«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » Білім беру, ғылым, мәдениет ұйымдары » Мұражайлар

Мұражайлар

Қазақ жерінде алғаш пайда болған жазу өнері және оның ең алғашқы нұсқалары мерзімдік кезеңделуі жағынан тас дәуірінен бастау алады.
Елдің тарихи-мәдени, қоғамдық-саяси өмірінен мол мәлімет беретін қолжазбалар қашанда болмасын ұлт мұрасы саналған.
Халық мұрасын жинаушылар, Қазақстан тарихын, этнографиясын зерттеген ғалымдар туралы үнемі айтылып жүр.
Кайнозой дәуірінің төрттік кезеңінің көптеген омыртқалылар өкілдерінің қаңқа қалдықтарын Қазақстан аумағынан табуға болады.
Қазақ ғылымы, бұл – өре басы орта ғасырларда әл-Фараби бабаларымыздан бастап, беріде Шоқан Еуропаға есік ашып, Қаныш Сәтбаев қазығын қаққан берік негіз.
Түркістан қаласы мен оның өңіріндегі қалалар археологиялық мұраларға, жәдігерлерге толы болып табылады. Бұл туралы іргелі еңбектер жазушы ғалымдардың зерттеулері, айғақ бола алады.
Ең бастысы – балалардың рухани мәдениетін байытып, туған елі мен жерін сүюге, ата-анасын сыйлау, үлкенге құрмет көрсету, имандылыққа тәрбиелеу.
Қазақстан ғылымының тарихы мұражайының құрылуы мемлекетіміздің ғылым тарихын талдау мен жинақтау қажеттілігінен туындап отыр.
Мұражайдың басты мақсаты – қарапайым жәндіктен жоғары ұйымдасқан жаратылыстарға дейінгі ежелгі геологиялық дәуірден біздің заманымызға дейінгі Қазақстанның жануарлар әлемін кеңінен таныту.
Мұражай жұмысының негізгі міндеті – халықтың рухани байлығының қайнар көзіне айналған жазба жәдігерлерді өнердің терең иірімдерімен сабақтаса дамыған кітап күйіндегі тарихын баяндау, халыққа көрсету.