«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » e-Кітапхана

e-Кітапхана

Балуан Шолақтың есімі көзі тірісінде-ақ аңызға айналды
«Рух БГ» баспасынан «Балуан Шолақ» кітабы жарық көрді. Кітапты құрастырған – Баспа және полиграфия ісінің қайраткері Балжан Хабдина, Алматы, 2014 ж., 2014
00.00.0000

Әйгілі балуан мен қазақ сал-серілер дәстүрін жалғастырушы Балуан Шолақтың туғанына 150 жыл толуына арналған «Балуан Шолақ» атты кітабына кіріспе сөзін танымал қазақстандық тарихшы, жазушы Бейбіт Қойшыбаев жазған.


Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Батырлардың діни-нанымдары
00.00.0000

Қазақ батырлары сиынатын пірлердің ішінде көне заманнан келе жатқандары да, ислам діннен енгендері де бар. Олардың кейбіреулері мифтік қаһармандар болса да, ал енді біреулері аты аңызға айналған тарихи тұлғалар. Әр батырдың өзінің сиынар пірі мен желеп-жебеп жүрер әулие-әнбиелері болған. 


Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Бүгінгі кәсіби жоғары мектеп және инженер мамандарын даярлау мәселесі
00.00.0000

Әлемдік стандарттар деңгейіндегі сапалы инженер мамандарды әзірлеу – жаңа серпін мен жаңа қарым-қатынасты талап ететін жұмыс. Сондықтан, отандық кәсіби оқу орындарында оқу жүйесіне білімдендірудің жаңа технологияларын  тиімді енгізудің жолдарын нақтылау керек. 

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Батырлар болмышы және тарихи сана.
00.00.0000

Ұлттық тарихи сана халқымыздың ғасырлар бойғы өткен жолы мен дамуы, қазақы қоршаған орта туралы, яғни өткені мен бүгінгі жағдайы туралы халықтық білімдер мен түсініктерден бастау алатыны белгілі. 

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Батыс Қазақстандағы мұнай тасымалы құбырларының қалыптасуы: тарих және бүгін (1920-2001 жж.)
Қарағанды, 2010
05.01.2014

Тәуелсіздік алып, экономиканы дамытудың нарықтық жолына түскен Қазақстан мұнай-газ байлығы, мүмкіндігі мол мемлекет ретінде танылды. Жаңа жағдай елдің құбыр жүйесіне сапалық тұрғыдан тың талаптар қойды және де қуат қайнарын жеткізетін мейлінше тиімді бағыттар ашу экономикалық өрлеудің жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және Қазақстан халқының әл-ауқатын көтеруге бағытталған елдің өнеркәсіп саясатының аса маңызды құрамдас бөлігіне айналды. 


Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Базар жырау шығармаларының лексикалық қабаттары
00.00.0000

Қазақ тіл білімінде Кеңес дәуірінен келе жатқан бір ізгі дәстүр – әдеби шығармаларды тілдік тұрғыдан зерттеу. Әсіресе, өткен ғасырдың екінші жартысында бұл жұмыс біршама биікке көтерілді десек, артық айтқандық емес. 

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына қазақ сайлаушыларынан  аманат (1917 ж.)
00.00.0000

Қазіргі таңда әлемдік қауымдастыққа тәуелсіз мемлекет ретінде танылған Қазақ елінің шынайы тарихын зерделеу ең басты мәселеге айналып отыр. Осы талапты іске асыру мақсатындағы 2013 жылдың ортасынан басталған «Тарих толқынындағы халық» атты тарихи зерттеулердің мемлекеттік бағдарламасын жасау бағытындағы қадамдар «Қазақстан тарихы» ғылымына жаңа міндеттер жүктегені белгілі. Осы орайда қалам тартуға тұратын мәселелердің бірі Алаш зиялыларының Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына әзірлік кезіндегі атқарған қыруар істері болып табылады.


Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Болашақ педагогтардың рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру мәселелері
00.00.0000

Педагог – бұл барлық жастағы балаларға оқу-білім  және тәрбие беру тәжірибесімен үздіксіз айналысатын тұлға. 

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Баһадүр хан Әбілқайыр бодандыққа сұранды ма?
26.08.2015


«Ел басына күн туған сәтте тарих аренасына жарқырап шығып, қазақ халқын құрып кетуден сақтап қалған даңқты қолбасшы, баһадүр хан Әбілқайырдың ақ патшаға жазған хаты бертінге дейін теріс оқылып келгені мәлім.
Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Байғара батыр және ұрпақтары
28.01.2016

Байғара – Ресей империясының отарлау саясатына қарсы күрескен батыр. Әбілқайыр ханның Ресей қоластына ену туралы шешіміне бірқатар ру басылары келіспей, хан ордасы мен Н. Тевкелев бастаған Ресей елшілігіне қарулы қарсылық көрсеткен.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF