болса да өз заманында әрқилы биліктік талаптарға сәйкес облыстың өркендеуі мен дамуына өзіндік үлестерін қоса алды. Ешқайсының да өлкеге сіңірген еңбегін жоққа шығаруға болмайды. Бірақ солар¬дың ішінде елдің ерекше ықыласына бөленген, шоқтығы биік басшылар да болды. Солардың бірі басшылық қызметі КСРО-дағы қайта құру және жария¬лылықпен тұспа-тұс келген Еркін Әуелбеков еді». [6].

1985–1989 жылдары облысты басқарған Е.Әуелбеков әртүрлі әлеуметтік топтың да, жеке адамның да, төменгі басшылықтың да мүдделері мен мінез-құлқын әрдайым зерт¬теп, қадағалап отырды, мәселелерді жұмыс барысына қарай, халықтың, аймақтың ерекшелігіне қарай шешті. Қызылорда облысына келген күннен бастап-ақ ұзақ жылдардан бері қордаланалып қалған мәселелерді, күрмеуі қиын түйіндерді шешу үшін өзінің «жаңа тәртібін» орнатты. Бұл тәртіптің негізі өздерін жергілікті князь¬дар¬дай сезінетін басшыларды «артықшы¬лықтарынан» айырудан, жұмыс істеудің «кабинеттік стилінен» бас тартқызудан, зәулім үйлерінің «қоршауын» бұзудан, қо¬ғамдық көліктермен жүруді міндеттеу¬ден және тағы басқалардан тұрды. Алайда сол уақытта қызылордалықтардың барлығы Е. Әуелбеков сияқты іскер, талапшыл басшыны құшақ жая қарсы алды десек қателік болар еді. Бұрындары облыстағы майлы-жайлы жерлерді бауырына басқандар Қазақстан Орталық партия комитетіне Қазақстан Компариясының бірінші хатшысы Д. Қонаевтың,тіпті Мәскеуге, Бас хатшы М. Горбачевтың атына " домалақ арыздарын» қазақ және орыс тілдерінде қарша боратқаны туралы құжаттық деректер архив мұрағаттарында сақталынған. Алайда сол арыздардың ешбірі дәлелін таппай партялық бақылау комитеті болған нақты жағдайлардың ақ- қарасын ажыратып жауап жазып отырған.[7]. 1985 жылдың он айы ішінде Е. Әуелбеков Қызылдорда облысың барлық аудандарын және Ленинск қаласы мен, Ақай Төретам сияқты кентерді аралап халықтың тұрмыс- тіршілігмен етене танысты, 3800 ден астам арыз- шағымдарды қарап, 1300 азаматты қабылдады.[8].

Еркін Нұржанұлының қызметін туған халқы мен еліне деген қызметін уақыт өте келе қызылордалықтар, қала берді республика ғана емес, жергілікті халыққа астамшылықпен қарауды әдетке айналдырған «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы Мәскеулік генералдар да қатты сезінді. Еркін Әуелбеков Байқоңыр іргесіндегі негізінен қазақтар мекендеген Төретам, Ақай кенттерінің экологиялық жағдайы жөнінде Кеңестер Одағының № 2 космоновы Титовтың төрағалығымен КСРО орталық партия комтетінің көшпелі кеңесін ұйымдастырып, комодром басшылығын жергілікті халықпен санасуға мәжбүр еткенін әлі күнге дейін қызылдорда жұртшылығы, аңызға бергісіз қылып айтып жүргені шындық.

Еркін Нұржанұлы турасындағы бүгінгі күнге дейін бар деректер публистикалық мәндегі жинақтар: естеліктер, мерзімдік жарияланымдар, мұрағат құжаттарына жіктеуге болады. Олардың қатарында өлкетанушы журналист В. Терещуктің Омбы қаласында жарық көрген «Туған жердің перзенті» атты шығармасын, «Азамат» атты естеліктер жинағын және жуырда жарық көрген «Дара тұлға» атты қызылордалық авторлардың естелік кітабында 1999 және 2011 жылдары аралығында орталық және жергілікті баспасөзде жарияланған мақалаларды жатқызуға болады. Дара тұлға» деген кітапта об¬лыс әкімі Бо¬латбек Қуанды¬қов: «Ол біздің об¬лысы¬мыздың әлеу¬меттік эконо¬ми¬ка¬лық өркен-деуі¬не іскерлік, ұй¬ым¬дастырушылық қабілеті мен жі¬гері арқылы ерек¬ше үлес қосты. Сыр өңірінің та¬рихында Е.Н.Әуелбековтің нағыз мемле¬кет қайраткері, өресі биік білікті басшы азамат екені қаша¬лып жазылып қалды. Аймақта қызмет еткен жылдары өткенге талдау жасап, батыл шешім қа¬былдап, өзінің қолға алған істерін жүзеге асыру бағытында жасқа-нуды, жалтақтауды білмей, түбе¬гейлі мақсатына жетті. Арал өңі¬рін дамытуға байланысты идея¬ларын іске асырды. Облысты үшін¬¬ші категориядан екінші-ка¬тегорияға көтерді. Жалақыға 30–50 пайыз үстеме төлеуге тұрақты қаржы бөл¬гізіп халықтың қамы үшін аян-бай тер төкті. Қызылорда об¬лысы бойынша ерекше маңыз¬ды одақтық дәрежеде 5 мемле-кеттік құжаттар қабылдатты. Әсіресе, КСРО Министрлер кеңе¬сінде Қы¬зылорда облысының әлеуметтік-экономикалық да¬муын жеделде¬ту жөніндегі шара¬лар туралы және Арал теңізі ауданындағы эко¬логиялық және санитарлық аху¬алды түпкілікті жақсарту жөніндегі шаралар туралы ар¬найы қабылданған қаулылары өңірі¬міз¬дің қарыштап дамуына даң¬ғыл жол салды.«[9]

«Уақытқа бәрі тәуелді, алайда ол халқына шексіз берілген адамдар бейнесін санамыздан өшіре алмайды. Еркін Нұржанұлы сондай жан еді-ау, замандастарын былай қойып. Кейінгі жастардың өзі-де оны мемлекет әрі қоғам қайраткері, ірі ұйымдастырушы, жаны жайсан қамқор, аға ретінде мақтан тұтады»- деп еске алады Қазақстан Республикасы парламенті мәжіліс депутаты Косарев В.Г. [10]. Кеңес дәуірінде тарихқа идиологиялық қысым жасау салтанат құрса, посткеңестік кеңістікте үстүртін сипаттағы экстерналистік көзқарастар жүйесі белең алды. Біздің мақсатымыз ұлттың бетке ұстар таяу тарихымызда өзінің мемлекетшіл, елшіл қасиеттерімен дараланған азаматтарымыздың нақты азаматтық, қайраткерлік бейнесін тарихи шындық тұрғысынан өз жұртына көрсетуге талпыну, бүгінгі ұрпаққа өнегелі тұлға ретінде табыстыру.

Қолданылған әдебиеттер

1. «Егемен Қазақстан» 16 маусым 2010 жыл.
2. «Алтын Арқа» фотокнига состов. Г. Дилдаев. Көкшетау 2002 ж б.102.
3. Қазақ совет инцеклопедиясы. Том 2, 657. Алматы 1976 ж.
4. Көкшетау қаласының мемлекеттік архиві. Әуелбековтың жеке қоры.№ 2376 іс п1, 63–4
5. ҚҚМА. № 2376 с п1, 63–4
6. «Егемен Қазақстан» 16 маусым 2010 жыл.
7. АПРК № 708, 123 тізбе, п 6–7
8. АПРК № 708, 123 тізбе, п 23–24
9. Исағали Жұмабеков «Сыр бойы» 4 — ші қыркүйек 2011 жыл.
10. В. Терещук «Туған жердің перзенті» Омбы 2000 ж. Б 1–8 Қ.Р. Парламент депутаты В. Г. Косаревтің естелігінен
«Университет, қоғам, инновациялық даму: тәжірибе және келешек» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары"10–12 қазан. Көкшетау 2012. 266–268 беттер.

Төлепбергенов Ғалымтай Мәлікұлы, Бексейтова, Ақбота Тастанбекқызы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Қазақстандағы кеңестік дәуір қайраткерлері ішінен дараланып тұратын, кезінде ел тұтқасын халқының адал перзенті ретінде ұстаған асыл азамат, жігерлі басшы Еркін Нұржанұлы болғандығын тұстастары мен замандастары, көз көрген қызметтестері бір ауыздан мойындайды.

Еркін Нұржанұлының шыққан тегіне, өскен ортасына келсек Орта жүз Арғын ішіндегі беделді он екі ата Атығайдың — Қалқас тегінен, одан Құдайберді-Құлымбет Көшқұлы-Аманжол-Жәдік-Әуелбек-Нұржвн-Еркін боп келеді. Демек Еркін Нұржанұлының өсіп өнген ортасы Ерке Есілдің алабы, Алакөлдің бауыры: Дүкен, Салпық, Тұяқ тауларының арасы. Бір кездері қарадан шығып хан болған, аға сұлтан Зілғараның, Ақан серіге жол ашаып қамқоршы болған Әлібек батырдың, одан әріде Құдайберлі Жәпек Батырдың елі мен жері Қазіргі солтүстік Қазақстан облысының Айыртау және Ғабит Мүсірепов аудандарының түйіскен жеріндегі Жаңасу ауылы. Көкшетау өңіріне белгілі Ленин орденді Ұстаз Нұржан Әуелбековтің шаңырағында дүниеге келген.

Іргедегі Шұқұркөл орталау мектебінен аймақтық Сырымбеттегі қазақ орта мектебін үздік тамамдаған жас 1948 ж Қазақстанның талапты жастарының санатында Мәскеуге Сол кездегі еліміздің ең таңдаулы ауылшаруашылық оқу орны Тимирязев академиясына түседі. 1948–53 ж.ж аралығында үздік бітіріп, туған еліне тың көтеру науқаны алдында ғана 1953 ж келген болатын.

2002 ж. Жарық көрген «Алтын алқа» фотошежірелік кітапта Еркін Әуелбеков Тың көтеру дәуіріндегі, Ақмола, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан өңірінің ірі қайраткері ретінде аталып фотосуреттері берілген(1). Қазақ совет ицеклопедиясында келтірілген мәләметте

Еркін Нұржанұлы Әуелбеков Колхозшы отбасында дүниеге келді делінген, дәл емес деректер еніп кеткен(2). Өзінің 1968ж. Толтырылған (Личный листок по учету кадров). Кадрларды тіркеудің жеке парақшасында шыққан тегі «служащий» деп көрсеткен(3).

Академияны алтын медальмен бітірген Еркін Нұржанұлы Сарыарқа төсінде, Көкше өніріне сапар шекті, ал оның есімі академия ғимаратының қабырғасына алтын әріппен жазылды. Еңбек жолын солтүстік Қазақстан облысы Октябрь ауданында Коновалов МТС-нің бас агрономы болып бастаған Еркін Нұржанұлы Марьевка совхозы директоры, солтүстік Қазақстан облысы атқару комитетінің бірінші орынбасары, облысының екінші хатшысы, кейінен: Көкшетау, Торғай, Қызылорда облыстарының бірінші хатшысы, астық өнімдерін өндіру, дайындау министрі қызметтерін атқарды(4). Кеңестер одағының ыдырау кезінде Мәскеуде одақтық парламенттеқызмет атқарып, шаруашылық пен ел басқарудың үлкен мектебінен өтіп, Қазақстанның таяу тарихында өнегелі ісімен жарқын із қалтырды.

Өткен ғасырдың 70–80 жылдарында Көкшетау, Торғай Қызылорда Облыстарының шаруашылығының мәдениетінің ілгерлеу уақыты осы кісімен, Еркін Нұржанұлы есімімен тығыз байланысты. Бүгінгі күнге дейін Еркін Нұржанұлының өмірі мен қызметі жеке зерттеу нысанасына айнала қойған жоқ.

Еркін Нұржанұлы турасындағы бар деректер публистикалық мәндегі жинақтар: естеліктер, мерзімдік жариалымдар, мұрағат құжаттарына жіктеуге болады. Олардың қатарында өлкетанушы журналист В. Терещуктің Омбы қаласында жарық көрген «Туған жердің перзенті» атты шығармасын, «Азамат» атты естеліктер жинағын, 1999 және 2007 жылдары аралығында орталық және жергілікті баспасөзде жарияланған мақалалардыжатқызуға болады.

«Уақытқа бәрі тәуелді, алайда ол халқына шексіз берілген адамдар бейнесін санамыздан өшіре алмайды. Еркін Нұржанұлы сондай жан еді-ау, замандастарын былай қойып. Кейінгі жастардың өзі-де оны мемлекет әрі қоғам қайраткері, ірі ұйымдастырушы, жаны жайсан қамқор, аға ретінде мақтан тұтады»- деп еске алады Қазақстан Республикасы парламенті мәжіліс депутаты Косарев В.Г.(5)

Еркін Нұржанұлының жеке бас, адамгершілік азаматтық қасиетімен қатар оның ел басқаруындығы шаруашылықты өркендетудегі іс-тәжірбиесі, оның регион-аймақ көлеміндегі қызметі, оның қарапайым адамдармен, өнер санлақтарымен қарым-қатынасы, мемлекетік елдікмәселелерді міндет қылып қоя білуі және оның ең ұтымды жолдарын табуы үлкен қызығушылық тудырады. Кеңес дәуірінде тарихқа идиологиялық қысым жасау салтанат құрса, посткеңестік кеңістікте үстүртін сипаттағы экстерналистік көзқарастар жүйесі белең алды. Біздің мақсатымвз ұлттың бетке ұстар азаматтарының нақты азаматтық, Қайраткерлік бейнесін тарихи шындық тұрғысынан өз жұртына көрсетуге талпыну.

Қолданылған әдебиеттер
1. «Алтын Арқа» фотокнига состов. Г. Дилдаев. Көкшетау 2002 ж б.102.
2. Қазақ совет инцеклопедиясы. Том 2, 657. Алматы 1976 ж.
3. Көкшетау қаласының мемлекеттік архиві. Әуелбековтың жеке қоры.№ 2376 іс п1, 63–4
4. ҚҚМА. № 2376 с п1, 63–4
5. В. Терещук «Туған жердің перзенті» Омбы 2000 ж. Б 1–8 Қ.Р. Парламент депутаты В. Г. Косаревтің естелігінен

Көрнекті мемлекет қайраткері Еркін Нұржанұлы Әуелбеков, Төлепбергенов Ғалымтай Мәлікұлы Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

  • Аты
  • Еркін Нұржанұлы Әуелбековтың қызылордалық кезеңіндегі басқарушылық қызметі
  • Қызмет саласы
  • Саяси қайраткерлер