Оқу құралындағы тапсырмалар тақырып мазмұнына қарай түрлен дiрiлiп берiлдi. Мұның өзi оқушылардың өздiгiнен жұмыс iстеп, тақырып материалдарын тереңiрек түсiнуiне, естерiне сақтауына мүмкiндiк туғызады. Сондай-ақ жұмыс дәптерiндегi тапсырмалар арқылы оқушылар сызбалар, кестелер толтырып, берiлген сұрақтарға жауап беру арқылы өздерiнiң бiлiмдерiн жетiлдiрiп, толықтырып отыратын болады.
8-сыныпқа арналған “Дүниежүзi тарихы” оқулығының хрестоматиясына дүниежүзiнде 1640—1914 жылдар аралығында болған тарихи оқиѕалардың материалдары жинақталған.
Бүкiл адамзат тарихын, оның сонау алғашқы қауымдық құрылыстан өркениет заманына дейiнгi дәуiрiн екi үлкен кезеңге бөлуге болады: мыңдаған жылдарға созылған аграрлық өркениет дәуiрi және индустриялық өркениет кезең, яғни қазiр бiз өмiр сүрiп отырған заман.
XVII—XIX ғасырларда Еуропада өнеркәсіп революциясы басталды. Оған негіз болған капиталистік қатынастар осы кезеңдерде Еуропа құрлығынан тыс аймақтарға да таралды. Сөйтіп, дәстүрлі бірыңғай ауыл шаруашылығына негізделген қоғамдық қатынастар индустриялы қатынастарға жол ашты. Соның нәтижесінде XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысында дүниежүзінде индустриялы қоғам орнықты. Бүгінде қоғамдық дамуы артта қалған елдер де осы арнаға бет бұрып, мешеуліктен біртіндеп арылу үстінде.
Тақырыптар бойынша тарихи мағлұматтарды қаншалықты меңгергендерiңдi жұмыс дәптерiнде ұсынылған сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру арқылы байқауларыңа болады. Сендер оқулықпен жұмыс iстеу барысында тың тарихи деректердi, ұғымдарды есте сақтауға тырысасыңдар. Ол үшiн өтiлген тақырыпты дидактикалық негiзде әр сабақ сайын пысықтап отыруларың қажет. Мiне, осы iсте сендерге бұл оқу құралы таптырмас көмек көрсетедi.
Дүниежүзi тарихы: Хрестоматия: Жалпы бiлiм беретiн мектептiң қоғамдық-гуманит. бағытындағы 10-сыныбына арналған оқу құралы
Құрметтi оқушылар, Өздерiңе ұсынылып отырған 10-сыныпқа арналған “Дүниежүзi тарихы” оқулығы Еуропа, Америка, Азия және Африка, Латын Америкасы елдерiнiң ХХ ғасырдың бiрiншi жартысындағы (1914—1945 жж.) әлеуметтiк-экономикалық, саяси және рухани даму үдерiстерiн баяндайды. Хронологиялық жағынан әлемдiк тарихтың бұл кезеңi сол уақыттың әйгiлi оқиғаларын түгелiмен қамтиды. ХХ ғасырдың басында әлемнiң дамыған жетекшi елдерiнде индустриялық революция орын алса, оның орта тұсында ғылыми- техникалық революция жүзеге асып, ғасырдың соңғы ширегi ақпараттық революцияға жалғасты.
Сендерге ұсынылып отырған 10-сыныпқа арналған “Дүниежүзi тарихы” оқулығында Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан бүгiнгi күнге дейiнгi тарихи оқиғалар қамтылған. 1914—2009 жылдар аралығын қарастыратын қазiргi заман тарихы екi кезеңге бөлiп оқытылады.
Дүниежүзi тарихы: Хрестоматия: Жалпы бiлiм беретiн мектептiң жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқу қџралы
XX ғасырдың екiншi жартысы мен XXI ғасырдың басындағы дүниежүзi тарихы қазiргi заманмен тығыз байланысты әрi сипаты мен мән-мағынасы жағынан алуан түрлi оқиғаларға толы болды. Дүниежүзi бiр-бiрiне қарсы тұрған қоғамдық-саяси екi жүйеге бөлiнiп, «қырғиқабақ соғыс» орын алды. Азия мен Африка елдерiнде ұлт- азаттық қозғалыстар өрши түстi, сондай-ақ жаңа тәуелсiз мемлекеттер құрылып, әлемде ғылыми-техникалық революция жүрiп жатты. Адам баласы ашық ғарышқа шықты, КСРО құлады. Шығыс Еуропа елдерiнде және Кеңес Одағы құрамында болған республикаларда социалистiк жүйе ыдырады. Қос полярлы жүйе күйреп, халықаралық қатынастардық жаңа құрылымы қалыптасты, қазiргi заманның жаһандық мәселелерi туындады және оларды шешу жолдары iздестiрiлдi, мiне, бұлар қазiргi тарихи дәуiрдiң негiзгi оқиғаларының тiзiмiн құрайды.