«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » Тарихи білім » Балаларға арналған оқу материалдары

Балаларға арналған оқу материалдары

Бумын қаған
Аруна, 2007
00.00.0000

Түрік әскері қар басқан аппақ даламен қап-қара болып шұбалып бірнеше күн жүрді. Сарбаздар азықтарын аң аулап айырды. Ашық аспан астында мұз жастанып, қар төсенсе де, алғашқы күндер ән салып, қалжың айтып, көңілді жүрді. Хан ордасына жақындаған сайын ойын-күлкі азайып, сап қатары тұнжырай түсті.
Бумын әскерді алға жіберіп, бір қапталға тоқтады. Қасындағы адамдардың жүздеріне анықтап қарады. Әуелі жанынан туған бауыры Естемі өтті, одан кейін сенімді серіктері - Қаніш пен Жора келеді. Олардың артын ала екі ұлы - Қара-Ыстық пен Мұқан...
Кенет "осылардың бәрін, бәлкім, соңғы рет көріп тұрған шығармын" деген суық ой сумаң етті. "Жоқ" деді ол ішінен бірден. Әлі қаншама алға қойған мақсаты бар. Анахуаньді жеңу - ұлы істердің басы ғана. Бәрін баяғыда ойластырып қойған, тайпа көсемдерінің талқысына да салды. Осы арада есіне "шешінген судан тайынбас" деген сөз түсті.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Байбарыс сұлтан
Аруна, 2004
00.00.0000

Кешегі қыпшақ баласы, бүгін Мысыр елінің сұлтаны Байбарыс билік тағына отырды. Бұл жөнінде Химс, Хама, Сихиди, Моусил, Алеппо және барлық мұсылман иеліктеріндегі қалалар мен қамалдардың әмірлеріне хабар жіберілді.
Қалай дегенде де Байбарыс өлімі біздер үшін әлі де жұмбақ. 17 жылдан аса сұлтандық құрған Мысыр билеушісі 1277 жылдың маусым айында, 52 жасқа қараған шағында дүниеден өтеді. 
Сұлтан Байбарыс Мысыр, Иордания, Сирия, Палестина, Израил, Ливан; Сауд Арабиясының Хиджаз жері мен Ирактың Евфрат өзенінің батыс жағын, Түркияның оңтүстік-шығысындағы жерлерің қамтыған араб мемлекетін басқарып, Қыпшақ әулетінің негізін салды. Мысыр, Шам және Хиджаз сұлтанының толық есімі Рукнуддин уа дуния Байбарыс бин Абдулла әл-Бундуқдари ас-Салихи ан-Наджами әл-Аюби ат-Түрки еді. 

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Бату хан
Аруна, 2006
00.00.0000

Балалар мен ересектерге арналып қазақ және орыс тілдерінде жазылған көркем суретті туынды. Бату - Шыңғыс ханның немересі, Жошының екінші ұлы, Дешті Қыпшақ даласын, Ресейдің еуропалық бөлігін, Балтық теңізінің шығыс жағалауын, Польша, Венгрия, Булгария, Кавказ жерлерін қамтыған Алтын Орданың негізін қалаушы. Осы аймақтарда жасалған реформаның арқасында халықтың жалпы санағы жүргізілді, байланыс жүйесі орнатылды, кеден жұмыс жасады, сонымен бірге 150-ге жуық қалалар мен мыңдаған елді мекендер салынды. Алтын Орда халықаралық сауда ісінің дамуында үлкен рөл атқарды.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF