«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » Қазақстан тарихы » Тәуелсіз Қазақстан » Ұлт құрылысы

Ұлт құрылысы

Тәуелсіздігімізді дұрыс бағалап, баянды ету үшін өткеннен дұрыс қорытынды шығарып, бүгінгі іс-әрекеттерімізді жолға қойып, болашақтағы мақсатымызды нақтылау қажет.
Ұлттық сананың жетілуінің бір бел­гісі ұлттың өзін-өзі анықтауы. Көне қазақ танымында бұл мәселе «жеті атасын білмеген – жетесіз» делініп, арғы тарихпен ұштасқан.
Ұлт мәселесі – тәуелсіздік жариялап, мемлекеттік символдар: Елтаңба, Ту, Әнұранды қабылдап, БҰҰ-ына мүше болу арқылы шешілмейді.
Бүгінгі таңда әлемде этникалық және этносаралық процестердің күрделенуі байқалуда. Кез келген саяси, экономикалық, мәдени немесе дінге қатысты оқиғалар этникалық сипат алуда.
Тарихпен айналысатын ғылымның да, оның зерттеу нысанының да «тарих» деген бір терминмен білдірілуі бірқатар қолайсыздықтар тудырады.