«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » Оқиғалар күнтізбесі » 3 Маусым

Оқиғалар күнтізбесі

3 Маусым
2002 2002 жылы Алматыда Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен шақырылған АӨСШК алғашқы басқосуы өтті.
Оған 16 қатысушы елдің, сондай-ақ БҰҰ-ның, ЕҚЫҰ-ның, Араб мемлекеттері лигасының және 8 бақылаушы елдің өкілетті делегациялары қатысты.
1923 Қазақ мультфильмінің атасы Әмен Қайдаровтың дүниеге келген күні
3.6.1923 жылы Қарағанды облысы Нұра ауданында дүниеге келген – кинорежиссер, суретші, 1974 жылдан ҚазКСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері. ІІ-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.

3 Маусым 2002

2002 жылы Алматыда Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен шақырылған АӨСШК алғашқы басқосуы өтті.

Кездесу барысында тарихи құжаттар - АӨІСШК Алматы актісі мен Терроризмді аластау мен өркениеттер арасындағы үн қатысуға жәрдемдесу туралы Декларациясы қабылданды. Бүгінгі таңда АӨІСШК-ға мүше мемлекеттердің саны 17-ге жетсе, бақылаушы мемлекеттердің қатары Индонезия, Вьетнам, Малайзия, Украина, АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапониямен толықты.

3 Маусым 1923

Қазақ мультфильмінің атасы Әмен Қайдаровтың дүниеге келген күні

1951 жылы Алматы суретшілер училищесін бітірген соң «Қазақстан әйелдері», «Ара» журналдарының редакцияларында жұмыс істеді. 1958 – 65 жылы Мәскеудегі мемлекеттік кинематография институтының көркемсурет факультетінде оқыды. 1965 жылдан «Қазақфильм» киностудиясында жұмыс істеді. 1976 – 81 жылы Қазақстан кинематографияшылар одағы басқармасының мультипликациондық кино және шығармашы жастар арасындағы жұмыс жөніндегі хатшы, 1981 жылдан Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының хатшысы болды. Ол – Қазақстандағы мультипликациондық кино өнерінің іргесін қалаушылардың бірі. 

1967 жылы Қайдаровтың салған суреті бойынша халық ертегісі негізінде тұңғыш түрлі түсті «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты мультипликациондық фильм жасалды. Осы мультипликациондық фильм Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласында өткен Бүкілодақтық кинофестивальда (1968), Нью-Йорк қаласында өткен Халықаралық мультипликациондық фильмдер фестивалында жүлде (1975) алды. Сондай-ақ, Қайдаров «Құйыршық» (1969), «Жанар» (1972), «Күн сәулесінен пайда болған көжек» (1975) атты мультипликациондық фильмдерді жасап, қойды. 1980 жылы Қайдаровқа «Ақсақ құлан» (1968), «Қожанасыр – құрылысшы» (1970), «Қырық өтірік» (1978) сияқты мультипликациондық фильмдер топтамасы үшін ҚазКСР Мемлекеттік сыйлық берілді. Өзі қойған бірсыпыра фильмдер сценарийінің авторы. «Құрмет Белгісі», «Парасат» ордендерімен және медальдармен марапатталған.