«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев

Еңбектері

Тәуелсіздік белестері
Жібек Жолы, 2012
00.00.0000

Қадірлі халайық! Мeн сіздeргe, Қазақстан халқына, қoғамымыздың бoлашағы мeн мeмлeкeтіміздің мұраты хақындағы өзімнің пайымдауымды жoлдап oтырмын. Мeн Сіздeргe oсынау бoлашаққа қoл жeткізіп, өз мұратымызды іскe асыруға жәрдeмдeсe алады-ау дeгeн сeнім ұялататын стратeгияны ұсынғым кeлeді. 

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Ғаламдық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту стратегиясы және өркениеттер серіктестігі
Жібек Жолы, 2012
00.00.0000

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кітабы оның «Постиндустриялық қоғамды қалыптастыру стратегиясы және өркениеттер серіктестігі» атты алдыңғы басылымында бастау алған қоғамның постиндустриялық даму мәселелерін ғылыми зерттеуінің жалғасы болып табылады. 

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Қазақстан жолы
Жібек Жолы, 2012
00.00.0000

Әрбір отбасы өзінікі деген меншікті мекен-жай салып алуды арман етеді. бәрі де кәдімгі қарапайым тілектен басталады. ең әуелі отағасы болашақ үйінің нобайын ой жүзінде жобалап, көз алдына елестетеді. Әрбір бөлшегін ой елегінен өткізеді. Үйдің салынатын орыны анықталғаннан кейін, оның  жобасы қағаз бетіне түсіріледі. Үй іргетасынан басталып, қабырғалары мен шатырына қарай біртебірте салына бастайды. көптеген жанұялар үйіміз сәнді де сапалы болсын деп,  оны жылдар бойы салады.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Сындарлы он жыл
Атамұра, 2003
00.00.0000

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты, жаһандану, есірткі бизнесі, қауіпсіздік, Каспий аймағы, халықаралық құқық, жікшілдік саласында соңғы 10 жылда әлемде және Қазақстан Республикасында болған жағдайлары мен өзгерістері туралы айтады.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Ғасырлар тоғысында
Атамұра, 2003
00.00.0000

Бұл кітап өз көзімізбен көргенімізді, өз басымыздан кешкенімізді, жүздес-сұхбаттас болған тұлғалардың мінездемелерін қамтығанымен, мемуар жанрына жатпайды. Егер бізге салса, бұл шығарманың жанрын «болашақ жайлы естелік» деп санаған орынды сияқты. Әрине, бір-біріне көпе-көрінеу кереғар ұғымдардан тұратын бұл сөз тізбегіне біз атымен басқаша мағына беріп отырмыз. Адамдар, әдетте, өткеннің мәніне ертеңнің тұрғысынан үңіліп түсінеді. Біз оқырмандарымыздың мәселенің байыбына басқаша тұрғыдан зер салғанын қалар едік. Өйткені сөз болатын гәптер белгілі бір нақты кезеңде, сол кезеңнің ағымдағы саясатының арнасында, белгілі бір ретпен жүзеге асқандығы даусыз. Бұл кітаптың мақсаты – расында да, болмыстарынан бедерлі жаратылған саяси ықпалдастарымыздың бейнелерін жарқыратып сомдап шығу емес. Біздің көздегеніміз – кешегі кеңестік үрдіс құлағаннан бергі кезеңде кездескен саяси мәселелердің күрделі табиғатына оқырмандарымызды өз көзімен үңілдіріп, өз тұжырымын жасауына көмектесу.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Қазақстан жолы
Астана, 2007
00.00.0000

Елбасының кітабы Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін баяндайды. Тоғыз тараудың әрқайсысы, тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айшықты қадамдарын ашып көрсетеді. Бұл – Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын жасау жөніндегі жұмыс, қазіргі қолданыстағы ел Конституциясын қабылдау үрдісі, мұнай-газ ресурстарын игеруді бастау, ұлттық валютаны енгізу және табысты банк жүйесін құру туралы жазылған еңбек. Жекелеген тарауларда жекешелендіру мен жер реформасын жүргізу үрдісі әңгімеленеді, елорданы Астанаға көшіру және Қазақстан азаматының тұңғыш ғарышқа ұшуы айтылады. Кітап Президенттің ел жастарына арнаған үндеуі түрінде ойластырылған. Автор бұл кітаптың Қазақстан көшбасшыларының жаңа буыны үшін қолдан түсірмейтін құралға айналар деп сенеді.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Қазақстан халқының азаматтық таңдауы - тарихи зерде, ұлттық татулық және демократиялық реформалар.
Қазақстан, 1999
00.00.0000

Қазақстан халықтары ассамблеясының IV сессиясындағы баяндама, Ақмола, 1997 жылғы 6 маусым.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Тарих толқынында
Атамұра, 1999
00.00.0000

Кітапта автор өткеннің кейбір іргелі сабақтарына жүгіне отырып, қазақ халқының  тарихи жолы туралы ой толғайды, рухани мұраны дамыту мәселесіне тоқталады.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Уроки истории и современность. Тарих тағылымдары және қазіргі заман
Қазақстан, 1997
00.00.0000

Доклад на торжественном собрании, посвященном 5-летию независимости Республики Казахстан.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің бес жылдығына арналған салтанатты жиналыста жасалған баяндама.


Тілі: орысша Кітап форматы: PDF
10 лет. Ассамблея народов Казахстана. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы. 10 жыл
Елорда, 2005
00.00.0000

Сборник докладов на 1-10 сессиях Ассамблеи народов Казахстана.

Қазақстан халықтары Ассамблеясының 1-10 сессияларындағы баяндамалары жинағы.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF