«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » Тарихи білім » Студенттерге арналған оқу материалдары

Студенттерге арналған оқу материалдары

Қазақстан тарихы. Жоғары оқу орынына арналған оқулық .
Алматы кітап, 2007
00.00.0000

Оқулық Қазақстан тарихы бойынша ежелгі дәурден бүгінгі күнге дейнгі материалдарды қамтиды. Бұл пән жоғары оқу орындарында оқытып-үйретудің қазіргіi талаптарына сәйкес жасалған және тарих ғылымының соңғы жетістіктері есепке алынып, корытылған.


Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
«Қырғыздардың (қазақтардың) жер пайдалану материалы...» - Қазақстан тарихының дерек көзі (ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы)
Қазақ университеті, 2011
00.00.0000

Бұл оқу құралында қазақ тарихының маңызды дерек көзі болып табылатын «Қырғыздардың жер пайдалану материалдарын...» зерттеу мен талдау методикалары мен тәсілдері көрсетілген. 

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік-құқықтық ерекшеліктері
Қазақ университеті, 2007
00.00.0000

Бұл оқу құралында дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастардың дамуын және оның әдеттік-құқық нормаларында реттелуіне талдау жасалынған. Дала тарихындағы құқықтық жүйенің қалыптасуын, оның түрленуін, қызметін ежелгі және орта ғасырлардағы қоғамдық қатынастарда алатын орнымен байланыстыра отырып, өзара салыстыру жасалынады.

Бұл оқу құралы жоғары оқу орнының тарих факультеттерінің студенттеріне, оқытушыларына арналған.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
XVI-XVIII ғғ. қазақ-орыс қарым-қатынастарының тарихы
Қазақ университеті, 2011
00.00.0000

Бұл оқу құралы XVI-XVIII ғғ. Қазақ хандығының маңызды кезеңін зерттеуге арналады. Онда қазақ-орыс елдері арасындағы саяси, елшілік, сауда-экономикалық қарым-қатынас тарихы көптеген жазбаша және ауызша деректер мен зерттеу еңбектерінің негізінде жан-жақты талданған. Сонымен қатар, студенттерге қазақ-орыс байланыстарын зерттеу мен талдау методикалары мен тәсілдері көрсетіліп, жас зерттеушілерге тарихи талдау әдістемесін тез үйренудің тиімді жолдары ұсынылған.

Оқу құралы тарих факультеттерінің студенттеріне, магистрларға және басқа да қазақ тарихын зерттеу ісімен айналысушыларға арналған.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Қазақстан тарихы: Лекциялар курсы. Қ.С. Қаражан
Қазақ Унивеситеті, 2008
00.00.0000

Қазақстан тарихы: Лекциялар курсы. /Қ.С. Қаражан, Ж.Ә. Әбсеметова, Ф.А.Қозыбақова, Т.Қ.Мекебаев, С.С.Саржанова, С.Смағұлов, Ш.Б.Тілеубаев; Редакциясын басқарған Қ.С. Қаражан.  – Алматы: Қазақ университеті,  2008. –  216 б.

Оқу құралы жаңа деректер негізінде құрастырылған. Авторлар ұжымы  маңызды оқиғаларға  толы ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі  Қазақстанның тарихи тәжірибесін жаңа көзқарас тұрғысынан қарастырады. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған.

© Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2008 


Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Қазақстан археологиясы
Алматы, 2009
00.00.0000

Бұл оқу құралы палеолиттен бастап кейінгі орта ғасырларға дейінгі Қазақстан археологиясының материалдарынан тұрады. Еңбекте Қазақстан археологиясы Еуразия археологиясының бір бөлігі ретінде сипатталған. Онда соңғы ғылыми ізденістер де кеңінен қамтылған. Жекелеген ескерткіштердің отандық тарихнамадағы маңызы көрсетілген. Әрбір тарихи оқиғалар мен құбылыстар заттай мәдениет негізінде жан-жақты талданған.

  Қазақстан тас, қола, ерте темір дәуірлері мен ортағасырлық кезеңі толымды түрде қамтылған аталған оқу құралы студенттерге, оқытушыларға, археологтарға, өлкетанушыларға және де басқа ғылым салаларының мамандарына арналған.    

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Орал қаласының тарихы: әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы (1946-2011 жж.)
БҚМУ баспа орталығы, 2013
00.00.0000

Бұл кітапта Орал қаласының Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезеңнен қазіргі уақытқа дейінгі әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму тарихы, қаланың дамуындағы өзгерістер сөз болады.

Кітап тарихшыларғы, студенттерге және өзінің өмір сүру ортасын білуге құштар барша оқырманға арналған.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Қазақ халқының рухани  мәдениетінің тарихы
00.00.0000

Оқу құралында дүниежүзілік мәдениеттің қалыптасуына, дүниежүзілік ұлы діндердің тарихына байланысты нақты мәліметтер берілген. 

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Жоғары оқу орындарындағы өлкетану жұмыстарының жағдайы
00.00.0000

Жастардың ақыл – ойы мен интелектісін барынша дамыту үшін білім беру жүйесін тиімді құра білген ұлттың еңсесі биік, абыройы артық болмақ.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF