«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » Қазақстан тарихы » Тәуелсіз Қазақстан » Болашаққа ұмтылған Қазақстан » Экспо - 2017 көрмесі - елдіктің ерен жеңісі

Экспо - 2017 көрмесі - елдіктің ерен жеңісі

Көрме біздің елімізге ірі инвестиция тартуға мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ ЭКСПО көрмесін өткізу арқылы Қазақстан «жасыл экономиканы» дамытуға тікелей септігін тигізетін жаңа технология мен инновация алады» - деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзінде.

Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқысы бола білді.[1] ЭКСПО көрмелерінің идеологиялық теке ті­рес­тің алаңына айналу арқылы да ғажап нысан­дардың, ғажайып туындылардың дүниеге  келуіне себепші болған жайлары жеткілікті. 1937 жылы Парижде өткізілген Бүкіләлемдік көрме тарихқа адамзаттың Екінші дүниежүзілік соғыс алдында­ғы жетістіктерінің байқауы ретінде де, жиырма жылдығын жаңа атағалы жатқан социализм мен енді-енді бас көтере бастаған фашизм идеялары­ның бетпе-бет келген сәті ретінде де енген. Эйфель мұнарасына барар жолдағы екі қанаттан орын берілген КСРО мен Германия павильон­да­рының бәсекесі елді ерекше елең еткізген. Біздің қазақ наурыз туғанда ериді деп аңызға айнал­дырған Самарқанның көктасымен көмкерілген ұзындығы 150 метрлік советтік павильонның дәл ортасына мүсінші Вера Мухинаның қолынан шыққан биіктігі 24 метрлік «Жұмысшы мен колхозшы» скульптурасы қойылған еді, оның дәл қарсысына неміс архитекторы А.Шпеердің ойлас­тыруымен мүсінші Й.Торактың «Жолдастық» пен «Отбасы» скульптура тобы, ал жалпы неміс павильонының ұшар басына Үшінші рейх символы – бүркіт орнатылған болатын. Жалпы салмағы 185 тонналық Мухина мүсінінің монументті өнердің аса көрнекті жәдігерлігі ғана емес, советтік дәуірдің бөлекше бір символы екендігі орта жастағы, егде оқырмандарға жақсы мәлім деп ойлаймыз.[2] Әйелдің қолындағы орақ пен ер азаматтың қолындағы балға жұмысшы табы мен колхоз шаруаларының – жаңа совет елінің жаңа қожайындарының бұлжымас бірлігінің бейнесі ретінде бүкіл әлемге танымал болған. Кезінде Мәскеуге жолы түскен адамның Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің алдында орнатылған осы ұлы туындыны бір көрмей кетпейтіні сирек еді. Бүкіл­әлем­дік көрменің мәдениетке әсер-ықпалы дегенде біз сол 1937 жылғы ЭКСПО-да Пабло Пикассоның атақты «Герникасы» қойылғанын да айтамыз.

«ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу Қазақстан үшін халықаралық деңгейде алға жылжуында үлкен қадам болмақ. EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуге ниетті Қазақстан әлемдік қауымдастыққа «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынғаны белгілі. Қалай дегенде де, EXPO сияқты халықаралық көрмелерге қатысу қай елдің болса да әлеуетін дүниежүзіне паш етуге берілген тамаша мүмкіндік деуге болады. Оның үстіне, әлем алдында өзіңнің даму деңгейіңді іс жүзінде дәлелдей отырып, шараны жоғары жауапкершілікпен өткізу – өте зор құрмет. Өйткені елдерді достастыру, ауызбірлікке шақыру, инфрақұрылымдарды лайықты деңгейде дамыту – жоғары дәрежеде өтетін кез келген іс-шараның мақтанышы. [3]

Әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері ғылымдағы өзінің соңғы жаңалықтарын ұсынатын бұл халықаралық көрмені өткізу идеясы неден туындап отыр? Жасыратыны жоқ, бүгінде елімізде баламалы көздерден қуат алу мәселесі әлі де болса шешілмеген. Ал әлем дамудың жаңа, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз жолдарын қажетсінеді.

Міне, сондықтан да Қазақстан «Жасыл экономикаға» бет бұрды. Егер EXPO-ны өткізудің сәті түссе, осы бір қордаланған мәселелер шешімін табады.  
  Шындығында да еліміздің географиялық орналасу жағдайын, жел және күн энергиясын пайдалану мүмкіндігін, сондай-ақ мұнай және газ ресурстарының энергетикалық әлеуетін ескерсек, бұл қажеттіліктің орнын толтыруға тамаша мүмкіндік туып отыр. Қазақстанның сағатына 1 трлн кв энергия өндіруге мүмкіндігі бар. Оның үстіне Астана көрмені өткізу құқығын жеңіп алған жағдайда, ЭКСПО-2017 көрме қалашығы толықтай баламалы энергия көздері арқылы жұмыс істеуге көшеді. [4]

 Мұны көріп-біліп отырған сарапшы мамандар еліміздің мүмкіндіктері мен артықшылықтарын толық мойындауда.  Демек, бұдан шығатын қорытынды, әлемдегі белді ұйымдар Қазақстанның EXPO көрмесін өткізуіне бір жағынан мүдделі болып отырса, екінші жағынан Қазақстан мен оның «энергия» тақырыбына деген қызығушылығын көптеген елдер қолдауда. Қазір елуден астам ел Астанада көрмені өткізуге жазбаша келісім берсе, қырықтан астам мемлекет ауызша растаған.
  Тағы да мамандардың пікіріне тоқтала кетуді жөн көріп отырмыз. КХБ бас хатшысы Висенте Лоссерталес Астананың EXPO-2017 өткізуге мүмкіндігі жоғары деп есептейді. Ол біздің еліміздің үш артықшылығына бас мән беретінін жеткізді. Оның пайымынша, біріншіден, Қазақстан басшылығының саяси еркіндігі бар, екіншіден, бұл істі абыроймен атқаруға қажетті қор жеткілікті, үшіншіден, біздің еліміз ұсынып отырған «Болашақ энергиясы» тақырыбы бүгінде бүкіл дүние жүзінде маңызға ие болып отыр. [5]

Тарихқа көз жүгіртсек, EXPO дәстүрлі көрмесі бұған дейін Азияның солтүстік шығысында, Еуропа мен Солтүстік Америкада өткізіліп келген екен. Ал енді Шығыс пен Батыстың арасындағы алтын көпір болып табылатын жаңа өңірде, Еуропа, Таяу Шығыс елдерімен, бұрынғы Кеңес республикаларымен, сондай-ақ  Орталық Азия елдерімен өте жақсы қарым-қатынас орнатқан жас мемлекетте өткізу Астанаға тағы бір ұпай алып келеді.
  Қазақстан елордасы сайлау алды бәсекеде жеңіске жетсе, осы саладағы үздік әлемдік үрдістер мен әзірлемелерді көрсетіп, оны талқылау үшін тиімді алаңға айналары сөзсіз. Қазірдің өзінде «Болашақ энергиясы» тақырыбында жұмыстар басталып кетті. Қазақстан жаңа энергия көздерін енгізу бойынша халықаралық пікірталастарға белсенді түрде қатысып келеді.

Айталық, 2012 жылдың маусымында Астанада өткен «Болашақ энергиясы» халықаралық симпозиумы ғаламшардың назарын қайта жаңартылатын энергия көздерін күшейту мәселелеріне аударды. Мұның өзі Қазақстан үшін EXPO-2017 көрмесін өткізуде маңызды шаралардың бірі. [5]

Қорыта келгенде, күннен күнге дамып жатқан заманауи технологияларды тиімді пайдалану үкіметтік деңгейде қолға алынса, біздің дәстүрлі энергия көздеріне тәуелділігімізді айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік туар еді. Сонда біз қоршаған ортаны зиянды қалдықтардан қорғап қана қоймай, көптеген жұмыс орнын құрып, сатып алу қабілеттілігін арттыра аламыз. Сондықтан да біздің Тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін EXPO-2017 көрмесін өткізудің маңызы өте зор. Әрбір қазақстандық біздің жеңіске жететінімізге сенеді және Көрмелердің халықаралық бюросы делегаттары оң жауап береді деген үмітте. Өйткені біз үшін жеңіс маңызды. Астана - алғаш атқан таңынан бастап жақсылыққа тұмар, жаңалыққа құмар болған ерекше шаһар. Осы арқылы біз ЭКСПО-ның үкілі үмітін Еуразия төрінен ақтауға, арман-тілегін Жер кіндігінен бастауға ЭКСПО – Бүкіләлемдік көрме. Оны өткізу мүм­­кін­дігі елге жүз жылда бір рет қана берілуі мүм­кін. Кей елдерге жүз жылдап та берілмеуі де мүм­­кін. Қазақстан – сондай мүмкіндікке тәуелсіз да­муының алғашқы ширек ғасырында-ақ қол жет­кіз­ген сирек елдің бірі. [6]

ЭКСПО-2017 – мем­лекетіміздің мығымдығын, еліміздің еңсе­лілігін, ойымыздың тереңдігін, халқымыздың қо­нақжай­лы­лығын, айналып келгенде ұлттың ұлылығын көрсететін тұс. Дәл солай боларына се­неміз.

«Елбасының Жолдауын бәріміз тыңдадық. Президент «Қазақстан-2050» стратегиясын жария етті. 2030 жылға дейін қойылған мақсаттар мен міндеттер 2030-ға жетпей орындалды десем, қателеспеген болар едім. Себебі, бүгінде елімізді бүкіл дүниежүзі танып отыр. Оған дәлел - жақын арада ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу үшін сынға түскенде Қазақстанды қолдап 103 ел дауыс берген. Жеңісті естіп қуанған елорда жастары күннің суығына қарамастан, жаңа қазмедиаорталықтың алдына жиналып, Франциядан тікелей сөйлеген Елбасының сөзін тыңдадық. ЭКСПО-2017 көрмесі тек Астана үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін экономикалық дамудың жаңа қадамы болады».

 «Елбасы биылғы Жолдауында он сын-қатер туралы сөз қозғады. Бұл ретте, жастарға да қауіп төндіретін проблемалар аз емес. Биыл Елбасының тікелей тапсырмасы бойынша аймақтарда жастар саясаты жөніндегі басқармалар құрылды. Білім және ғылым министрлігі жанынан комитет құрылды. Бұл ұйымдардың басты мақсаты - жастардың ой-өрісін дұрыс бағытқа салу.[6]

Қазақстан  соңғы жылдары  орнықты  өсу үшін ноу-хау секторын дамытудың маңыздылығын  түсіне отырып,  ұлттық экономиканың  сенімді  және ұзармерзімдік дамуына  жағдай  жасауда, мүмкіндіктер  қалыптастыруда.

Ұлттық  инновациялық  қордың  мұрагері Технологиялық  даму жөніндегі  ұлттық агенттік  бүгінге  инновациялар енгізу саласындағы  жобаларды  қолдаудың  түрлі тетіктерін ұсынуда. Технологиялық инновациялық  бизнеске  қаржы салып отырған  қазақстандық  және  шетелдік капиталдарына ие венчурлық  инвестициялық институттар  құруға  атсалысу  мүмкіндігі  қарастырылуда.

Осылайша,  отандық  инноваторлар  алдыңғы  қатарлы батыс технологияларына қол  жеткізіп,  оларды Қазақстанға трансферттемек.

Технологиялық  даму жөніндегі  ұлттық агенттік 2012  жылдың басында ғана  бұрынғы  жетекші  инновациялық  құрылымның  мұрагері  атанғанын  ескерсек,  әзірге  Израиль,  Германия,  Малайзия, АҚШ және  Ресей  елдерінің  бірқатар верчурлық  қорларымен  ғана  байланыс  орнатылғанын  айта аламыз.

Агенттіктің ірі  венчурлық  жобаларға  инвестор  болуы  отандық инноваторлардың  осынау тәуекелі  мол, бірақ  табысты  нарықтағы  белсенділіктерін  арттыруға  деген ниеттерін  паш  етеді. Егер  қолдау тетіктері  туралы  айтар болсақ, бүгінгі таңда екі  негізгі ұсыныс  бар – технологиялық бизнес-инкубациялау  және инновациялық  гранттар  беру.

Бірінші  тетік - индустриялық-инновациялық  субъектілерге  бастапқы  кезеңде  8  өңірлік технопарк  тарапынан  жаппай  қолдау көрсетуді  қарастырады.

Ал екінші  тетік - 9 бағыт бойынша (агроөнеркәсіптік кешен, машина жасау,  кен өндіру өнеркәсібі, жеңіл және  ағаш өңдеу өнеркәсібі, құрылыс материалдарын және  басқа металл  емес минералдық өнімдерді  өндіру,  көлік және  қойма,  ақпарат және байланыс, химиялық  және  фармацевтикалық  өнеркәсіп,  өнеркәсіптің басқа салалары)  инновациялық  жобаларды  тең қаржыландыруға  мемлекеттің  атсалысуы.

Мемлекет  әсіресе  инновациялық  жобаларды  патенттеу және  коммерцияландыру  процестерін  белсендірек қаржыландыруға  дайын.  Сондай-ақ,  қаржы қалдықтарын  келесі қаржы  жылына ауыстыру және өтініштерді  үздіксіз  қабылдау режимі,  өтініш берушілердің  құжат тізімдерін  және  құжаттарды  қарау мерзімдерін  қысқарту  сияқты  жаңалықтар  енгізіліп отыр.

Осы  және  басқа  шаралар  мемлекет пен  инноваторлардың  өзара  қарым-қатынастарын  оңтайландыру  және  жаңа  инновациялық жобалар мен  ұсыныстарды  іске  асыру  үшін қосымша  ынталандыру  шараларын  жасауға мүмкіндік береді.

Қазақстанның ресурстары да, мүмкіндіктері де, оның ішінде  қаржылай мүмкіндіктері де бар, оған  танымал қазақстандық  кәсіпкер Кеңес Рақышевтың ресейлік Fastlane Ventures  провайдерінің  онлайн-стартаптарына   $13 млн. доллар  инвестициялау  туралы шешімі  туралы соңғы хабар  дәлел.

Мәлім етілгендей,  инвестициялар Fastlane Ventures компаниясының ресейлік интернет-нарықтағы  ұстанымын  нығайтуға,  жаңа онлайн-бизнестерді іске қосуға,  Fastlane Ventures портфель компанияларын  ынталандыруға жұмсалады,  сондай-ақ іріктелген  бизнес-модельдерді ағымдағы нарықтық жағдайларда сынақтан  өткізуге мүмкіндік береді.  Кеңес Рақышев «ВТБ Капитал», Direct Group and e.ventures.  сияқты стратегиялық  әріптестермен бірге Fastlane Ventures директорлар кеңесінің құрамына кіреді.

- Интернет қазір –  ресейлік сектордың ең перспективалық секторының бірі, ал  Fastlane Ventures –  онлайн-индустрияның  жетекші ойыншысы.  Компания командасы саланың  танымал  сарапшыларынан  тұрады. Fastlane Ventures қолындағы бар  мүмкіндік  мен  идеяларды  табысты  онлайн-бизнестерге  айналдыра  алатындығына сенімдімін, - деді Кеңес Рақышев  өз шешімі туралы.

Қалай болғанда да, бұл  Қазақстанның  миллиондаған  инвестициялар  тарту үшін верчурлық  және  интернет-жобалар нарығында әлі де  әлсіз  ойыншы екенін  көрсетеді. Бірақ  айта кету керек,  әлеуетті инвесторлар тарапынан жеткілікті  еркін  қаржылай ресурсқа  ие екені анық.

Жаңа бағыттардың бірі  «жасыл инновацияларға» ұстанған  бағыт болып табылады.  Жоғары деңгейде мемлекеттік биліктің  қолдауын  алғаннан кейін   әлеуетті перспективалық  тренд, Елбасының  мәлім етуінше және  EXPO-2017  көрмесін өткізу  тақырыбында осы бағыттың  пайда болуына  байланысты,  отандық инновациялық  жобалар пакетін  жасақтауда  негізгі секторға айналады.

Аталған бағыттағы инновациялық ұсыныстар  алдағы жылдары  мемлекеттік деңгейде  сұранысқа  және қолдауға ие болады деп пайымдауға болады.

«Болашақтың энергиясына» көшуге мүдделілік идеясын елдің өзі көрсете білуі тиіс. Үкімет біздің елімізде бұл бағыттың тиісті деңгейде дамуы мәселелерімен жұмыс істеуі керек. Алдағы бес жыл ішінде Қазақстан таза энергия түрлерінің әзірлемелері мен енгізілуі саласында инновациялық серпіліс жасауы қажет. Сондықтан болашақ энергиясын дамытудың 2013-2017 жылдарға арналған тиісті кешенді жоспарын қабылдау жайын анықтап алуды тапсырамын. Ол жоспар барлық өңірді, ұлттық холдингтерді, зерттеу институттары мен әлеуетті отандық және шетелдік инвесторларды қамтуы тиіс.

Бағдарламалық барлық құжаттарды үйлестіру керек, - деп тапсырды Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзінде.

Сентаева Рита Темірбекқызы, М.Х. Дулати атындағы ТарМУ магистрі

                                                                 Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Егемен Қазақстан №73(28012) 2013ж.

  2. Егемен Қазақстан №69 (28008) 2013ж.

  3. Ақжол №11 (17699) 2013ж.

  4. Ақжол №8 (17696) 2013ж.

  5. Ақиқат №1 2013ж.

  6. Отан тарихы №4 (60)- 2013ж.


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз