«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » Тарихи білім » Балаларға арналған оқу материалдары

Балаларға арналған оқу материалдары

Бумын қаған
Аруна, 2007
00.00.0000

Түрік әскері қар басқан аппақ даламен қап-қара болып шұбалып бірнеше күн жүрді. Сарбаздар азықтарын аң аулап айырды. Ашық аспан астында мұз жастанып, қар төсенсе де, алғашқы күндер ән салып, қалжың айтып, көңілді жүрді. Хан ордасына жақындаған сайын ойын-күлкі азайып, сап қатары тұнжырай түсті.
Бумын әскерді алға жіберіп, бір қапталға тоқтады. Қасындағы адамдардың жүздеріне анықтап қарады. Әуелі жанынан туған бауыры Естемі өтті, одан кейін сенімді серіктері - Қаніш пен Жора келеді. Олардың артын ала екі ұлы - Қара-Ыстық пен Мұқан...
Кенет "осылардың бәрін, бәлкім, соңғы рет көріп тұрған шығармын" деген суық ой сумаң етті. "Жоқ" деді ол ішінен бірден. Әлі қаншама алға қойған мақсаты бар. Анахуаньді жеңу - ұлы істердің басы ғана. Бәрін баяғыда ойластырып қойған, тайпа көсемдерінің талқысына да салды. Осы арада есіне "шешінген судан тайынбас" деген сөз түсті.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Қазақтың көне эпосы
Аруна, 2008
00.00.0000

Бұл жинаққа қазақ халық әдебиетінің үлкен бір саласы - көне эпос үлгілері топтастырылған. Кітапта бұрын-соңды жеке жинақ түріндебасылып шықпаған "Дотан", "Құбыгұл", "Мұңлық-Зарлық", "Құламерген,Жоямерген" жырлары алғаш рет жинақталып берілді. Сонымен қатар қысқа үзінділері сақталған және қара сөз түрінде жұрнағы қалған "Аққоян мерген", "Төлеген батыр", "Ақ Көбек", "Қара мерген", " Хан мерген" сияқты жырлар да ұсынылып отыр.
Балалар танымына лайықталып, түсінікті жазылған "Қазақтын көне эпосыә жинағы оқушыларға, студенттерге және жалпы халық әдебиетін сүйетін көпшілікке арналған.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Қанжығалы Бөгенбай
Аруна, 2005
00.00.0000

Балалар мен ересектерге арналып қазақ және орыс тілдерінде жазылған бұл көркем суретті туындыда қазақ-жоңғар соғысында елін, туған жерін ерлікпен қорғаған қолбасшы, жекпе-жектерде ешкімнен жеңіліс көрмеген қазақ елінің бас батыры Қанжығалы Бөгенбайдың өмірі мен күрес жолдары толық әрі әсерлі баяндалды. 

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Байбарыс сұлтан
Аруна, 2004
00.00.0000

Кешегі қыпшақ баласы, бүгін Мысыр елінің сұлтаны Байбарыс билік тағына отырды. Бұл жөнінде Химс, Хама, Сихиди, Моусил, Алеппо және барлық мұсылман иеліктеріндегі қалалар мен қамалдардың әмірлеріне хабар жіберілді.
Қалай дегенде де Байбарыс өлімі біздер үшін әлі де жұмбақ. 17 жылдан аса сұлтандық құрған Мысыр билеушісі 1277 жылдың маусым айында, 52 жасқа қараған шағында дүниеден өтеді. 
Сұлтан Байбарыс Мысыр, Иордания, Сирия, Палестина, Израил, Ливан; Сауд Арабиясының Хиджаз жері мен Ирактың Евфрат өзенінің батыс жағын, Түркияның оңтүстік-шығысындағы жерлерің қамтыған араб мемлекетін басқарып, Қыпшақ әулетінің негізін салды. Мысыр, Шам және Хиджаз сұлтанының толық есімі Рукнуддин уа дуния Байбарыс бин Абдулла әл-Бундуқдари ас-Салихи ан-Наджами әл-Аюби ат-Түрки еді. 

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Бату хан
Аруна, 2006
00.00.0000

Балалар мен ересектерге арналып қазақ және орыс тілдерінде жазылған көркем суретті туынды. Бату - Шыңғыс ханның немересі, Жошының екінші ұлы, Дешті Қыпшақ даласын, Ресейдің еуропалық бөлігін, Балтық теңізінің шығыс жағалауын, Польша, Венгрия, Булгария, Кавказ жерлерін қамтыған Алтын Орданың негізін қалаушы. Осы аймақтарда жасалған реформаның арқасында халықтың жалпы санағы жүргізілді, байланыс жүйесі орнатылды, кеден жұмыс жасады, сонымен бірге 150-ге жуық қалалар мен мыңдаған елді мекендер салынды. Алтын Орда халықаралық сауда ісінің дамуында үлкен рөл атқарды.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Жүсіп Баласағұн
Аруна , 2008
00.00.0000

Баласағұндық Жүсіп ақынның артында қалған мүрасын кейінгі білгір оқымыстылар "бірнеше әдеби дәстүрді біте қайнастырған шығармашылық алауы" деп атады. Ең бастысы, өз заманындағы түріктің ауызша әдеби мұрасы қандай бай екенін көрсете білді.
Одан бері мың жылға жуық уақыт өтті, ал баласағұндық ақын Жүсіптің асыл сөздері әлі арамызда. Қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, әзербайжан, басқа да түрік әдебиетінің ортақ мұрасы ретінде жасай бермек.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Қазақ хандығы
Аруна, 2006
00.00.0000
Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Ежелгі Қазақстан мифтері
Аруна, 2006
00.00.0000

Балалар мен ересектерге арналып жазылған көркем суретті "Ежелгі Қазаұстан мифтері" атты кітап ерте замандарда Орталық Азияны мекендеген көшпелі халықтардың мифологиясы мен дініне арналған№ Автор ежелгі Қазақстан жерінде өмір сүрген халықтар ұстанған Тәңірге сыйыну діні (тәңіршілдік) туралы ұғынықты да тартымды баяндайды.
Бұл кітапта есте жоқ ескі замандарда скифтер, ғұндар, ежелгі түріктер мекендеген Енисей аңғарларынан Украина мен Венгрия алаптарына дейінгі ұлан-асыр атыраптағы Ұлы Даланың көне ертегі-аңыздары да жинақталып, өнеліп, түсіндірілген.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Мөде қаған
Аруна, 2007
00.00.0000

Ұлы Дала Шығысы Қытай жерін басып өтетін Сары өзен (Хуанхэ) мен Батысы Дунайға дейінгі аралықтағы кең алқапты алып жатқан. Ол бұдан жүздеген жылдар бұрын шетсіз, шексіз құла түзде қөшіп-қонып жүретін көптеген тайпалар мен халықтардың отаны болған. Дала табиғатының қатал заңы олардың отырықшы өмір сүруіне мүмкіншілік бермеді. Сол себепті көшпенділер, негізінен, мал шаруашылығымен айналысқан. Табиғат жағдайына байланысты жайылымдар мен өрістерді үнемі жаңартып отыру қажет болды. Олар: скифтер, сақтар, массагеттер, сарматтар, хазарлар, аварлар, печенегтер. Бұл жауынгер тайпалардың барлығы кезінде Ұлы Дала мемлекетін құраған және қазіргі күні өмір сүріп жатқан түрік халықтарының арғы тегі болып табылады. Олардың әрқайсысының өзіне тән қайталанбас мәдениеті, діні, әдет-ғұрпы мен дәстүрі болған. Солардың ішінде бүкіл әлемдік тарихта терең із қалдырған құдіретті көшпенді халықтың бірі ғұндар еді.
Сол заманнан қалған бірталай қиссалар мен аңыздар біздің дәуірмізге жетіп отыр. Осындай бір аңыз ғұндардың қолбасшысы, даңқты Мөде қаған жайында сыр шертеді.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Мөңке би
Аруна, 2006
00.00.0000

Балалар мен ересектерге арналып қазақ және орыс тілдерінде жазылған бұл көркем туындыда ой-тұжырым сиқырлы сөзбен өрнектеген шашасына шаң жұқпас шешен, қара қалды қақ жарған әділ би, дала данагөйі, жырау Мөңке бидің өмірі толық әрі әсерлі баяндалады.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF