«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » Тарихи білім » Балаларға арналған оқу материалдары

Балаларға арналған оқу материалдары

Алтын Орда 3-бөлім
Аруна, 2007
00.00.0000

Бұл том IX-XII ғасырлар аралығында Орта Азияда өмір сүрген аттары аңызға айналған бабаларымыздың қанды оқиғаларының шынайы кезеңін суреттейді. Орталық Азиядағы қоғамдық-саяси қозғалыстар, тарихи тұлғалар, тайпалар, соғыстар, Шыңғыс хан империясының құрылу тарихы, оның әскери жорықтары, Ақ Орда мен Көк Орда мемлекеттерінің тарихы және де басқа хандықтардың хронологиясын баяндайды.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Алтын Орда 2-бөлім

Қасым хан
Аруна
00.00.0000

Қасым – он жыл тақта отырған хан. Ол ел билігіне ерте араласқан. Отыз жылдан астам уақыт қазақ сарбаздарының қолбасшысы болып, кейін хан тағына отырады. Қасым тұсында Қазақ хандығы күшейіп, халықтың ынтымағы артып, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заман туды. Ғасырлар бойғы жойқын шапқыншылық салдарынан тоз-тозы шығып, шілдің тезегіндей шашырап кеткен қазақ ұлты шоғырланып, біріге бастаған.Жақын көрші елдер ғана емес, алыстағы ағайындар да онымен санасатын халге жетті... Жан-жақтан дүркін-дүркін болып тұратын шабуылдар екпіні бәсеңдеп, ел еңсесін көтерді.
Қасым – қазақ тарихында алғаш заң шығарған хан. Қазақ ел болып, іргесін бекіте бастаған щақта шыққан бұл заң елдің бірігуі мен ынтымақтасуына көп әсерін тигізді. Әділ билік орнап, қара халық ханға сене бастады. Сондықтан «хан сыншысы халық» демекші жұрт оның билігін қасқа жолға, әділ жолға балаған.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Қаракерей Қабанбай (Қабдеш Жұмаділовтың "Дарабоз" романы бойынша )
Аруна, 2007
00.00.0000

Қаракерей Қабанбайдың есімі әрқашан қазақ елінің есінде. Әрі ұрпақ оны ұмытпауға, қадірлеуге міндетті. Елі бардың ері бар. Сонау Тарбағатайда тау мен тастың қиырында ата жауын қасқая қарсы алып, кеудесін оққа төсеп айқасып, еңку-еңку жер шалып, егеулі найза қолға алды. Түн қатып, толарсақтан қан кешті. Жұртымен бірге қабырғасы қайысты. Ұрпақ үшін дұшпанымен сайысты. Қазақтың рухын биік ұстап, намысын жерге таптатпады. Халқы оны құрметтеп Қабанбай, Дарабоз, Хан батыры деп атады. Бұл қазақ әскерінің қолбасшысы, бас сардары Қабанбай еді.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Шыңғыс хан
Аруна, 2007
00.00.0000

Шыңғыс хан өзінің ел басқарудағы қабілетінің зор екенін білді. Бірақ көрші мемлекеттер Алтай даласында ақылды әрі айбынды әміршінің пайда болғанынан хабарсыз еді.
Жаңа әмірші жоспары – жерін кеңейту, бүкіл әлемді шарлап, ондағы елдерді өзіне бағындыру. Ат тұяғы жеткен жерлердің бәрін дерлік жаулап алу. Тапал келген керемет күші бар моңғол аттары Шыңғыс хан сарбаздары сияқты төзімді және майталман.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Естемі қаған
Аруна, 2008
00.00.0000

Жужан хандығын басып алған соң, түріктер бағынған елге өз билігін орнатып қана қоймады, жаңа мемлекеттің іргетасын қалауға кірісті. Ол тарихқа Түрік қағанаты деген атпен кірді.
Естемі тарихқа батыс Түркістанды жаулаушы Батыс Түрік қағанаты әмірші әулетінің негізін қалаушы ретінде енді. Шығыста оның иелігі Вэй империясымен, батыста Византиямен, ал оңтүстікте Персия және Үндістанмен шектесті.
Жылнамашылар Естеміні түрік қағаны деп жиі атайды, ал шынтуайтында оның шені баһадүр-жабғу болды, түрік ақсүйектері иерархиясы бойынша, бұл Түрік қағанатындағы екінші адам еді.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Қожа Ахмет Иасауи
Аруна, 2007
00.00.0000

Өкінішқе орай, сахарада өзінің жастық шағының қаласына оралып келе жатқан осы бір тосын жолаушының - әжім айғыздаған қатқыл жүзін күн қағып, кәріліктен аппақ шашы селдіреген қарияның есімін тарих жады сақтамапты. Нақ сол күні біздің бабаларымыздың атамекені дүниеге ұлы ойшыл һәм қасиетті әулиені сыйлады. Оған Ахмед деген есім берілді. Қожа Ахмед Иасауи өз халқының қасірет-наласы мен қуанышын бүкіл өмірінің өзегіне арқау қылып, бекзат тегін үлкен жүрегінің дарқандығымен өшпес даңққа бөледі.
Көптеген зияратшы қажыларды өзіне баурай тартқан айбынды кесене алты ғасырдан бері асқақтап тұр. Мұсылмандар Қожа Ахмет Иасауи бабаларын нұр-шапағат сыйлаған қасиетті әулие ретінде құрметтейді. Киелі кесене қасында әжелердің көздері мейірімге толып, ақсақалдардың сөздеріне даналық дариды.

2 бөлім

1 бөлім

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Әмір Темір
Аруна, 2007
00.00.0000

Тарағай Бахадүрдің баласы - Әмір Темір ибн Тарағай Бахадүрдің есімі әмірші Темір деген мағынаны білдіреді. Ол тарихта өз заманының шебер қолбасшысы ретінде таныс. Бұған қоса, ең қатыгез жаулаушы бейнесінде де белгілі. Шындығында, ол ғыламдарға бас иді, сәулетшілер мен шебер жандарға асқан құрмет қөрсетті. Оқымысты адамдарды жанына жақын ұстады.
Темір басқарған мемлекеттің астанасы - Самарқанд қаласы. Ол өзі билік еткен тұста сарайлар, мешіттер, кесенелер салдырып, Самарқандты сәулет өнерінің озық үлгісіне айналдырды.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Шақшақұлы Жәнібек
Аруна, 2005
00.00.0000

Ғасырдан аса созылған қазақ-жоңғар соғысы ел аузында қазақ-қалмақ соғысы делінеді. Осы жан алып, жан берген қиямет заманда өмір сүріп, асқан батыр әрі от ауызды, орақ тілді шешен атанған Жәнібектің ұшкыр ойын, аузынан шыққан даналық сөздерін халық қағып алып, жадында сақтаған. Әдетте, ондай тағылымды ақсақалдар бас қосқан жерлерден көптеп естуге болады. Ойлап қарасаң, осының бәрі кейінгі ұрпаққа арналған теңдесі жоқ мұра екендігін аңғарасың.
Жәнібек - ел бастап, қол басқарып қана қоймай, халық арасында шешендігімен де танымал болған адам. Оның бір ғасырға жуық мерзімде өткен қазақ-жоңғар соғысы кезеңінде тууы да жалған емес. Ол соңынан ерген жігіттерге: "Ұрыста олжаға емес, жеңіске ұмтыл. Жеңіске жеткен соң олжа ешқайда кетпейді" дейді екен. "Әділдік болса, батырлық неге керек" деген сөз де Жәнібектікі. Шындығында әділдік болса, соғыс болмайды емес пе?

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF