«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » e-Кітапхана

e-Кітапхана

Нәзипа Құлжанованың оқу-ағартусаласындағы қызметі
00.00.0000

Қазақ қашан да қызын құрметтеген халық. Ағасының сауытын  сұрап киіп Бопай ханым болып жауға шапты, көз жұмған ерінің  орнын білдірмей, Айғаным болып ел басқарды, той мен мерекенің көркі Дина болып өнерді асқақтатты, қара сөз бен қызыл тілдің арқасында Ұлбике,  Сара болып сөзін мәнгі аңыз етіп қалдырды. Сондай аяулы есімдердің бірі – Нәзипа. 

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Наурыз мерекесі - кешегісі мен бүгінгісі
00.00.0000

Бүгінде Наурыз мейрамы- дүниенің әр тарабына түрлі этнографиялық, фольклорлық дәстүр мен ғұрыптардың, ұғымдардың шашыраған көрінісі болып отыр.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Найман хандығы
29.07.2015

Бұл жинаққа дер кезінде көтеріліп зерттелген тарихи зерттеулері мен философиялық толғаныс толғаулары жəне көне қазақ тайпаларының тарихы мен мəдениетін, сол кездің жырауы Құба-тегіннің толғауын алға тарта отырып, ата бабаларымыздың азаттық жолындағы қаһармандылығын, жан күйзелісін паш ететін “Найман хандығы” жайлы жазылған кітабы жəне əлеуметтік мəселелер туралы мақалалар кіріп отыр

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Найманның рулық шежіресі
29.02.2016

Ауызекі шежіреге сын айту қиын, əрине. Шежіре бұл жағынан халық шығармашылығының, жалпы фольклордың бір жанры десе де болғандай. Əрине, оның өз ерекшеліктері бар. Шежіре «тұқымдық», аталық идеологияны қатаң сақтайды жəне осы негізде түзіледі. Оның атқаратын ең басты əлеуметтік қызметі де – осы.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Н.Ә. Назарбаев және Тәуелсіз Қазақстандағы ядролық қару мәселесі (1991-1995 жж.)
03.06.2016

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алған алғашқы күндерден басталған қызметінің басты бағыты өзінің территориясындағы Совет Одағынан қалған аса мол көлемдегі ядролық қарудың, оны жеткізу құралдарының болашағының қалай болатындығына арналды. Бұл жағдай мемлекеттің ішкі мәселесінен шығып, халықаралық деңгейдегі күрделі құбылысқа айналды. Қазақстанның ядролық қаруының тағдыры АҚШ-тан басталған Еуропа, Азия мемлекеттері мен халықтарын алаңдатты. Ел ішіндегі саяси-әлеуметтік, ұлтаралық, тұрмыстық тұрақтылық әзірге қамтамасыз етілмеген, экономикалық даму барысы айқындалмаған Қазақстанның аталған жаппай қырып-жоятын қаруды сенімді сақтауы, таратпауы, осы тұрғыдағы халықаралық келісімге қосылуы туралы мәселелер туындай бастады.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF