«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » Қазақстан тарихы » Кеңестер Одағы құрамындағы Қазақстан » Қазақстан 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысы кезеңінде

Қазақстан 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысы кезеңінде

Отан тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі – Ұлы Отан соғысы тақырыбы.
Біздің ата-бабамыз түрлі қанқұйлы соғысты басынан өткерді. Олардың бірі əрі соңғысы – Ұлы Отан соғысы болды.
Əлем тарихындағы Екінші дүниежүзілік соғыс өзінің ауқымы жағынан, шығындары мен миллиондаған адамдардың өмірін құрбан етуі жағынан өте жойқын болғандығы анық.
Осыдан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын, бүкіл еліміздегі сияқты, Солтүстік Қазақстанның ұлдары мен қыздары отан ананы фашизм апатынан қорғау үшін майданға аттанды.
Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор
Соғыстың алғашқы айларында Кеңестер мемлекеті соғысқа дейінгі жылдары салынған өндіріс қуатының көп бөлігінен айырылды.
1937 жылы фашисттік мемлекеттер – Германия мен Италияның милитаристік Жапониямен әскери-саяси одақ құруы екінші дүниежүзілік соғыстың негізі болды.