«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » Халық тарих толқынында » Бағдарламаны жүзеге асыру » Ғылыми-тәжірибелік конференциялар » Алаш қайраткерлерінің Қазақстан тәуелсіздігі жолындағы ғылыми мұрасы

Алаш қайраткерлерінің Қазақстан тәуелсіздігі жолындағы ғылыми мұрасы

2013 жылы 30 мамыр күні М.О.Әуезов атындағы мұражай-үйінде М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, «Ар ілімі» республикалық жасөспірімдер журналы және Мұстафа Шоқай атындағы Қазақстан-француз достастық қоғамының ұйымдастыруымен Алаш қайраткерлерінің ғылыми мұрасын зерттеп жүрген оқушыларға ғылыми кеңес және қолдау мақсатында «Алаш қайраткерлерінің Қазақстан тәуелсіздігі жолындағы ғылыми мұрасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияның мақсаты:

–Отанға қызмет ету жауапкершілігін тәрбиелейтін «Алаш оқулары» жобасының қазіргі Қазақстанның тәуелсіздігіне қажет Алаш ғылыми-педагогикалық мұрасына негізделген мектебін қалыптастыру болып табылады.

–жасөспірімдерді Алаш мұрасын терең игеріп, оның танымдық мәнін меңгеруге талпындыру;

–оқушыларға Алаш арыстарының Отанға адал қызмет ету идеясын насихаттау;

–жас ғалым оқушылардың ғылыми деңгейін анықтау және оларға қолдау көрсету;

Конференцияның 2-кезеңіне 300-ге жуық оқушылардың ғылыми жұмысы түсіп, оның 50-ден астамы шақырылды

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз