«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » Брифингтер
Қазақтың ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы өз жұмысын бастады

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен қазақтың ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтті. Алқалы жиынға белгілі тұлғалар, ел басқарып жүрген лауазымды азаматтар, ғалымдар мен зерттеушілер қатысты.