«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » e-Кітапхана

e-Кітапхана

Традиционный костюм казахов как объект этнографического исследования
05.01.2014

Уникальным проявлением материальной культуры прошлого явля­ется казахский народный костюм, создававшийся под влиянием условий жизни в степях с их знойным летом, с пронизывающими ветрами, мо­розами зимой, большими перепадами дневных температур. В нем наш­ли отражение эстетические идеалы народа, его образ жизни, социальные эквиваленты. Он отличается ярко выраженным своеобразием и сыграл определенную роль в сохранении и упрочении этнического самосозна­ния народа, наряду с разговорной речью, антропологическими показа­телями служил стойким определителем, по которому отличали своих от чужих. Для него характерна общность форм для всех слоев населения с определенной возрастной регламентацией.

Тілі: орысша Кітап форматы: PDF
Түркістан халықтары тарихындағы ағартушылық кезеңі. Мәселеге жаңа көзқарас қалыптастырудың қажеттілігі жөнінде
00.00.0000

Еуропа тарихында бүтін бір тарихи кезең (ХVІІ жәнеХVІІІ ғғ.) Ағартушылық дәуірі аталады. Мұндай қоғамдық үрдістің негізінде білім мен ғылымның қуатты күшке айналып, жаңа өріс алуы жатты. Еуропалық ағартушылық феодалдық қоғамдық тәртіпті жоюға, ортағасырлық діни фанатизмнен бас тартуға, жеке тұлғаның еркіндігін мойындауға, білім мен ғылымға кең жол ашуға үндеді. Сонымен бірге Ағартушылықты тек еуропалық елдерге ғана тиесілі «аймақтық» құбылыс ретінде қарастыру, әрине, қателік болар еді [1]. Ағартушылық идеясы Ресей арқылы оның құрамындағы қазақ және қырғыз сияқты елдерге де жетті.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Темірбек Жүргенов және (САГУ) Орта Азия мемлекеттік университеті
00.00.0000

Т. Жүргеновтің қоғамдық-саяси және рухани-мәдени қызметін жан-жақты ашып көрсету үшін зерделі зерттеу жүргізіп, шығармаларын жарыққа шығару қажет. Ол үшін Т. Жүргеновке қатысты Өзбекстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Мұрағаты мен Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Мұрағаты қорларындағы құжаттармен танысып, ғылыми негізде саралау керек. Т. Жүргеновтің өмір жолы аясында деректі және көркем фильмдер  түсіруді қолға алса, онда қазақ халқының рухани дүниетанымын жаңғыртуға қосылған сүбелі үлес болар еді. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде жыл сайын дәстүрлі Темірбек Жүргенов оқулары (ғылыми-практикалық конференция) өтсе, Т. Жүргеновтің тікелей ықпалымен өрістеген ХХ ғасырдағы білім мен ғылым, мәдениет пен өнер және халқымыздың қоғамдық-саяси өмірі қазіргі ХХІ ғасырдағы инновациялық өзгерістермен байланыстырыла ұштасатыны сөзсіз.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Түркістан өлкесінде ғылыми-зерттеу мекемелерінің құрылуы мен қалыптасу тарихы
00.00.0000

Түркістан өлкесінің алдыңғы қатарлы көзі ашық зиялы қауым өкілдері ғылым тәжірибелерін пайдалана отырып, қоғамды дамыту және еңбек өнімділігін арттыру мақсатында, ғылымды кеңінен және жоспарлы дамытуға күш салды. Ғылыми-зерттеу мекемелерінің кеңейтілген желілерін құру, ғылымның барлық бағыттарын дамыту, білікті ғылыми кадрларды дайындау мен тәрбиелеуге барлық мүмкіндіктер жұмсалды. Ғылымды құру мен дамыту, ғылыми ұлттық интеллигенцияны құру үшін үлкен жұмыстар атқарылды. 

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Тәуелсіздік белестері
00.00.0000

Тәуелсіздік – халқымыздың ғасырлар бойы армандаған ұлт бостандығы, біздің осы күнгі ең асылымыз, ең қымбат қазынамыз. Тәуелсіздікке жеткен ұлт қана өз мемлекеттілігінің іргетасын құрудан бастап, өзін жаңа сапа биігіне көтеруге кіріспек. Біздің бүгінгі тәуелсіздігіміз, ертеңгі болашағымыз. Ұлтымыздың ұлт болып қалуы, ұрпағымыздың тағдыры осымен байланысты болмақ. 

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Тұнған тарих - Торғайда
00.00.0000

Көне Торғай даласының қойнауы ескерткіштер мен шежірелерге толы. Бірақ осы тарихи байлығымызды қайта жаңғыртып,оның жаңа қырларын ашу ұзақ жылдар бойы тоқырауға ұшырап,сайын даладағы көненің көздері назардан тыс қалып қойған еді.Дегенмен, 2000 жылдың мамыр-шілде айларында өңірдің этномәдениетін зерттеу және жинақтау экпедициясына шыққан өлкетану мұражайының қызметкерлері жоғарыдағы кемшіліктердің орнын толтырды. Экспедиция негізінен Аменкелді, Жангелдин, Қамысты аудандарына жасалды.Торғай өңіріндегі Аманкелді, Торғай кенттері, Құмкешу, Үрпек, Екідің ауылдары зерттеу жұмыстарының басты нысанына айналды. Мұндағы тұрғын үйлердің құрылыс материалдары,  олардың өзгеріске ұшырап жетілдірілуі ,сондай-ақ қолөнер , тұрмыстық  бұйымдардың(сандық,  кілем, киім, ыдыс-аяқ, әшекей  бұйымдары) жасалу жолдары,ерекшеліктері мұқият  зерттеліп, хатталып,  фотосуретке  түсірілді.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Түркілік тәрбие Анталогия (4 рубрика)
Интеллсервис, 2013
00.00.0000

Бүгінгі таңда, ғалымдардың пайымдауы бойынша, жер бетінде отыздан астам ірі-ірі этностар өмір сүріп жатқан болса, солардың ішінде тамыры тереңге тартатын түркі этносының да өзіне тән құндылықтар жүйесі, дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы бар екендігі белгілі. Түркі этносының өз гелерден бөлек даралық сипатын айқындап тұратын, өзіндік бет-бейнесін көрсететін бірнеше факторларды айтуға болады.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Түркілік тәрбие Анталогия (3 рубрика)

Түркілік тәрбие Анталогия (2 рубрика)

Түркілік тәрбие Альманах
Ителсервис, 2013