«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » e-Кітапхана

e-Кітапхана

Иманжүсіп Құтпанұлы
00.00.0000

Атасы Тұрғанбай датқа (1804 – 1850) Түркістан қаласы маңындағы Шілік өңірінің биі болған. Әкесі Құтпан Кенесары Қасымов көтерілісіне қатысқан. Иманжүсіп жас кезінен-ақ жырға, шешендік сөзге құмар болып, сал, серілер дәстүрін ұстап, саятшылық құрып, палуан атанады. Иманжүсіп суырып салма ақын, әнші болған. Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Мәди әндерін тамылжыта шырқаған.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Иманжүсіп Құтпанұлы – қазақ көркемөнерінің көрнекті тұлғасы.
00.00.0000

Иманжүсіп Құтпанұлы - сөз жоқ, қазақ көркемөнерінің көрнекті тұлғасы. Өнерпаз тұлғасының қыр-сырын толық тану мен таныту үшін, біздіңше, оның ақындығы, сазгерлігі, әншілігі деген мәселелер жеке дара алынып та, тұтастай да зерттеліп, зерделене беру керек. Бұл орайда Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Муса, Иманжүсіп секілді әнші-ақындар, сал-серілер шығармашылығының халық  әндерінен тамыр тартатынына назар аудармасақ болмайды. 

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Исатай мен Махамбет батырлар  бастаған көтеріліс және оны мектептерде оқыту (қазақ және орыс тілдерінде)
00.00.0000

XIX ғасыр  Қазақстан  тарихында  Ресей  империясының  отаршылдық  озбырлығы  мен  жергілікті  феодалдардың  үстемдігіне  қарсы  халық  көтерілістерінің  жиілігімен ерекшеленеді. 
Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF