«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » e-Кітапхана

e-Кітапхана

ХХ ғасырдың  30-жылдарындағы Қазақстан өнеркәсібіне  ұлттық инженер-техник мамандарын даярлау және Әшір Бүркітбаев
00.00.0000

1933 жылдың 20-қыркүйекте  КСРО Халық комиссарлары кеңесі Қазақстанның астанасы Алматы қаласында КСРО Халық комиссарлары ауыр өнеркәсіп оқу орындарының мемлекеттік басқармасына қарайтын Қазақ тау кен –металлургия институтын ұйымдастыру туралы қаулы қабылдады. 

Жоғары оқу орнын қағаз жүзінде ашу басқада, оның оқу процесін ұйымдастыру, материалдық-техникалық базасын жасау, білікті профессор-оқытушы, студенттер құрамын жасақтау басқа жұмыс. Сол жоқтан барды жасаған, институттың тұңғыш директоры Әшір Жанәліұлы Бүркітбаев болды.
Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Халықаралық музейлер күніне  арналған «Жаңа қоғамдағы музейлердің рөлі» атты іс-шараның материалдары
Ғылым ордасы, 2013
05.01.2014

Жинаққа 2013 жылдың 17 мамырында «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ұйымдастыруымен Халықаралық мұражайлар күніне арналған «Жаңа қоғамдағы музейлердің  рөлі»  атты іс-шараға қатысушылардың баяндама- лары енгізілген. Халықаралық мұражайлар күніне арналған іс-шараның материалдары – жаңа қоғамдағы мұражайлардың рөлі мен маңызын анықтауға, мұражайларды дамытудың жаңа бағыттарын талқылау мен жаңа технологияларды пайдалануға және қазіргі Қазақстандағы мұражай ісі мәселелерін қарастыруға бағытталған. Басылым мұражай қызметкерлеріне, мәдениеттанушыларға, тарихшыларға, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, сондай-ақ музейтану мәселелерімен қызығатын қалың оқырманға арналған.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басындағы Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі сауда жүйесінің дамуы (Сырдария облысы материалдарының негізінде)
Алматы, 2010
05.01.2014

Қазіргі қазақстандық тарих ғылымында ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық тарихы проблемаларына деген қызығушылық артып отыр. Бұл кезеңде дәстүрлі қазақ қоғамына нарықтық қатынастардың элементтері еніп, аймақтық өнеркәсіп пен ұлттық капитал қалыптасып, кәсіпкерлік тенденциялар дамыды. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық тарихы проблемаларын зерттеуге деген қызығушылықтың артуының себебі, қазіргі таңда Қазақстан осыларға ұқсас процесстерді бастан кешіруде.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Халық тарих толқынында І том мақалалар жинағы
"Фолиант" баспасы, 2013
05.01.2014

Қазақстан тарихшыларының Ұлттық Конгресі кітапханасы аясында жарық көріп отырған «Халық тарих толқынында» сериялық ғылыми жинағының бірінші кітабына халқымыздың ұлы мұрасы – тарихымызға арналған ғылыми-танымдық зерттеулер енгізілген. Ғылыми жинақ идея авторы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абылай аңсаған азаттық» атты мақаласымен ашылды. Сериялық ғылыми жинақтың бірінші кітабына, сондай-ақ белгілі ғалымдар мен қоғам және өнер қайраткерлерінің мақалалары, зерттеу-сұхбаттары енген.

Еңбек зерттеуші мамандарға, тарихшыларға, магистранттар мен студенттерге, жалпы Отан тарихына қызығушы қауымға арналған.


Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
ХХ ғасырдағы ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы мен қызметінің бағыт-бағдарлары
00.00.0000

Отандық тарихнамада тарихты бұрынғысынша түсінуден арылып, оны қайта қарап, соны талдау жасау белең алып келеді.


Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
ХХ ғасыр басындағы ұлттық оқу жүйесін қалыптастыру жолындағы алғашқы қадамдар
00.00.0000

Бүгінгі таңда еліміздің тарихын тəуелсіздік талаптарына сəйкес, жаңа заман биігінде қайта қарастыру қажеттілігі туып отыр.


Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Халық тарихының қоғамды біріктіруші əлеуеті
00.00.0000

Өз елінің, өз жерінің тарихи кезеңдерін байыптылық пен зерделеуден өткізудің өзі тек есейген тарихи қауымдастыққа тəн құбылыс.


Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
ХІХ ғасырдың ортасындағы тарихи үдерістегі Жаңақорған тарихының тұлғалану мәселелері
29.01.2015

29.01.15

Өлкетану тақырыбының ең өзекті мәселелерінің бірі – тұлғалануға тікелей байланысты. Өйткені, өлке тарихы көбіне аңыз-әңгіме, шежірелік деректерден құралатындығын ескерер болсақ, осы тарих ғылыми жүйелеуді қажет етеді. Өлке тарихы көбіне жеке тұлғаны алдыңғы орынға шығарады да, сол жеке тұлғалардың соңындағы халық таңдау түскен тұлғаның ерлігі, шешендігі немесе билігі арқылы танылады. Бұл дәстүрлі тарихи жадымыздағы бір ерекшелік. Интеллектуалды тарих осы мәселелерді жіті ескеріп отырмаған жағдайда мифологиизация алдыңғы орынға шығып кетеді де, шынайы тарих тасада қалады. 


Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Хорасан Ата кесенесі
28.10.2015

Хорасан Ата кесенесіне 2006-2007 жылдары қайта жаңғырту және қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Хорасан Ата кесенесінің қайта жөндеуден өткенге дейінгі күмбездері ақшыл сұр түсті қаңылтырдан жасалған еді

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF