«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » e-Кітапхана » Диссертациялық зерттеулер

Диссертациялық зерттеулер

Қазақ жастары мерзімді  баспасөзінің тарихы (XX ғасырдың басы - 1940 жж.)
Алматы, 2010
05.01.2014

Зерттеу жұмысында ХХ ғасырдың басы-1940 жж. аралығында Қазақстанда жастардың қазақ тілінде жарық көрген мерзімді баспасөзі тарихы мәселесі  қарастырылады. ХХ ғасыр басындағы қазақ мерзімді басылымдарында көтерілген жастар мәселесі, қазақ жастары ұйымдары мен олардың алғашқы басылымдары, Кеңестік жастар баспасөзін қалыптастырудағы БК(б)П саясаты КСРО үкіметі, жүргізген іс-шаралары, ұлттық жастар басылымдардың дамуы мен қызметі, баспасөзде көтерілген Қазақстандағы экономикалық және мәдени реформалар мәселелері сараланады. 

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
«ХІХ ғ. ІІ жартысы – ХХ ғ. алғашқы онжылдықтарындағы Қазақстандағы этноәлеуметтік және этномәдени мәселелердің қазақ зиялылары еңбектерінде зерттелуі»
Алматы, 2011
05.01.2014

Диссертациялық жұмыс ХІХ ғ. екінші жартысы – ХХ ғ. алғашқы онжылдықтарындағы Қазақстандағы этноәлеуметтік және этномәдени мәселелердің қазақ зиялылары еңбектерінде зерттелуін жан-жақты талдауға арналған. Осыған сәйкес қазақ ру-тайпаларының құрылымы, олардың ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. алғашқы онжылдықтарындағы орналасуы мен ондағы өзгерістер, қазақ халықының әлеуметтік және мәдени мәселелеріне ұлт зиялыларының көзқарастары қарастырылады.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Алтын Орданың сыртқы саясатының негізгі бағыттары (ХІІІ-ХІV ғғ.)
Алматы, 2011
05.01.2014

Диссертациялық жұмыс ХІІІ-ХІV ғғ. әлемдік саяси үдерістер контекстінде Алтын Орда әскери-саяси державасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен халықаралық байланыстарын кешенді түрде қарастыруға арналған зерттеу еңбегі болып табылады.

Зерттеу жұмысының жаңалығы да тақырыпты кешенді әрі жүйелі түрде терең зерттей отырып, отандық медиевистикада тақырыпқа қатысты арнайы қарастырылмаған аспектілерін зерделеу және ғылыми айналымға енгізу болып табылады.
Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Батыс Қазақстандағы мұнай тасымалы құбырларының қалыптасуы: тарих және бүгін (1920-2001 жж.)
Қарағанды, 2010
05.01.2014

Тәуелсіздік алып, экономиканы дамытудың нарықтық жолына түскен Қазақстан мұнай-газ байлығы, мүмкіндігі мол мемлекет ретінде танылды. Жаңа жағдай елдің құбыр жүйесіне сапалық тұрғыдан тың талаптар қойды және де қуат қайнарын жеткізетін мейлінше тиімді бағыттар ашу экономикалық өрлеудің жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және Қазақстан халқының әл-ауқатын көтеруге бағытталған елдің өнеркәсіп саясатының аса маңызды құрамдас бөлігіне айналды. 


Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Қазақстанның оңтүстік аймағының  әлеуметтiк-экономикалық  және саяси өмiрi (ХІХ ғасырдың соңы -1920 ж. аралығындағы  Сырдария облысының мысалында)
Семей, 2010
05.01.2014

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың алғашқы екі он жылдығы отандық тарихымыздың, оның ішінде Қазақстанның ұланғайыр оңтүстік өңірін қамтыған бұрынғы Түркістан өлкесі Сырдария облысы тарихының аса күрделі де, ауыр кезеңдерінің біріне жатады.

Бүгiнгi күндерде – Тәуелсiз Қазақстанның өмiр шындығына сай тарихын қалыптастырып жатқан кезде - Қазақстанның 1917-1920 жылдардың аралығын қамтитын азаматтық қарама-қарсылық кезеңiндегi әлеуметтiк-экономикалық және саяси өмiрiн зерттеу ғылыми-танымдық қажеттiлiктен туындап отыр.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Орынбор ғылыми мұрағаттық комиссиясының құрылуы және қызметі                                                          (1887-1918 жж.)
Атырау, 2010
05.01.2014

Қазақ халқының жүріп өткен жолын тануда және оны қайта зерделеуде 1887 жылы Орынборда  ашылған Ғылыми мұрағаттық комиссияның атқарған қызметі, ғылымға сіңірген еңбегі бүгінгі күн үшін ерекше маңызды. Тарихымыздың мыңдаған қатпар - қатпар беттері ХХІ ғасырға жетіп, тәуелсіз ұрпақ игілігіне айналуы, сол арқылы ерлік пен елдікке толы халқымыздың өткенін меңгеру – бүгінгі күн талабы. 

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Қазақстандағы аз ұлттардың қатынастары және  әлеуметтік-саяси тарихы
Алматы, 2010
05.01.2014

Зерттеу жұмысында 1935-2009 жылдардағы Қазақстанға қоныс аударылған ұлттардың әлеуметтік-саяси жағдайы мен республиканың экономикалық, мәдени дамуына қосқан үлесі саралана қарастырылады. Кеңес үкіметінің аз ұлттар мәселесіне байланысты саясаты, қоныстанған аз ұлттар мен этностардың Қазақстан төңірегіне орналасуы мен ұлттардың құқықтық ақталуы және мәдени даму үрдісі, Қазақстан Халық Ассамблеясы мен ұлттық-мәдени орталықтардың қызметі нақтыланады. 

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Жетісу облысындағы қазақ және қырғыз халықтарының  1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі
Алматы, 2010
05.01.2014

Зерттеу  жұмысында Түркістан генерал-губернаторлығы Жетісу облысы құрамындағы ортақ тағдырлы қазақ және қырғыз халықтарының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің тарихы талданып, олардың көтеріліске шығу себептері мен барысы, билік жүйесінің бұл оқиғаға байланысты ұстанымы, көтерілістің басып-жаншылуы, босқыншылыққа ұшыраған халықтың жағдайы және Отанына қайтып оралғаннан кейінгі тағдыры талдауға алынады.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Ұлы  Жібек  жолы  мен  оның бойындағы  қалалардың  Қазақстандық тарихнамасы
Алматы, 2010
05.01.2014

Қазақ халқының тарихындағы көпшілік бөлігі қазіргі Қазақстан  арқылы өткен Ұлы Жібек жолының тарихы күрделі де қызықты. Қазақстан Шығыс пен Батыстың мәдениетінің өзара ықпалдасуы мен өзара байытылуының жолындағы байланыстырушы көпір  болса, Ұлы Жібек жолы – халықтар мен елдерді біріктіріп, олардың мәдениетін жақындатты, адамзат эволюциясына ықпал еткен көптеген жаңалықтарды силады. Кейбір ғалымдар оның тарихы тіптен б.з.б. 3-1 мыңжылдықтардағы аумақтық сауда жолдары жұмыс істеген кезден бастау алады деп есептейді.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Қырғыз (қазақ) облыстық комитеті (Қыробком) құжаттары Қазақстанда тоталитаризмнің қалыптасуы тарихының дерек көзі (1920-1925 жж.)
Алматы, 2010
05.01.2014

Зерттеу жұмысында Қырғыз облыстық партия комитеті құжаттары Қазақстанда тоталитаризмнің қалыптасуы тарихының маңызды жазба дерек көздерінің бірі ретінде, деректанулық тұрғыдан  қарастырылған.

Зерттеу барысында жасалған тұжырымдар негізінде Қазақстан тарихының әміршіл-әкімшіл билеу жүйесінің үстемдік еткен тұсындағы елдің экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени дамуы мәселелерін зерттеуде Қырғыз облыстық партия комитеті құжаттарының алар деректік орны ерекше екендігі туралы қорытынды жасалынды.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF