«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » Білім беру, ғылым, мәдениет ұйымдары » Кітапханалар » «Ғылым ордасы» РМК Ғылыми кітапхана

«Ғылым ордасы» РМК Ғылыми кітапхана

Кітапхана Қазақстан мәдениетінің, білімінің, ғылымының дамуына елеулі үлес қосып, жоғары-деңгейде, ақпараттық қолдау көрсетеді, пайдаланушылардың кітапхана ресурстарына, барлық таратылатын, ақпараттарға ашық қол жетімділікті ұсынады.

Ғылыми кітапхана 1932 жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы бөлімі негізінде құрылған.
Кітапханада 6 оқырман залы жұмыс істейді, ғалымдарға, ғылыми қызметкерлерге, ЖОО оқытушыларына, мамандарға, магистранттарға, студенттерге және т.б. оқырмандарға қызмет көрсетіледі.
Кітапхана қорлары ұлттық және шетел басылымдарының, диссертациялардың, ғылыми еңбектердің, Қазақстан ғалымдарының жеке кітапханаларының бай топтамаларынан тұрады. Қордың көлемі 5,0 млн. астам кітапты құрайды.

Сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиеттер қоры 210 мың данаға жуық сирек кітаптарды, қолжазбаларды, фотокөшірмелерді, микрофильмдерді, диссертацияларды, авторефераттарды, қазақ тіліндегі кітаптарды, ТМД халықтары тілдеріндегі әдебиеттерді және мерзімді басылымдарды құрайды. Сирек кітаптар мен қолжазбалардың жалпы хронологиясы: XII, XVI–XXI ғғ. (1940 жылға дейінгі) басылымдар. ҒК әлемнің 71 елінің 630 ғылыми мекемелерімен серіктес бола отырып, 1951 ж. бастап халықаралық кітапалмасу (ХКА) жүргізеді.

1983 жылдан бастап кітапхана өз алдына кітапханалық-библиографиялық үрдістерді автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Ғылыми кітапханада MarcSQL автоматтандырылған, ақпараттық кітапханалық жүйе (ААКЖ) бағдарламасымен жұмыс істейді. Ғылыми кітапхана өзінің Сандық кітапхана үлгісін жасаушы болып табылады, онда 1 мыңнан астам сирек бірегей басылымдардың атаулары, 40 жеке дерекқоры, Қазақстан ғалымдары еңбектерінің электрондық топтамалары бар.
Ғылыми кітапхана ғылыми журналдар баспаларының дерекқорына; Science Direct платформасындағы Elsevier баспасының электрондық ресурстарына (соңғы бес жылдықта 2 мыңнан астам журналдан тұратын 23 тақырыптық топтама), 40 млн. жазудан тұратын жарияланымдардың дәйексөз алу индексі бар Scopus жалпы ғылыми реферативтер базасына, Ресей мемлекеттік кітапханасының (РМК) ғылыми диссертацияларына, e-library толықмәтінді ғылыми құжаттарына, Thomson-Reuters, Springer баспасының Web of Knowledge дерекқорына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Кітапханада қашықтықтан қызмет көрсету — құжаттарды электрондық жеткізу (ҚЭЖ) қызметі енгізіліп, тиімді қолданылып келеді.

Ғылыми кітапхана республиканың ғылыми-библиографиялық қызметінің орталығы ретінде ғылыми библиографиялық, ақпараттық материалдарды дайындайды, 4 библиографиялық: оның ішінде «Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясы», «Ұлы тұлғалар», «Қазақстан және әлемдік қауымдастық», «Кітапхана ісінің көрнекті қайраткерлері» сериялары бойынша зияткерлік меншік сертификаттарына ие.

Ғылыми кітапхана — ҚР БҒМ ғылыми-зерттеу мекемелерінің жанындағы 14 кітапхананы қамтитын кітапханалар торабының орталығы.
Ғылыми кітапхана Ғылым академияларының халықаралық қауымдастығының (ҒАХА), ҚР Кітапханалар қауымдастығының, Қазақстан кітапханаларының ақпараттық консорциумының мүшесі болып табылады.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз