«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев

Еңбектері

Қазақстан жолы
Жібек Жолы, 2012
00.00.0000

Әрбір отбасы өзінікі деген меншікті мекен-жай салып алуды арман етеді. бәрі де кәдімгі қарапайым тілектен басталады. ең әуелі отағасы болашақ үйінің нобайын ой жүзінде жобалап, көз алдына елестетеді. Әрбір бөлшегін ой елегінен өткізеді. Үйдің салынатын орыны анықталғаннан кейін, оның  жобасы қағаз бетіне түсіріледі. Үй іргетасынан басталып, қабырғалары мен шатырына қарай біртебірте салына бастайды. көптеген жанұялар үйіміз сәнді де сапалы болсын деп,  оны жылдар бойы салады.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Қазақстан жолы
Астана, 2007
00.00.0000

Елбасының кітабы Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін баяндайды. Тоғыз тараудың әрқайсысы, тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айшықты қадамдарын ашып көрсетеді. Бұл – Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын жасау жөніндегі жұмыс, қазіргі қолданыстағы ел Конституциясын қабылдау үрдісі, мұнай-газ ресурстарын игеруді бастау, ұлттық валютаны енгізу және табысты банк жүйесін құру туралы жазылған еңбек. Жекелеген тарауларда жекешелендіру мен жер реформасын жүргізу үрдісі әңгімеленеді, елорданы Астанаға көшіру және Қазақстан азаматының тұңғыш ғарышқа ұшуы айтылады. Кітап Президенттің ел жастарына арнаған үндеуі түрінде ойластырылған. Автор бұл кітаптың Қазақстан көшбасшыларының жаңа буыны үшін қолдан түсірмейтін құралға айналар деп сенеді.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF
Қазақстан халқының азаматтық таңдауы - тарихи зерде, ұлттық татулық және демократиялық реформалар.
Қазақстан, 1999
00.00.0000

Қазақстан халықтары ассамблеясының IV сессиясындағы баяндама, Ақмола, 1997 жылғы 6 маусым.

Тілі: қазақша Кітап форматы: PDF