Алаш зиялылары «Шықсақ бір төбеде, өлсек бір шұңқырда болайық»,
деді және өмірлерінің соңдарына дейін осы сөздерінен таймады. Алаш Орда
партиясы мен үкіметі таратылып, қайраткерлері қуғынға ұшырағаннан кейін
олар күрестің басқа түрін таңдап алды. Ол халықты ағартушылық жолмен
көзін ашып, күрес жолына бастау еді.
«Шыңғыс қаған артынан қуып, Алтайдың бөктерін қыстап, сиыр жылғы көктемде (1205 жыл) Арай асуын асып барса, найманның Күшлік ханы... меркіт Тоқтаға кез болып, екеуі Ертіс дариясының Бұқтырма деген жерінде әскерлерін дайындап тұр екен».
«Моңғолдың құпия шежіресі», 198-тармақ
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алған алғашқы күндерден басталған қызметінің басты бағыты өзінің территориясындағы Совет Одағынан қалған аса мол көлемдегі ядролық қарудың, оны жеткізу құралдарының болашағының қалай болатындығына арналды. Бұл жағдай мемлекеттің ішкі мәселесінен шығып, халықаралық деңгейдегі күрделі құбылысқа айналды. Қазақстанның ядролық қаруының тағдыры АҚШ-тан басталған Еуропа, Азия мемлекеттері мен халықтарын алаңдатты. Ел ішіндегі саяси-әлеуметтік, ұлтаралық, тұрмыстық тұрақтылық әзірге қамтамасыз етілмеген, экономикалық даму барысы айқындалмаған Қазақстанның аталған жаппай қырып-жоятын қаруды сенімді сақтауы, таратпауы, осы тұрғыдағы халықаралық келісімге қосылуы туралы мәселелер туындай бастады.
Қазақ халқы қай заманда елдікке, соның ішінде ел берекесінің тұрақты болуына аса мән берген. Сондықтан да болар ел аузында «Бірлік бар жерде тірлік бар», «Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады» деген нақыл сөздер қалды. Бұл бүгінгі Қазақстанның басты қағидасына және тәуелсіздіктің негізіне айналды. «Бірлігі жарасқанның тірлігі тапшы болмайды». Сондықтан Елбасының рухы биік «Мәңгілік Ел» болу мақсаты «бір мақсат, бір мүдде, бір болашақты» ту еткен бірлігі жарасқан мемлекет болуды меңзейді.