«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » e-Кітапхана

e-Кітапхана

«Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының мемориалдық қорлары
00.00.0000

ҚР Үкіметінің 06.07.2001 жылғы № 924 Қаулысына сәйкес Л.Н. Гумилев атындағы мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасының негізінде «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы құрылды.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
«Қазақ» сөзінің этимологиясы туралы М.Қ. Жолжановтың зерттеулері
00.00.0000

«Қазақ» сөзінің этимологиясының түп төркіні, яғни мағынасы қай кезден басталып, қайдан шыққандығы жөніндегі болжамдар мен зерттеулердің жарияланып, ғылыми айналыстарға түскеніне бірнеше ғасырлар өтті.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
«ХІХ ғ. ІІ жартысы – ХХ ғ. алғашқы онжылдықтарындағы Қазақстандағы этноәлеуметтік және этномәдени мәселелердің қазақ зиялылары еңбектерінде зерттелуі»
Алматы, 2011
05.01.2014

Диссертациялық жұмыс ХІХ ғ. екінші жартысы – ХХ ғ. алғашқы онжылдықтарындағы Қазақстандағы этноәлеуметтік және этномәдени мәселелердің қазақ зиялылары еңбектерінде зерттелуін жан-жақты талдауға арналған. Осыған сәйкес қазақ ру-тайпаларының құрылымы, олардың ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. алғашқы онжылдықтарындағы орналасуы мен ондағы өзгерістер, қазақ халықының әлеуметтік және мәдени мәселелеріне ұлт зиялыларының көзқарастары қарастырылады.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
«Темірбек Жүргенов мұрағаттың жаңа деректерінде»
00.00.0000

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері, кезінде репрессия құрбандары болған көптеген қазақ зиялыларының есімдері қайта жаңғырып қазақ жұртшылығына танымал болып жүр

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
«Сыр бойы» газетіне 85 жыл
29.01.2015

29.01.15

Жазба деректердің үлкен бір  тобын  мерзімді басылымдар  құрайды. Газет не  журнал белгілі бір мерзімділікпен  өткенді өз бетінше бейнелейді.  Сондықтан олар  қоғам  өмірінің өткені жазылған өзіндік  күнделік  міндетін атқарады. 

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
«Бай» этнонимі жөнінде бірер сөз
05.03.2015

05.02.15

Мақалада Кіші жүз Он екі ата Байұлы бірлестігіне негіз болған Бай этнонимінің тарихы қарастырылады. Қазақ халқының қалыптасуында әрбір тайпа немесе рудың этностық, саяси-әлеуметтік ортақ заңдылықтарымен қатар өзіндік ерекшеліктері-де аз болмаған. Оларды зерттеп-білу ұлт тарихының толыққанды жазылуына ықпал етері сөзсіз. Яғни қазақ тарихындағы әрбір рудың орнын және рөлін айқындау ұлттық тарихи ерекшеліктерді-де ескеру болып шығады. Сондықтан қазақ тарихында айрықша орны бар Бай этнонимін зерттеп білу бүгінгі күн талабы. Мақаланың мақсаты — қазақ тарихының осы бір тың жатқан мәселесіне тарихшылардың көңілін аудару.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
«Мен өлмеймін, өлмеймін...»
14.05.2015

«Қазақ ССР-інің өнеріне еңбегі сіңген қайраткері», «Құрмет белгісі» орденінің иегері Нұрпейіс Байғанин – көп қырлы талант. Ол бір жағынан суырыпсалма ақын, екінші жағынан жырау орындаушы. Оның өте бай репертуарында «Қобланды», «Құбығұл», «Төрехан», «Қырымның қырық батыры» т.б. көптеген эпос-жырлар бар.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
«Алаш ұраны» – ұлттық ояну ұраны
29.10.2015

«Алаш ұраны» – Алашорданың гимні. «Алаш ұраны» – «Алаш» партиясының, адамзат баласының көзі көріп, құлағы естімеген өзгерістерді басынан өткеріп жатқан исі қазақтың ұраны еді. Сұлтанмахмұт – елін емірене, жұртын тебірене сүйген ұлтшыл азамат

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
«Былай барсаң, Қоқан бар...»
09.11.2015

1801 жылы таққа отырған Әлімхан таулық тәжіктердің қолдауына сүйеніп, Әнгрен, Шымкент, Сайрам, Ташкентті түгелімен басып алды да 1805 жылы өзін хан деп жариялайды, оның құрған мемлекеті Қоқан хандығы атын иеленеді. Халықаралық қатынаста жаңа мемлекеттік құрылым Бұқар хандығымен саяси бақталасқа айналды

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
«Үш қарлық» елі және Шығыс түрік қағанаты
29.02.2016

Қарлықтардың Шығыс Түріктермен соғысы туралы руналық жазуда олардың "еркін" және "тәуелсіз" болғандығы ерекше айтылады. Басқа түркі тайпалары туралы бұлай айтылмайды.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF