«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » e-Кітапхана » Монографиялар, жинақтар мен ұжымдық басылымдар

Монографиялар, жинақтар мен ұжымдық басылымдар

Балуан Шолақтың есімі көзі тірісінде-ақ аңызға айналды
«Рух БГ» баспасынан «Балуан Шолақ» кітабы жарық көрді. Кітапты құрастырған – Баспа және полиграфия ісінің қайраткері Балжан Хабдина, Алматы, 2014 ж., 2014
00.00.0000

Әйгілі балуан мен қазақ сал-серілер дәстүрін жалғастырушы Балуан Шолақтың туғанына 150 жыл толуына арналған «Балуан Шолақ» атты кітабына кіріспе сөзін танымал қазақстандық тарихшы, жазушы Бейбіт Қойшыбаев жазған.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Мәшһүр Жүсіп Көпеев
05.01.2014

Еңбекте ұлы ойшыл ақынның өмір жолы мен шығармашылығы туралы зерттеулер мен ғалымдардың тұжырымдары топтастырылды.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Халықаралық музейлер күніне  арналған «Жаңа қоғамдағы музейлердің рөлі» атты іс-шараның материалдары
Ғылым ордасы, 2013
05.01.2014

Жинаққа 2013 жылдың 17 мамырында «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ұйымдастыруымен Халықаралық мұражайлар күніне арналған «Жаңа қоғамдағы музейлердің  рөлі»  атты іс-шараға қатысушылардың баяндама- лары енгізілген. Халықаралық мұражайлар күніне арналған іс-шараның материалдары – жаңа қоғамдағы мұражайлардың рөлі мен маңызын анықтауға, мұражайларды дамытудың жаңа бағыттарын талқылау мен жаңа технологияларды пайдалануға және қазіргі Қазақстандағы мұражай ісі мәселелерін қарастыруға бағытталған. Басылым мұражай қызметкерлеріне, мәдениеттанушыларға, тарихшыларға, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, сондай-ақ музейтану мәселелерімен қызығатын қалың оқырманға арналған.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
ЕУРАЗИЯ ҚЫПШАҚТАРЫ: ТАРИХ, ТІЛ ЖӘНЕ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ  - КИПЧАКИ ЕВРАЗИИ: ИСТОРИЯ, ЯЗЫК И ПИСЬМЕННЫЕ ПАМЯТНИКИ  -  "THE KIPCHAKS OF EURASIA: HISTORY, LANGUAGE, AND WRITTEN RECORDS"
ҚР МАМ Тіл комитеті Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2013
05.01.2014

     Жинаққа 2013 жылы 29-30 мамырда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің  Тіл комитеті мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бірлесіп  ұйымдастырған Түркі жазбалары мен мәдениеті күндері аясында Кимек мемлекетінің 1100 жылдығына арналған «Еуразия қыпшақтары: тарих, тіл және жазба ескерткіштері» атты халықаралық ғылыми конференция материалдары еніп отыр. Шетелдік және қазақстандық ғалымдардың мақалалары Еуразия тарихының іргелі мәселесі қыпшақтану тақырыбына, сондай-ақ түркологияның өзекті тұстарына арналған.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Қазақ мерзімді баспасөзі: шығу тарихы мен деректік маңызы. (XX ғ. 20-30 жж.)
Елтаным баспасы, 2011
05.01.2014

Монографиялық еңбекте мұрағат материалдары мен ғылыми зерттеу жəне басылым материалдары негізінде ХХ ғ. 20-30 жж. Қазақстанда мерзімді баспасөздің шығу тарихы мен Қазақстан тарихы ғылымындағы деректік маңызы сөз болады. 

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Түркологиялық жинақ  -  Тюркологическое собрание
Сарыарка, 2012
05.01.2014

Түркологиялық жинаққа түркі халықтарының тіліне, тарихы мен этнографиясына, әдебиеті мен өнеріне қатысты жалпытүркілік өзекті мәселелерді қамтитын ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалалар топтастырылған. Мақалалар жинағы түркітанушы ғалымдарға және түркі халықтарының тарихы мен рухани-мәдени өміріне қызығушылық танытатын көпшілік қауымға арналады.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
ТҮРКІ ДАНАЛЫҒЫНДАҒЫ БАҚЫТ МЕТАФИЗИКАСЫ
«ИП Волков А.И.», 2013
05.01.2014

Бұл монографиялық еңбекте әлемдік философиялық ой тарихында, сонымен қатар адамның күнделікті өмірінде дәстүрлі әрі өзекті мәселе болып табылатын бақыт феномені зерделенеді. Бақыт мәселесінің түркі философиясы мен дүниетанымында қарастырылуы және оның онтологиялық, феноменологиялық және әлеуметтік философиялық мәні нақты тарихи және теориялық тұрғыда зерттеледі. Жұмыс жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттар мен докторанттарына, профессор-оқытушылық құрамына және бақыт ұғымының философиялық қырлары қызықтыратын жалпы оқырман қауымға арналады.

Санаулы ғұмырымдағы саналы ойларым
Астана, 2010
05.01.2014

Оюшы, қолөнер шебері Шөптібай Байділдиннің «Санаулы ғұмырымдағы саналы ойларым» атты кітабына бұрын баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары мен Торғай өлкесінің тарихы мен мәдениетіне, оның тарихи тұлғаларына байланысты зерттеу мақалалары еніп отыр.

Кітап әдебиетші қауым үшін, жалпы сөз қадірін жетік білетін, Отанын, туған жерін сүйетін оқырман үшін көптеген тың деректер мен мағлұматтар береді.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы