«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » e-Кітапхана

e-Кітапхана

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасында тарихи ғылымдарды жаңғыртудың негізгі бағыттары
29.02.2016

Қазақ елінің тарихы патшалық және кеңестік билік заманында бұрмаланып, дұрыс жазылмай келді. Тек еліміз еркіндікке қол жеткізгеннен кейін ғана «ақтаңдақ» беттері ашылып, ұлттық тарих жазыла бастады. Қазақ елі Тәуелсіздігінің 20 жылдығына дейін көптеген зерттеу еңбектері жарыққа шықты. Бірақ әлі де зерттеуді қажет ететін өзекті тақырыптар бар. Соның бірі – тарих ғылымының теориясы мен методологиясы.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Қазақ ашаршылығы
29.02.2016

1924 жылы сол кездегі Қазақ ССР-ң басшылығының органы «Еңбекші қазақ» газетінде Әлихан Бөкейхан былай деген еді: «1914 жылы Ресей халқының жалпы саны 161 млн 700 мың еді. Осы кезде қазақтар қанша еді? 1896 жылы, сосын 1907 жылы, одан он жыл өткен соң Көкшетау уезінің халқына екі рет санақ жүргізілді. Егер осы көрсеткіштерді салыстыратын болсақ, қазақтардың өсу қарқыны әлемдік деңгейден жоғары. Егер әрбір 200 қазаққа орта есеппен 3 адам қосылып тұрады десек, онда 1914 жылы қазақтардың саны 6 млн (!) 470 мыңға жеткен».

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Қазақ сахарасы – сынақ алаңы
29.03.2016

...Саров қалашығында әзірленген алғашқы бомбаның сұлбасы қарайғанда, яки 1947 жылдың жазында И.В. Курчатов Берияға барып: «Лаврентий Павлович, таяу уақытта бізге халық қоныстанбаған, айналасында кем дегенде 200 километрге дейін тірі жан тұрмайтын кең алаң керек. Сол жерде «бұйымды» сынаймыз. Оның жарылысы адамдар ғана емес, жан-жануар тірлігіне де қатерлі...» – деген. Ғылыми істен бейхабар, можантопай содырды өз ойына иландыру үшін АҚШ мамандарының ядролық сынақ алаңы үшін Нью-Мексика штатының «Өлім алқабы» аталған табиғаты аса қатаң, халық қоныстанбаған шөл даладағы Аламогор тақырын таңдағанын мысалға айтқан. Л. Берия сол күні-ақ КСРО ҒА-ның басшыларына жедел тапсырма түсірген. Елсіз аймақтың нендей іске қажет болғанын ашпай, сейсмикалық сілкіністерді қадағалайтын «Таулық станса» орналасады, кең алаң да солардың сынағына керек деген. Сол алаңды Ресей алқабынан емес, тек қана Орта Азия республикалары мен Қазақстан территориясынан табуды айрықша ескерткен.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF