«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » e-Кітапхана » Тәуелсіз Қазақстан

Тәуелсіз Қазақстан

 «ҚАЗАҚСТАН -2050» стратегиялық бағдарламасындағы білім беру жүйесін  модернизациялаудағы дуальдау реформасы
00.00.0000

Ғылыми мақалада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасы мен ҚР-ның «Білім туралы» заңындағы білім мен ғылым саласындағы жаңа инновациялық технологияны меңгерудегі қойған негізгі талаптарына тоқтала келе, осы процестің іске асу ерекшеліктері жан-жақты талданған. Сондай-ақ, өндірістік білім беруді дамытудағы әлем тәжірибесіне негізделген инновациялық оқыту: «Дуалдық жүйе» әдісін оқу орындарында қолданудың тиімді жақтары теориялық тұрғыда қарастырылған.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Мәңгі ел -  Mangi el
00.00.0000

Бүгін сіз қолыңызға «МӘҢГІ ЕЛ» атты халықаралықғылыми-көпшілік тарихи журналының бірінші нөмірін алыпотырсыз.

Мәңгі ел үшін мәңгіліктің қандай мағынасы бар? Бұл шексіздік, бұл өтіп кеткен уақытты, тамаша осы шақты, жарқын болашақты байланыстыратын алтын арқау. Бұл Аспанға, тағы сол мәңгілікке бағыт алған жебе, бұл нақ осы Жерде өзінің шежіресін аяқтайтын тарих.

«Мәңгі Ел» тарихи журналының жарық көруі ерекше мәнге ие. Тарихи зердені нығайтудан, тарихтың өзін қайта ойлаудан бастап, қазіргі тез өзгеретін әлемде мемлекет дамуындағы бүгінгі үрдіске, саяси, экономикалық, қоғамдық қиындықтарға, сонымен қатар инновациялық дамудың динамикасына дейінгінің барлығы «Мәңгі Ел» басылымының алға қойған мақсаты болып табылады.


Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Кемеңгер
Қазақ энциклопедиясы, 2010
00.00.0000

Бұл кітаптан Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамаларына, көшбасшылық жолына әлем көзімен Еуропа, Азия, Америка, Ресей елінің басшыларының берген құттықтау сөздері мен қазақстандықтардың жылы лебіздерін оқи аласыздар.


Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Поколение Независимости: ценностные ориентиры и перспективы
Алматы, 2012
00.00.0000

Научно-практическая конференция «Поколение независимости: ценностные ориентиры и перспективы» (г. Алматы, 11 ноября 2012 г.) была организована Управлением по вопросам молодежной политики г. Алматы, Институтом философии, политологии и религиоведения КН МОН РК, Казахстанским институтом стратегических исследований при Президенте РК, «Ғылым ордасы» КН МОН РК.

В сборник включены доклады участников конференции.


Тілі: орысша Кітап форматы: PDF
Тұлға туралы толғамдар
Қазақ энциклопедиясы, 2011
00.00.0000

Бұл жинаққа Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев туралы еліміздің басты орталық басылымдарында жарық көрген таңдаулы мақалалар мен сұхбаттар енгізіліп отыр. Оқырман бұл мақалалардан Елбасымыздың сарабдал саясаткер, ұлт көшбасшысы ретіндегі қайраткерлік қарымы мен азаматтық келбеті, еліміздің тəуелсіздік жылдарындағы əлеуметтік-экономикалық жетістіктері жөнінде мол мағлұмат ала алады. Белгілі мемлекет жəне қоғам қайраткерлерінің, ғалымдар мен жазушы-публицистердің қаламынынан шыққан бұл мақалалар тартымды оқылады əрі танымдық, тағлымдық деректерге бай. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Жүректен жеткен жырлар
Қазақ энциклопедиясы, 2011
00.00.0000

Бұл жинаққа тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ақсақалдарымыздың әр жылдары берген ақ баталарынан бастап, аты әйгілі ақындарымыз бен қарапайым жұртшылық өкілдерінің арнау өлеңдері мен толғаулары, жыр дастандары мен ән мәтіндері топтастырылған. Халқымыздың Елбасымызға деген шынайы алғысын, мақтанышы мен сүйінішін білдіретін бұл кітап қалың көпшілікке арналған.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Тарихи сана – тәуелсіздіктің рухани тұғыры
ҚР БҒМ ҒК Философия және саясаттану институты, 2011
00.00.0000

Бұл монографиялық еңбекте тарихи сананың қалыптасуы мен дамуы әлеуметтік философиялық білім тұрғысынан талданады және ол тәуелсіздіктің рухани алғышарттарының бірі ретінде қарастырылады. Тарихи сананың дүниетанымдық негіздері, оның мәні мен мазмұны танымның теориялық деңгейінде пайымдалады. Тарихи сана қалыптасуының этномәдени алғышарттарының мысалы ретінде адамзаттық мәдениеттің ажырамас бір бөлігі түріндегі қазақ мәдениеті алынып, дербестікке қол жеткізген қазақ халқының бүгінгі тарихи өзіндік санасы зерттеледі.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтар әлемі
ҚР БҒМ ҒК Философия және саясаттану институты, 2011
00.00.0000

Халқымыз үшін күрделі және жауапты кезең болған ХХ ғасырдың соңында егемендіктің, дербестіктің де күні туды. Адам бойындағы даралықты, шығармашылыққа деген еркіндікті мойындаған демократиялық елде ғана мемлекеттік егемендікке, тәуелсіздікке ауадай қажетті төзімділік те, бірлік те, достық та, ынтымақтастық та нығая түседі. Адамдар қоғамдағы қарапайым тобыр, бұқаралық мәдениет өкіліне айналмайды, олар бұл тіршілікте өзінде лайықты өмір жолы бар еркін ойлайтын азаматтар қауымдастығына айналады.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Ретроспективтік библиографиялық көрсеткіш
Қазақ энциклопедиясы, 2010
00.00.0000

Ұсынылып отырған ретроспективтік библиографиялық көрсеткіш Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ə.Назарбаевтың өмірі мен мемлекеттік қызметі туралы əдебиеттердің библиографиясын қамтиды. Көрсеткішке Елбасының еңбектері мен сөйлеген сөздері, тəуелсіз Қазақстанды құру жолындағы стратегиясы мен тактикасы жөніндегі ғылыми еңбектердің, монографиялық зерттеулер мен конференция материалдарының жəне басқа жарияланымдардың библиографиясы енгізілген.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF