«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » Қазақстан тарихы » Ресей империясы құрамындағы Қазақстан » ХVIII-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті » Қазақстандағы төңкеріс өкілдері

Қазақстандағы төңкеріс өкілдері

Өңірде халық үйірмесі пайда болды, онда көптеген сұрақтар талқыланды, сонымен қатар ұлттық сұрақтар да қарастырылды, бірақ олардыі негізігі бағыты ағартушылық қызметте болды.

Орынбор Қазақстандағы ғылыми зерттеу орталықтарының бірі болды, онда Орыс географиялық қоғамның бөлімі және Торғай статистикалық комитеті орналасқан. Олардың мүшелерінің ішінде Н. Дмитриев, Б. Скалов, П. Добровольский және басқа жер аударылғандар болды. Олармен бірге қазақтар Т. Сейдалин, Б. Даулбаев, С. Джантюрин, Б. Наурызбаев және т.б. жұмыс істеді.

Орал өлкетану орталығы болып табылды, онда әр түрлі материалдар жиналды және өнделді, олар мақалалар түрінде шығарылды.

Омбы маңызды мәдени және ғылыми орталық болып табылды, сол жерде саяси жер аударылғандар Географиялық қоғам бөліміне және Ақмола статистикалық комитетіне бірікті. Белсенді қатысушылар арасында  Ф. Щербина, Г. Н. Потанин, Н. Петропавловский, А. И. Сведенцов, Л. К. Чермак, Д. Клеменц, В. Остафьев, Н. М. Ядринцев және Ә. Бөкейханов, М. Шорманов, Н. Жетпісбаев оларға қосылды.

Семей қаласындағы қазақ өңірін зерттеу орталығы саяси жер аударушылар Е. П. Михаэлис, С. Гросс, А. Леонтьев және т.б. арқасында пайда болды.

Ташкент қаласының ғылыми мекемелері Оңтүстік Қазақстан облысын зерттеу орталығы болып табылды, онда халықшылдар  П. И. Пашино, Г. С. Загряжский, Д. Иванов, Г. Усов, И. Гейер, Е. Смирнов және т.б. ғылыми қызметпен айналысты. Жергілікті өлкетанушылар олармен тығыз қатынаста болды. «Түркістан өңірінің статисткасына арналған материалдар», «Сырдария облысының статистикасына арналған материалдар жинағы», «Түркістан мекемеаралықтарында» халықшыл бағыттың көптеген зерттеулері жарық көрді. Жетісу, Верныйда халықшылдар Г. С. Загряжский, Р. И. Метелицын, В. А. Монастыр­ский, А. Флеров, К. Вернер, С. М. Дудин және жер аударылған көптеген поляктар ғылыми зерттеулермен айналысты.

Жер аурылған төңкерісшілер халықшыл позициясымен қазақ халқының өткені мен бүгінгі күнін зерттеді. Осылай, этнографиялық сипаттауға олар әрқашан әлеуметтік және саяси сұрақтарды қосты. Олардың зерттеулері мен мақалалары әлеуметтік үнге ие болды.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстан аумағында көптеген тарихи-статистикалық, этнографиялық, геологиялық және географиялық экспедициялар жұмыс істеді. Төңкерісшіл өкілдер олардың белсенді қатысушылар болды. Әрбір экспедицияға жергілікті ұлттардың өкілдері, көбінесе қазақтар жолсерік пен аудармашы ретінде қатысты. Олар төңкерісшіл өкілдермен байланысқа бірінші болып түсті. Аудармашылар көбін түсініп қана қоймай, өздері білетін мәліметтермен де бөлісті, олар өз халқының білімі, материалдық және рухани мәдениеттің тасымалдаушысы болды, дала аңыздарын, билердің маңызды шешімдерін, қарапайым құқықтың заңдары мен салттарын, мал шаруашылықты жүргізу жүйесін, көшпенділер жолын және т.б. жақсы білген. Нәтижесінде осы сұрақтардың көбі халықшылдардың ғылыми жұмыстарында өз бейнесін тапты.

Екі халықтың осындай өзара қарым-қатынастары, олардың арасындағы тұңғыш көптеген байланыстары қазақ және орыс халқының жақындауына көмектесті. Қазақ және орыс өкілдердің шығармашылық достастығы қазақ қоғамдық ойдың дамуына демократиялық негіздерді салды. Орыс демократиялық және төңкерістік ойдың өкілдері патша отаршылдығына қарсы орыс және қазақ халықының арасындағы достастық қатынастардың дамуына көмектесті.

Орынбор қазақтарының кедендік басқармасында Ы. Алтынсарнмен бірге саяси жер аударушылар А. Н. Плещеев, М. Муравский, поляк жер аударушылар М. И. Винер, А. Пашковский, М. Лукашевич жұмыс істеді, олар қазақ ағартушылық дүниетанымының қалыптасуына әсерт етпей алмады. 70-80-шы жж. Географиялық қоғамның Орынбор бөлімі және «Оренбургский листок» газеті арқылы Ы. Алтынсарин Э. С. Старшинский, Г. С. Карелин, А. А. Тилломен байланысты болды. Олардың барлығы патшалық қудалауға ұшырады. Төңкерісшіл демократ Д. И. Писаревтің университет бойынша жолдасы жер аударылған,Ы. Алтынсаринмен бұрынғы сенімді қатынастағы П.Н. Распопов болды.

Абай Құнанбаевтың Е. П. Михаэлис, Н. И. Долгополов, С. С. Гросс, А. Влековпен өзара қарым-қатынастары орыс зиялы қауым өкілдері мен қазақ ағартушыларының жеке және идеялық байланыстардың жарқын үлгісі болып табылады. Халықтық дүниетанымы және халық алдындағы зиялылық қарызы туралы тезисі Ы. Алтынсарин рухани мұрасында нақты бақыланады. Өз халқының өткен мен бүгінгі күніне, болашағына деген терең қызығушылық Ы. Алтынсарин мен А. Құнанбаевты төңкерістік халықшылдықтармен жақындатты.

Төңкерісшіл халықшылдар қоғамның қайта құрылуы үшін күресте жасырын және жария баспасөзге үлкен назар аударып отырған. Қазақстан аумағында мерзіді және сүрелі басылымдардың ұйымдастырушылары болды, барлық жергілікті басылымдарға қатысып отырды. «Туркестанские ведомости», «Оренбургский листок» газеттері қазақ тақырыбында көптеген материалдарды жариялады. «Восточное обозрение» газетінде қазақ тақырыбы бойынша материалдар жарияланып отырды, оны Н. М. Ядринцев және И. И. Попов редакциялады. Онда қазақ халқының, диқандық қоныс аудурашылардың өмір және тұрмыс мәселелері, өңірде денсаулықты сауқтау туралы мәселелер көтерілді. Халықшыл материалдар «Сібір» газетінің беттеріне түсіп отырды. «Степной край» Омбы газетінің пайда болуы мен алғашқы жылдары толығымен народоволецтерге міндетті болды. «Астраханские вестники» газетінде де қазақстандық тақырыпқа арналған халықшыл материалдар жарияланып отырды. «Оренбургский листок», «Туркестанские ведомости» және «Тургайская газета» газеттері қазақ халқы мен орыс қоныс аударушы шаруалар туралы көптеген материалдарды жариялады. Осы басылымдардың көптеген тілшілері полицияның ашық және жасырын бақылауында болды.

Қазақстандағы педагогикалық ой мен мектеп білімінің дамуына төңкерісшілік халықшылдардың қатысуы көп жоспарлы болды. Халықшыл ұйымдардың теоретикалық құжаттарында халық білімінің сұрақтары ерекше белгіленді. Халықшылдар ұстазда насихаттаушы мен үгітшіні, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиешісін көрді, формализм, құрғақ жаттаумен күресу, білімге деген қызығушылықты ояту, оқушылар мен халық алдында азаматтық борыштың орындалуын міндетті деп санады.

Қазақстан халықшылдары қазақ және казак тұрғындары арасындағы ағартушылық жағдайын зерттеді. Қоныс аударушылар Б. И. Сцеборский, Н. М. Ядринцев, Г. Б. Байтов, В. А. Остафьев, М. Кулижнов, С. Л. Чудновский, Л. Чермак, С. П. Швецов өңірдегі мектеп ісінің зерттелуімен айналысты. Өңірдегі білім жағдайы облыстар мен қалалар бойынша талданды: мектептердің жағдайы, оқушылар саны, мұғалімдердің құрамы мен жағдайы, оқушылардың материалдық жағдайы, оқыту деңгейлері көрсетілген. Сонымен қатар бастауыш білімге ерекше назар аударылды. Қазақстандағы патша әкімшілігі «халық біліміне суық қарайды» деп халықшылдар заңды түрде  есептеді, олар қазақ халқының кең ағартушылығы үшін болды. Мұндай мектеп «өз оқушыларын жақсы білім бере алмайды» деп есептеп, мұсылман білімінің төмен деңгейін сандар мен фактілермен көрсетті. Либералды халықшылдар осыған қарама-қарсы мұсылман білімін заңдастыруға ұмтылды. Либералды халықшылардың идеялары өкіметтің ресми нұсқауларымен қабыстырылды. Либералды халықшылдар орыс-қазаақ ауыл шаруашылық мектептерін өңірдегі ең үздік мектептер типі деп санады. Бірақ қазақ интернаттары мен ауыл шаруашылық мектептерде оқу процесін ұйымдастыру деңгейі лайықты шыңға қойылған жоқ. Сол уақытта білім жүйесінде олар бюрократизмға, уез басшыларының өзін-өзі билеуіне қарсы шықты, мектептердің кедей жағдайына және мұғалімдер еңбегінің ауыл жағдайына қарсы күресті.

Төңкерісшіл халықшылдар мектеп білім саласында теоретиктар ғана болмай, қазақ халықының арасында өз идеяларын жүзеге асыруға ұмтылған тәжірибешілер болды. Б. И. Сцеборск, Л. П. Степаноа, К. Щербаков, Е. Бекарюково, Н. Беляев, А. Шайтанов, Д. Гусев, Д. Дениш, А. Прозоровск, К. Дудоладова, И. М. Скорковск, Е. Нечволадова, А. Калычеваның қызметі осындай болды. Қазақстанның әр түрлі жерлерінде халық төңкерісшілері қатысқанда «Бастауыш білімі туралы қамқорлық қоғамдары» ашылды. Олар өз қызметін Семей, Қостанай, Ақтөбе, Петропавл, Ташкент, Әулие-Ата, Верныйда жүргізді.

Олардың әсерімен қазақ жастарының бірінші тобы жоғары оқу орындарға білім алуға кетті. Казан университеті, Омбының арнайы оқу орындары орыс және қазақ жастардың бірігуіне көмектесті.

Халықшыл-дәрігерлер Қазақстанның әр түрлі уездерінде жұмыс істеді және Ішкі орда, Ақмола облысы, Семей, Торғай, Өскемен, Сырдария, Жетісу облыстары уездерінің тұрғындарымен тығыз байланысты болды. Олар қазақ даласындағы санитарлық-медициналық жағдайлардың көптеген сипаттаулары мен есептердің авторлары болды. Мұндай материалдар жергілік ведомстволық басылымдарда жарияланып отырды. Қазақстан ауылдары мен қалаларындағы медициналық қызметтің ауыр жағдайын халықшылдар қоғамдық сотқа шығаып отырды. Олардың материалдарында қазақ және орыс халқының кедей жағдайы, қажетті медициналық көмектің жоқтығы, әртүрлі аурулардың таралыуы ашылды (Д. Л. Дедлов, Л. А. Кузнецов, В. Остафьев және т.б.).

Тырысқақ, сүзек, қырқұлақ індеті кезеңінде халықшыл-дәрігерлер қайсарлықты көрсетті. Олар медициналық пункттерді ұйымдастырды, дәрілермен қамтамасыз етті, ауыр жағдайларда науқас адамдарды қабылдады, ауруханаларда, тырысқаққа қарсы, сүзекке қарсы барақтарда жұмыс істеді. Халықщыл-дәрігерлер Л. К. Кузне­цов, Д. Д. Бекарюков, С. Н. Флоровский, К. А. Белиловский, А. Будков, Л. 3. Буйко, А. А. Полубинский және т.б. адамдардың өмірі үшін күресті. Әсіресе 1892 жылдағы аштық пен тырысқақ індеті аса ауыр болды. Осындай жағдайларда Қазақстанда халықшылдар үшін халық алдындағы парызы туралы ХІХ ғ. 70-ші жж. идеологтардың теоретикалық жағдайы сол күште қалды.

70-90-ші жж. жағдайларда халықшыл-дәрігерлер медицина саласында орыс-қазақ ынтымақтастықтың берік негіздерін қалады. Халықшылдар мен қазақ-фельдшерлер аштық және індет кезеңінде Қазақстанның әрбір жерінде бірігір жұмыс істеді.

© ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов ат. тарих және этнология институты

Авторлық ұжымның келісімсіз басқа веб-ресурстарда материалдарды қолдануға рұқсат жоқ


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз