«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » e-Кітапхана

e-Кітапхана

Көрнекті отандық этнолог - Х.А. Арғынбаевтың өмірі мен шығармашылығы
19.01.2015

19.01.15

Егеменді еліміздің тарихында терең із қалдырған Ә.Х. Марғұлан, И.В. Захаров, В.В. Востров, М.С. Мұқанов, У.Х. Шәлекенов, Ү.Қыдыралин, Р.Д. Ходжаева, Х.А. Қауанова т.б. сынды алдыңғы толқын отандық этнологтардың есімдерімен қатар Халел Арғынбайұлы Арғынбаевтын аты ерекше аталады. Ол, өз ғұмырын осы салаға арнап, 1920-1940 жылдардағы оқиғалармен байланысты тосын қисындарға толы өмірлік белестерді басынан кешірді. Олардың арасында 1929-1932 жж. ауыл-шаруашылығын зорлықпен ұжымдастыру, 1931-1933 жж. ашаршылық жылдары, 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы т.б. қыйын қыстау оқиғаларды атауға болады.   

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысының басталу себептері және барысы
00.00.0000

ХIX ғасырдың 30-шы жылдарында патша өкіметі Қазақстанда отарлау саясатын онан әрі өрістетіп, қазақ халқының саяси дербестігін біржола жоюға бағытталған шараларды кеңінен жүргізе бастады. 

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Киелі кимешек ; Кимешек – духовный покровитель; Kimeshek is a Spiritual Patron
"Өнер" баспасы, 2012
00.00.0000

Кимешек – қазақ әйелдерінің киелі баскиімі. Бойындағы иманы, инабаты, қорғаны, бетжүздігі, талғамы, дәрежесі, мәртебесі. Салтанат сәнімен әйелдеріміздің бетіне әр беріп келген кимешек те басқа киім үлгілеріндей өзіндік пайда болу, даму, құлдырау, қайта өрлеу дәуірлерін басынан өткізді. «Киелі кимешек» фотоальбомы арқылы ескі мен жаңаны үндестіріп, заманымен үйлестіріп, жаһандану дәуіріндегі қазақ әйелдерін өзіне тән тарихи көркем бейнесімен қайтадан көзайым етуге ұмтылдық. Сыртқы келбетіміздің кейпінен ішкі жан дүниеміздің астарын айшықтай түсуге  алпындық. Бұл еңбек – жасампаз жәдігерлерімізді көркейте түсуге жасалған жарқын қадам, әдепті әрекет. Ғасырлар бойы сәнін де, мәнін де жетілдіре түскен кимешектің бүгінгі тәуелсіз еліміздегі ерікті үлгілері талғампаз қауымның көңілінен шығады деген үміттеміз.

Кимешек – главный головной убор казахской женщины. Он олицетворяет ее честь, совесть, иманизм, защищенность, открытость, вкус, положение, авторитет. Кимешек, как и другие образцы одежды, своей торжественностью озаряя женский лик, прошел через времена появления и востребованности, развития и крушения, перекройки и возрождения. Непосредственно с помощью книги «Кимешек – духовный покровитель» (фотоальбом) мы попытались создать созвучие старого и нового, гармонизировать с современностью и эпохой глобализации, и на фоне главного  головного убора возродить исторический образ ментальности казахской женщины. С яркой подачей внешнего облика женщины, мы постарались сполна раскрыть ее внутренний мир. Этот труд является решительным шагом и тактичным действием во имя дальнейшего процветания творческой реликвии народа. Верим, что нынешний кимешек, веками совершенствуя свое очарование и содержание, своими современными утонченными образцами найдет путь к сердцам широкой общественности нашей независимой страны.

A kimeshek is the main head-wear of a Kazakh woman, which embodies her honour, conscience, protection, openness, taste position and authority. A kimeshek, like other clothes sample has gone through time of appearance, demand, development, collapse, transformation and revival decorating woman’s appearance by its sonority. Directly with the help of the “Kimeshek is a spiritual patron” (photo-album) we tried to create an accord of the old and new ones, harmonize it with the modern time and globalization and revive the historical image of the Kazakh woman amid the main head-wear. With the help of the bright appearance of a woman, we tried to open her inner world. This work is the critical step and tactical action for the sake of the prosperity of the artistic relic of people. We believe that today’s kimeshek, which trough centuries has been improving its charm and content as well as its modern sophisticated models, will find a way to hearts of the wide public of the independent country.


Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Кемеңгер
Қазақ энциклопедиясы, 2010
00.00.0000

Бұл кітаптан Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамаларына, көшбасшылық жолына әлем көзімен Еуропа, Азия, Америка, Ресей елінің басшыларының берген құттықтау сөздері мен қазақстандықтардың жылы лебіздерін оқи аласыздар.


Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Камал Бұрхановтың жаңа кітабі
00.00.0000

Камал Низамұлы Бұрхановтың «Через призму времени: избранные статьи, выступления, интервью» атты кітабінің тұсаукесері өтті. 

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Кәсіпкерлік мәдениет және нарықтық  Құндылықтар
05.01.2014

Техногендiк  өркениет  өзiнiң  бiтiм-болмысында өзiнiң  негiздерiн үнемi  өзгертушi  қоғам  ретiнде  анықталады. 

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Еуразияда қалыптасқан жаңа геосаяси жағдай туралы
00.00.0000

1991 жылдың аяғында территориясы бойынша әлемдегі ең үлкен алпауыт мемлекет Кеңс Одағы ыдырағанда, Еуразияның орталағында орасан зор геосаяси жағдай қалыптасты мұнын өзі жер картасынан маңызы бойынша теңдесі жоқ құрлықты өшіріп тастағандай әсер етті

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Көшбасшы
20.07.2015

1991 жылдың 29 қарашасы күні Лондонда өткен баспасөз мәжілісінде сөйлеген сөзінде Ұлыбританияның сол кездегі премьер-министрі Маргарет Тэтчер: «Қазір әлемде ірі әрі өте ықпалды төрт-бес саясаткер болса, солардың арасында Н. Назарбаев та бар. Мен оған қатты сенемін, сондықтан да оның Қазақстанда жүзеге асырып жатқан іс-әрекеттерінің бәріне келісемін», – деп атап өткен еді. 

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Күнделік. 1972-1991 жылдар
28.08.2015


Бұл жарияланымда белгілі зерттеуші, ғалым Ақселеу Сейдімбектің 1972 жылдан бастап 1991 жылғы тәуелсіздік алу қарсаңына дейінгі күнделігі берілді. Автор қазақ қоғамында болған өзгерістерді өз өмірімен сабақтастыра, тарихи-танымдық тұрғыда әсірелеусіз сипаттайды.
Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF