«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » e-Кітапхана

e-Кітапхана

Уақыт тезінен өткен жыр (Нысанбай жыраудың «Кенесары-Наурызбай» дастанының тарихи негізі жөнінде
00.00.0000

Нысанбай жыраудың «Кенесары-Наурызбай» жырынан ХІХ ғасырдағы қазақ тарихының ең бір күрделі беттерінің арнасымен танысқандай боламыз. Жырдан жыраудың нағыз талант иесі екендігі, сондай-ақ қиянат пен зорлыққа, әділетсіздікке жаны қас оның отаншыл және мемлекетшілдік ұстанымдағы азаматтық тұлғасы анық байқалады. Оның шығармашылығынан туған «Кенесары-Наурызбай» жыры ХІХ ғасырдағы ұлт өмірінен кейінгі ұрпаққа жеткен маңызды мәдени ескерткіш және отан тарихын тура да терең түсінуге көмектесетін дерек көзі ретінде ешуақытта құнын жоғалтпақ емес.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF