«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » e-Кітапхана » Археология, этнография жайлы басылымдар

Археология, этнография жайлы басылымдар

Киелі кимешек ; Кимешек – духовный покровитель; Kimeshek is a Spiritual Patron
"Өнер" баспасы, 2012
00.00.0000

Кимешек – қазақ әйелдерінің киелі баскиімі. Бойындағы иманы, инабаты, қорғаны, бетжүздігі, талғамы, дәрежесі, мәртебесі. Салтанат сәнімен әйелдеріміздің бетіне әр беріп келген кимешек те басқа киім үлгілеріндей өзіндік пайда болу, даму, құлдырау, қайта өрлеу дәуірлерін басынан өткізді. «Киелі кимешек» фотоальбомы арқылы ескі мен жаңаны үндестіріп, заманымен үйлестіріп, жаһандану дәуіріндегі қазақ әйелдерін өзіне тән тарихи көркем бейнесімен қайтадан көзайым етуге ұмтылдық. Сыртқы келбетіміздің кейпінен ішкі жан дүниеміздің астарын айшықтай түсуге  алпындық. Бұл еңбек – жасампаз жәдігерлерімізді көркейте түсуге жасалған жарқын қадам, әдепті әрекет. Ғасырлар бойы сәнін де, мәнін де жетілдіре түскен кимешектің бүгінгі тәуелсіз еліміздегі ерікті үлгілері талғампаз қауымның көңілінен шығады деген үміттеміз.

Кимешек – главный головной убор казахской женщины. Он олицетворяет ее честь, совесть, иманизм, защищенность, открытость, вкус, положение, авторитет. Кимешек, как и другие образцы одежды, своей торжественностью озаряя женский лик, прошел через времена появления и востребованности, развития и крушения, перекройки и возрождения. Непосредственно с помощью книги «Кимешек – духовный покровитель» (фотоальбом) мы попытались создать созвучие старого и нового, гармонизировать с современностью и эпохой глобализации, и на фоне главного  головного убора возродить исторический образ ментальности казахской женщины. С яркой подачей внешнего облика женщины, мы постарались сполна раскрыть ее внутренний мир. Этот труд является решительным шагом и тактичным действием во имя дальнейшего процветания творческой реликвии народа. Верим, что нынешний кимешек, веками совершенствуя свое очарование и содержание, своими современными утонченными образцами найдет путь к сердцам широкой общественности нашей независимой страны.

A kimeshek is the main head-wear of a Kazakh woman, which embodies her honour, conscience, protection, openness, taste position and authority. A kimeshek, like other clothes sample has gone through time of appearance, demand, development, collapse, transformation and revival decorating woman’s appearance by its sonority. Directly with the help of the “Kimeshek is a spiritual patron” (photo-album) we tried to create an accord of the old and new ones, harmonize it with the modern time and globalization and revive the historical image of the Kazakh woman amid the main head-wear. With the help of the bright appearance of a woman, we tried to open her inner world. This work is the critical step and tactical action for the sake of the prosperity of the artistic relic of people. We believe that today’s kimeshek, which trough centuries has been improving its charm and content as well as its modern sophisticated models, will find a way to hearts of the wide public of the independent country.


Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Қазақстан архитектурасы – Архитектура Казахстана. 8-том
"Өнер" баспасы, 2012
00.00.0000

Бұл кітапта Б.А. Глаудинов ежелгі дәуірден бастап, ХХ ғасырдың басына дейін салынған Қазақстан аумағындағы тұрғын үй, қоғамдық және мемориалды-діни ғимараттардың архитектуралық құрылымын сипаттайды. Еліміздегі бой көтерген беймәлім ғимараттарға кеңірек ғылыми зерттеу жұмысын жүргізеді. Аймақтағы сәулет өнерінің өзіндік ерекшелігі мен өзгешелігі анықталады. Кітап сәулет және құрылыс саласының мамандары мен ізденушілеріне арналады.

Исходя из этого, автором выявлен процесс формирования архитектуры жилых, общественных и мемориально-культовых зданий на территории современного Казахстана с древнейших времен до начала XX века. Предпринята попытка проследить путь преемственного развития архитектуры Казахстана в целом, творчески ее осмыслить, дополнительно ввести в архитектурную науку исследования малоизвестных зданий и сооружений, выявить своеобразие и самобытность зодчества края. Книга предназначена для архитекторов и строителей, а также всем интересующимся архитектурой.


Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Қазақстан архитектурасы – Архитектура Казахстана.  7-том
"Өнер" баспасы, 2012
00.00.0000

Ғалым А.И. Кастаньенің жазбалары енгізілген бұл кітапта – көне дәуірлердегі тарихи жәдігерлердің құрылысы,архитектуралық жағы өзінің өн бойына тұнып тұрған тарихи оқиғаларымен байланыстырылыпсуреттелсе, сәулетші-ғалым Б.А. Глаудиновтың ғылыми мақалалары қамтылған бөлімінде – кеңестік Қазақстанныңәртүрлі қалаларында бой көтерген қоғамдық, өнеркәсіптік ғимараттар мен нысандардың салынуы,1930–1961 жылдардағы архитектураның даму тарихы сөз болады. Қазақстан архитектурасының жеткен жетістіктері мен даму мүмкіндіктері баяндалады.  Кітап сәулет және құрылыс саласының мамандары мен ізденушілеріне арналады.

В предлагаемой книге представлены рукописи ученого-исследователя А.И. Кастанье, который зримо обрисовал построения исторических памятников древности, где архитектурная сторона тесно взаимосвязана с историческими событиями. Далее в научных статьях ученого-архитектора Б.А. Глаудинова рассказывается о строительстве в различных городах Советского Казахстана общественных, производственных зданий и объектов, об истории развития архитектуры в нашей стране в 1930–1961 годы. Также излагаются достижения и возможности развития казахстанской архитектуры. Книга предназначена для архитекторов и строителей, а также всем любителям архитектуры.


Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Түркологиялық зерттеулер
Астана, 2012
00.00.0000

Еңбек «Қазіргі түркология» сериясы бойынша жарық көретін ғылыми очеркілер топтамасының алғашқы бастамасы. Онда қазіргі түркология ғылымының кешенді сипатына сай тіл білімі, әдебиет, тарих, этнография салаларының қадау-қадау мәселелерін қозғаған ғылыми зерттеулер қамтылған.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Қазақ петроглифтері
00.00.0000

Кітапта авторлардың 1989-2003 жылдары Маңғыстау мен Үстіртте жүргізген археологиялық зерттеу барысында жинаған материалдары жөннінде сөз болады

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Жетісу жартас суреттері.Баянжүрек.  Наскальные изображения Жетысу. Баянжурек.  Petroglyphs of Zhetysu. Bayanzhurek
00.00.0000

Кітапта Жетісудағы Баянжүрек тауында 1995-ші жылдан бері қарай зерттеліп келе жатқан жартас суреттерінің талдамасы, топтауы және мерзімдеуі, сондай-ақ олардың ішкі мазмұнын семантикалық тұрғыда түсіндіру мәселелері қаралған

В книге представлены некоторые итоги изучения петроглифов на горе Баянжурек начиная с 1995 г. Даны классификация и типология петроглифов по таким категориям, как антропоморфные и зооморфные образы, символические знаки, транспортные средства и др. Значительное внимание уделено вопросам интерпретации внутреннего содержания наиболее интересных сюжетов

The book presents some results of petroglyphs studying on the mountain Bayanzhurek since 1995. The given typology and classification of petroglyphs into categories: anthropomorphous and zoomorphic images, symbolic signs and carriages. Much attention is paid to questions of interpretation of inner content of the most interesting samples


Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Сарайшық
Берел, 2001
00.00.0000

Түсті слайдтарды Олег Белялов осы басылым үшін арнайы дайындады. Сонымен бірге, Юрий Черкашин мен Зайнолла Самашев түсірген фотосуреттер де пайдаланылды.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Түркологиялық жинақ
Сарыарқа, 2012
00.00.0000

Түркологиялық жинаққа түркі халықтарының тіліне, тарихы мен этнографиясына, әдебиеті мен өнеріне қатысты жалпытүркілік өзекті мәселелерді қамтитын ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалалар топтастырылған. Мақалалар жинағы түркітанушы ғалымдарға және түркі халықтарының тарихы мен рухани-мәдени өміріне қызығушылық танытатын көпшілік қауымға арналады.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF