«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » Тарихи білім » Балаларға арналған оқу материалдары

Балаларға арналған оқу материалдары

Шыңғыс хан
Аруна, 2007
00.00.0000

Шыңғыс хан өзінің ел басқарудағы қабілетінің зор екенін білді. Бірақ көрші мемлекеттер Алтай даласында ақылды әрі айбынды әміршінің пайда болғанынан хабарсыз еді.
Жаңа әмірші жоспары – жерін кеңейту, бүкіл әлемді шарлап, ондағы елдерді өзіне бағындыру. Ат тұяғы жеткен жерлердің бәрін дерлік жаулап алу. Тапал келген керемет күші бар моңғол аттары Шыңғыс хан сарбаздары сияқты төзімді және майталман.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Шақшақұлы Жәнібек
Аруна, 2005
00.00.0000

Ғасырдан аса созылған қазақ-жоңғар соғысы ел аузында қазақ-қалмақ соғысы делінеді. Осы жан алып, жан берген қиямет заманда өмір сүріп, асқан батыр әрі от ауызды, орақ тілді шешен атанған Жәнібектің ұшкыр ойын, аузынан шыққан даналық сөздерін халық қағып алып, жадында сақтаған. Әдетте, ондай тағылымды ақсақалдар бас қосқан жерлерден көптеп естуге болады. Ойлап қарасаң, осының бәрі кейінгі ұрпаққа арналған теңдесі жоқ мұра екендігін аңғарасың.
Жәнібек - ел бастап, қол басқарып қана қоймай, халық арасында шешендігімен де танымал болған адам. Оның бір ғасырға жуық мерзімде өткен қазақ-жоңғар соғысы кезеңінде тууы да жалған емес. Ол соңынан ерген жігіттерге: "Ұрыста олжаға емес, жеңіске ұмтыл. Жеңіске жеткен соң олжа ешқайда кетпейді" дейді екен. "Әділдік болса, батырлық неге керек" деген сөз де Жәнібектікі. Шындығында әділдік болса, соғыс болмайды емес пе?

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF