«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » «edu.e-history.kz» электрондық журналы » Пәнаралық зерттеулер » Сандық тарих » Сапалы оқулық ауадай қажет!

Сапалы оқулық ауадай қажет!

Тарихты сын көзімен талдай отырып, келешекті бағдарлай алатын, шығармашылықпен жұмыс істеп, дұрыс қорытынды жасай алатын ұрпақ тəрбиелеу. Білім беру саласында қазір əлемдік стандарттарға
сай маман даярлау талабы қосылуда. Ол үшін білім сапасын көтеру керектігі түсінікті. Білім негізгі орта мектепте беріледі десек, сол берілер білім сапасы өзгеде шарттармен қоса, пəн оқулықтары сапасына да тікелей қатысты. Жаңа буын оқулықтары сапасының төмендігі көптен бері айтылып жүр. Оқулықтағы тым ұзақ материалдар оқушының түсінуіне, қабілетіне сай келмей, аяғына дейін оқып шығамын дегенше басын ұмытып қалатын жағдайлар кездесіп жатады. Оның үстіне бір оқулық тағы берілген материал екінші бір оқулықта басқаша баяндалып жатады. Кейде оқушы түгілі оқытушыны да шатастырады. «Мұның қайсысы дұрыс еді?» дегендей ойға қалатын кездер-де
кездеседі.

Мен өзім 25 жыл тарих пəнінен сабақ беріп келемін. Мысалы, оқулық тағы қателіктерді айтар болсам, 5 сыныптың оқулығында «Төкпе күйдің шебері Құрманғазы Сағырбайұлы 1806–1879 жылы туды» десе, 8 сыныптыкінде («Мектеп» баспасы) 1818–1889 жылдары өмір сүрген, — деп жазады. 5 сыныптың оқулығында («Атамұра» баспасы) тағы да Төле бидің туған жылы дұрыс көрсетілмеген. Онда Төле би 1663–1756 жылы өмір сүрді десе, 7 сыныптікі Төле би 1667–1764 жылы өмір сүрді, — деп көрсетеді. Мұның қайсысы дұрыс деп еріксіз дал боласың.

5 сыныптың 2006 жылғы «Атамұра» баспасынан шыққан оқулығының 114 бетінде Абылай хан 1730 жылы Жоңғарлармен болған шайқаста Шарышты 20 жасында жекпе-жекте жеңіп шықты дейді. Егер Абылай 1771 жылы туса, онда қалай 20-да болады? Мұндада қателіктер бар. Маңғыстау жерінен табылған ежелгі тұрақтар 6 сынып оқулығында «Шебір» деп берілсе, 10 сыныптікінде оны «Шебер» деп оқимыз. Тарихи қайраткерлердің өмір сүрген жылдары əрқалай берілген. Мысалы, 8 сынып оқулықтарында («Мектеп» баспасы) Бұқар жырау 1684–1781 жылдары өмір сүрді десе, 10 сыныптікінде («Мектеп» баспасы) 1693–1787 жылдар өмір сүрді-деген дерек беріледі.

Оқулықтағы берілген кейбір материалдардың тым шұбалаңқылығы мен көп сөздігі оқушыны шатастырады. Шатастырып қана қоймай, шəкіртті жалық тыра ды. Өйткені оқулық оқушы талғамының түсіну, игеру-деңгейіне сай емес. Мысалы, 8 сынып тағы қолданылатын, Жанұзақ Қасымбаевтың «Қазақстан тарихы» оқулығы («Мектеп» баспасы) кімге болсын ұнайды, тартымды жазылған, тілі жатық жəне түсінікті. Ал «Атамұра» баспасы шығарған З.Е. Қабылдинов пен А.Т. Қайыпбаеваның 8 сыныпқа арналған оқу лығы оқушылардың түсуіне көп қиыншылық тудырады: материал тым көп жəне шұбалаңқы.

Оқулықтағы осындай шатыспа деректер оқушының өміріндегі ҰБТ-дағысын сағатында  оларға қиындық тудырады. Жалпы қазіргі оқулықтарда оқушының тапсырманы қабылдау қабілетінің деңгейі мүлде ескерілмейді. Оқулық тар да ҰБТ-да кез десетін сұрақтарға көп жағдайда жауаптар кездеспейді. ҰБТ-ға кіре тін тарихи фактілердің базасы көбіне академиялық жəне т.б. басылымдардан алынатыны байқалады. Көп жағдайда мектеп бағдарламасы ұстаным ретін-де негізге алынбайды. Сондықтан ендігі жерде негізгі басым дылық — міндетті түрде қолданыста бар, ғылыми негіз делген тарихи фактілерге берілуі керек деп ойлаймыз.

Тарихи фактілерді меңгеруден білімді игеру басталады. Келешекте жазылатын тарих пəнінің оқулығы, əр оқушы жүрегіне жол табатындай, отандық рухта тəрбиелейтіндей нақты тарихи фактілер мен тұжырымдарға негізделген деңгейде болса деген үміттеміз.

Əділбек Баймоллаев, Сергиополь орта мектебінің жоғары санатты тарих пəнінің мұғалімі, ШҚО, Аягөз ауданы, Бозай ауылы


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз