«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев

Еңбектері

Ғаламдық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту стратегиясы және өркениеттер серіктестігі
Жібек Жолы, 2012
00.00.0000

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кітабы оның «Постиндустриялық қоғамды қалыптастыру стратегиясы және өркениеттер серіктестігі» атты алдыңғы басылымында бастау алған қоғамның постиндустриялық даму мәселелерін ғылыми зерттеуінің жалғасы болып табылады. 

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Ғасырлар тоғысында
Атамұра, 2003
00.00.0000

Бұл кітап өз көзімізбен көргенімізді, өз басымыздан кешкенімізді, жүздес-сұхбаттас болған тұлғалардың мінездемелерін қамтығанымен, мемуар жанрына жатпайды. Егер бізге салса, бұл шығарманың жанрын «болашақ жайлы естелік» деп санаған орынды сияқты. Әрине, бір-біріне көпе-көрінеу кереғар ұғымдардан тұратын бұл сөз тізбегіне біз атымен басқаша мағына беріп отырмыз. Адамдар, әдетте, өткеннің мәніне ертеңнің тұрғысынан үңіліп түсінеді. Біз оқырмандарымыздың мәселенің байыбына басқаша тұрғыдан зер салғанын қалар едік. Өйткені сөз болатын гәптер белгілі бір нақты кезеңде, сол кезеңнің ағымдағы саясатының арнасында, белгілі бір ретпен жүзеге асқандығы даусыз. Бұл кітаптың мақсаты – расында да, болмыстарынан бедерлі жаратылған саяси ықпалдастарымыздың бейнелерін жарқыратып сомдап шығу емес. Біздің көздегеніміз – кешегі кеңестік үрдіс құлағаннан бергі кезеңде кездескен саяси мәселелердің күрделі табиғатына оқырмандарымызды өз көзімен үңілдіріп, өз тұжырымын жасауына көмектесу.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF