«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » Тарихи білім » Балаларға арналған оқу материалдары

Балаларға арналған оқу материалдары

Райымбек батыр
Аруна, 2006
00.00.0000

Қазақ жұртының Райымбек батырды мәңгілік есте сақтауға берген серті бар. Оны әрқашан құрмет тұтады.
Ол бүкіл елге:
-Ел-жұртым, араларыңда Алланың берген жасын жасадым, ырыздығын теріп жедім, кидім-іштім, тұлпар мініп, ту ұстап жауғада аттандым, көш бастап тауға да аттандым, ойға да аттамдым. Ел тыныштығын күзетіп, жарғақ құлағым жастыққа тиген жоқ. Белдеуден атым, білектен қылышым түспеді. Қысқа күнде қырық шауып, елге бүлік салған қалмақпен айқастым. Мен жалғыз емес, Алла жар болды, өздерің сүйеу болдыңдар! Бірің көзім, бірің құлағым, бірің білегім, бірің тірегім болдыңдар, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығардық. Сөйтіп айлалы жауға алдырмадық, белсенген жаудың белін үздік. Әділдік жеңді. Аққа Құдай жақ, - деп тұрғандай.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Сүбедей баһадүр
Аруна, 2004
00.00.0000

Шыңғыс ханның дәуірі әлемге танымал талантты қолбасшыларды өмірге келтірді. Солардың ішінде Сүбедей баһадүрдің орны ерекше.
Сонау бір алыста қалған аласапыран заман туралы моңғолдардың «Киелі аңыз» жылнамасында: «Жұлдызды аспан төңкеріліп жерге түсті – жерге нәубет келді. Тірі жан көз ілмеді, кімнің күші жетсе, сол елді қан қақсатты, тонады», - делінген.
Мұндай жағдайда Сүбедей әскери өмірден басқа нәрсені таңдауы мүмкін емес еді. Ол өзінің даңқты ерлік жолдарының басында-ақ «баһадүр» деген атаққа ие болды. Кейін «Шыңғыс ханның көк бөрісі» атанды. Ал қыпшақ далаларында «аяғы жаралы барыс» деген лақаппен танымал болды.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Тоқтамыс хан
Аруна, 2008
00.00.0000

Алтын Орданың астанасы - Берке Сарайы қаласында Сайын ханның (Бату хан есімімен белгілі) орнына ұлы патша болып Тоқтамыстың отырғанын Ұлы Даладағы бүкіл халық білді.
Жаңа хан ақылға салып, халыққа өзінің жомарттығын көрсетпек болды. Мамайға қарсы жорықта тартып алынған барлық олжаны екі бірдей бөлікке бөлді. Біріншісін жаңа түмендерді жасақтауға жұмсады, екіншісін тақ жолындағы күресте көмектескендерге таратып берді. Халық Тоқтамыстың атын әділетті әрі қайырымды хан ретінде құрметпен айтып жүрді. Оның қызметін атақты да сыйлы хандар Жәнібек пен Бердібектің қызметімен салыстырды және билікке Алтын Орданың босаңсыған қуатын шайқалтпайтын ханның келгеніне қуанды.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Аттила
Аруна , 2005
00.00.0000

Бұрынғы кездері айкара ашылып қонақжай мінез көрсететін Рим қақпасы жабық тұр. Қамал қабырғасының арғы жағына тығылған Рим халқы бұл күннің өздеріне не сыйлайтынын білмей аңтарылып қарап тұр. Аңырап қалған ертегі шаһарындай болған қорған бекінісінен тырс еткен белгі білінбейді. Жолындағының бәрін жайпап, жалынға орайтын ғұн сарбаздары Аттиланың қалт еткен қимылы болса, қалаға лап еткелі тұр. 
Түксиіп, жан баласының қимылы білінбеген Рим қақпасына қарай Аттила атын аяң бастырып, жақындап келді. Атой салынар сәтті аңдып қала халқының зәре-құты қалмай, иманын үйіріп отырғанын ол жақсы түсінді. Тым болмаса бой көрсетіп қараңдаған ешкімді байқамаған соң, римдіктер оған бетін басып бүгежектеген қорқақ болып көрінді. Ызадан тістенген Аттила қолға ұстаған найзасын Рим қақпасына қарай толғай лақтырды. Арқырай ұшқан ақ найза арындаған бетімен қақпаға келіп қарш қадалды. Қаланы қорғауға қалдырылған Рим легионердарының әскерлері дір етіп, бозарып кетті. Қала сол күйі тым-тырыс.
Осыдан кейін Аттила сарбаздарын соңына ертіп аяңдап жүре берді. Біраз жер ұзаған соң, ат үстінен артыда бұрылды. Қорқыныштан дірілдеп, құтылғанына қуанып, әлі қыбыр білдірмей жатқан, жасыған Римге қарап кекесінмен мырс етті де қайтып бұрылмастан кете барды.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Алтын Орда 1-бөлім
Аруна, 2007
00.00.0000

Бұл том IX-XII ғасырлар аралығында Орта Азияда өмір сүрген аттары аңызға айналған бабаларымыздың қанды оқиғаларының шынайы кезеңін суреттейді. Орталық Азиядағы қоғамдық-саяси қозғалыстар, тарихи тұлғалар, тайпалар, соғыстар, Шыңғыс хан империясының құрылу тарихы, оның әскери жорықтары, Ақ Орда мен Көк Орда мемлекеттерінің тарихы және де басқа хандықтардың хронологиясын баяндайды.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Әл-Фараби
Аруна , 2006
00.00.0000

Весижден Фарабқа қарай бір қолында таяғы, екіншісінде түйіншегі бар қарапайым киінген жолаушы кетіп бара жатты. Бұл даңқты әскербасы Мұхаммед Тарқанның баласы, Узлағтың немересі - Мұхаммед еді. Ол білім патшалығына, кітаптар мен қолжазбалар қоймасына асығады. Білімнің көмегімен ғажайып Ергенекөн жазығына қоныстанған тайпа сияқты бақытты өмір сүруді армандайтын жерлестеріне, достарына, туған-туыстарына көмектесіп, олардың өмірін өзгертуге бекінген.
Иә, талай жылдар жылжып өткен соң еңбегі жоғары бағаланып, Фарабтан шыққан адам, яғни әл-Фараби атанып, бүкіл әлемге танылғаны тек біздерге ғана мәлім...
Ал ыстық күнде, шаңы бұрқылдаған соқпақпен асыға адымдап келе жатқан Мұхаммед мұның бірін де білмейді. Жүрегіндегі қазіргі жалғыз ой - өзі таңдаған жолға түсу, алдына қойған мақсатын іске асыру.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Қазақ әдебиеті
Аруна , 2005
00.00.0000

"Қазақ әдебиеті" энциклопедиялық анықтамалығында қазақ әдебиетіне қатысты ұғымдар, терминдер, әдеби процестегі оқиғалар мен құбылыстар, барлық ақын, жазушы, жыршы, жыраулардың, әдебиеттанушы ғыламдардың қысқаша шығармашылық өмірбаяндары әліпби тәртібімен жүйеленіп берілген. Қазақ әдебиетінің сан ғасырлық тарихи даму сатыларын айқын аңғартатын ежелгі әдеби нұскаларға, ертегі-аңыздарға,батырлық, ғашықтық жыр-дастандарға, қиссаларға, елеулі әдеби туындыларға жеке мақалалар арналған.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Абылай хан
Аруна , 2007
00.00.0000

Абылай ханның билік басына келуі қиын-қыстау заманға тап келеді. Өзара ішкі кикілжіңдер ірі ұрыс-таластарға ұласып, ел ішіндегі жағдайды асқындыра түсті. 
Осындай қиыншылықтарға қарамастан, Абылай хан жалпы қазақ мемлекетінің саяси бірлігін бірте-бірте қалпына келтірді. Өз хандығын маңайындағы дұшпандары мен қаскей көршілері мойындайтындай ірі мемлекетке айналдырды. Оның данышпандығы мен көрегендігі арқасында кең байтақ Ұлы Далада ұзақ уақыт бойы бейбіт заман орнады.
Абылай дәуірінде Қазақстан мемлекетке тән дәстүрлі белгілерге толық ие біртұтас елге айналды. Өзіндік басқару жүйесі, бүкіл елдер мойындаған шекарасы, әлеуметтік жағдайды ұйымдастырудың ерекше тәсілі қалыптасты.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF