«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » «edu.e-history.kz» электрондық журналы » Пәнаралық зерттеулер » Сандық тарих » Тарих тағылымындағы ұлт тарихын зерделеу -ұлт тәуелсіздігінің, ұрпақ тәуелсіздігінің кепілі

Тарих тағылымындағы ұлт тарихын зерделеу -ұлт тәуелсіздігінің, ұрпақ тәуелсіздігінің кепілі

Халқымыздың тəуелсіз Қазақстан Республикасы атты мемлекет құрып, ұлт тың азаттығын сақтай білуі бүгінде қаншалықты ма ңыз ды болса, сол мемлекеттің шынайы да танымды тарихын жазып, келер ұрпаққа жеткізе білуде соншалықты маңызды. Өйткені, тарих — ұлттың жады. Танымды тарихы жадында жатталған ұлт қана ұлт ретінде сақталып, басқалармен қатар терезесі тең өмір сүре алады. Тарихын қастерлеген ұлт қана өткеннен тағылым алып, келешегіне сеніммен қарайды. Демек, ғылыми негізде жазылған танымды тарих — ұлт тəуелсіздігінің, ұрпақ тəуелсіздігінің кепілі.

Тəуелсіздік жылдары Қазақстан тарихы қайта жазылып, ұлт тық жəне мемлекеттік мүдде тұрғысынан қайта зерттелуде. Кеңестік кезең жылдарында солақай саясаттың негізінде бұрмаланып жазылған келеңсіз тарихи тұстары қай та қарастырылынып, ақиқат тұрғысынан жаңаша зерделенуде. Сонымен бірге, азаттық жылдарындағы еліміздің жеткен жетістіктері басты назарда болып отыр. Қа зіргі уа қытта тарих ғылымы кеңестік дəуірдегі таптық методология ның шеңберінен шығып, зерттеудің жаңа бағыттары анықталып, тарихтың ақтаңдақтар беттері қайта ғылыми негізде зерделенуде. Қазақ тарихы Түркі өркениетінің ажырамас бөлігі ретінде зерттеліп, дала тарихындағы көшпелілердің орны айқындала түсуде. Қазақстан мемлекеті Еуразиялық идеяның жалғастырушысына айналды.

Бірнеше ғасырлар бойы тағдырдың тауқыметті қасіретінен көз ашпаған қазақ халқы өз тарихында тұңғыш рет өз тарихын өзі жасап қана қоймай, сол жаса ған деректерін тарих ғылымының талаптарына сай: жинау, жүйелеу, саралау, тасқа басып жариялау жəне деректанулық талдаудан өткізу арқылы өзінің объективті тарихын жазу мүмкіндігінеде ие болып отыр. Кезінде өзінің төлдеректерін жинауға, жүйелеуге, шашау шығармай сақтап, өз тарихын жазуға мүмкіндігі болмаған халқымыз, бүгінде, ақпараттар, яғни деректер тасқынының астында қалып отыр. Уақыт ерекшелігіне сай қоғамның аса үлкен жылдамдық пен дамуы, бұрын ғасырлар бойы болмайтын маңызды тарихи оқиғалар тізбегінің көз алдымызда үз дік сіз өтіп жатуы, сол оқиғалар бейнеленген деректер тасқынының пайда болуына алып келді

Үстіміздегі жылдың 5 маусымында Елордамыз — Астана қа ла сын да Қазақ стан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоара лық жұмыс тобының кеңейтілген мəжілісі дəлірек айтсақ, жалпыұлттық кеңесі өткізіліп, отандық тарих ғылымы, дүние жүзі тарихы, соның ішінде
Қазақстан тарихы туралы зерделі мəселелер көтеріліп, дəйекті сын айтылып, болашақта ұлттық тарихты зерттеу жəне оқыту түйіткілдері жан-жақты қарастырылды. Бұл шара тəуелсіз ел тарихындағы қазақ тарихына, Қазақстан тарихы туралы мəселе көтерген тұңғыш мəжіліс болды. Жүріп өткен жиырмадан астам уақыт ішінде Отан тарихы жайында мұндай мемлекет көлемінде, жалпы ұлттық деңгейде мəселе көтерілмеген екен. Еске түсірсек, Елбасының тарихи еңбектерінен басқа, тарихқа арналған бір ғана 1995 жылы қабылданған тарихи сананы қалыптастыру туралы тұжырымдаманы ғана тілге тиек етеміз.
Қазақстан Республикасы осы уақыт аралығында талай белестерден өттік, тəуелсіздігімізді нығайттық, елдігімізді əлемге таныттық. Елбасының сөзімен айтсақ, «ортақ күш-жігер жұмсауымыздың арқасында ел танымастай өзгеріп, өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктер мен өзіндік ұстанымдары бар
табысты мемлекетке айналды [1].
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ə. Назарбаевтың бастамашылдығы мен Ел тарихын зерделеуге арналған жоға ры-деңгейдегі бас қосу жиыны тек тарихшылар үшін ғана емес мемлекет, бүкіл қазақстандық тар, əсіресе кемел ұрпақ үшін көкейкесті басқосу дер едім. Себебі ертеңін ой лаған мемлекет қана өз тарихына көз жүгіртіп қана қоймай, оған барынша мəн беріп, болашағын бағамдайтынын əлем елдерінің тəжірибесі дəлелдеп отыр. Сондықтан да төл тарихымызды терең білмей, ертеңіміз айқын болады деу қисынсыз. «Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы — тарих» — деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қай заманда болмасын, тарихшыларға артылар жүк ауыр болған. Оның себебі-де түсінікті. Қай заманды алсаңыз да, тарих — халықтың ұлттық санасын қалыптастыру, мемлекеттік идеологияны насихаттау, жас ұрпақты
патриотизм рухында тəрбиелеу қызметін атқарған. «Тарих ғылымы — барлық
ғылымдардың атасы» десек, артық айтпаған болармыз [2].

Тəуелсіздік жылдарында Елбасының тікелей араласуымен «Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастыру» тұжырымдамасы, «Мəдени мұра», «Ғылыми қазына» сияқты Мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, қаржыландыру мəселесі шешілді. Мұрағат қорлары ашылып, тарих беттері толықтырылды. Басқаша айтқанда алғашқы «сындарлы он жыл» мен кейінгі «жасампаздық пен бейбітшілік жылдарын» қамтитын жанама тарихтың маңызды оқиғалары ғылыми айналымға енді. Мемлекет басшысы Н.Ə. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының
ХХ сессиясында тарих мəселесін қайта жаңғыртып, «…Қазақтардың ұлттық тарихы, олардың этногенезі мыңдаған жылдарға созылған бірегей ажырамайтын үдеріс ретінде қарастырылуы тиіс. Осы тұрғыда қазіргі заманғы Қазақстан Ұлы Дала өркениетінің ежелден келе жатқан шешуші мұрагерлерінің бірі ретінде заңды түр-де көрініс табады» — деп қадап айтты [3].

Əрбір елдің дамуы мен əлемдік өркениетте алатын өзіндік орны мен ерекшеліктері болатындығы даусыз. Біз-де өзіндік ерекшеліктері бар мемлекет ретінде дамып келеміз. Ендігі кезекте қол жеткізген жетістіктерімізбен қатар өткенімізге назар аударып, оны зерделеп, барымызбен жоғымызды түгендеп, тарихты оқып-үйрену мен зерттеудің мəн жағдайын таразылайтын уақыт келді. Бұл заңдылық. Себебі, кез келген ғылым саласы жаңа əдістерді іздеуі қажет.
Қазіргі киелі тəуелсіздігіміздің жағдайында бұрынғы бұрмаланып жазылған тарихтың ақтаңдақтары нақтыланып, жаңаша деректермен толықтырылуы бүгін гі ұлттық мүдде тұрғысынан алғанда өте маңызды. Тарихтану процесінде ғылы ми ұстанымдар мен көзқарастарды қайта қарау мəселесі өркениеттілік пен жүйелілік тұрғысынан зерттеу мəселесі кəсіби тарихшылар арасында кеңінен талқылануда. Күн тəртібінде тарихты əлеуметтану, аймақтану, психология, экономика, саясаттану, жаратылыстану, педагогика ғылымдарының əдіс-тəсілдерін қолдану негізінде пəнаралық байланыс арқылы зерттеу көзделуде.

Бұдан тарих ғылымының аясы кеңімесе, тарыла қоймасы анық. Тарихты жазу бір бөлекте, оны халыққа жеткізу, санаға сіңіру, қоғамның тарихи санасын қалып тастыру одан да маңызды мəселе. Тарих ғылымы қоғамның тарихи танымы мен тарихи санасын қалыптастыруы арқылы дəріптеу қажет. Əсіресе, тарихи тақырыптарға жазылған еңбектер арқылы халықтың тарихи санасын қалыптастыруға ықпал жасау керек. Ол үшін, ел ертеңі жастарды өз бетінше жеке көзқарастарын қа лып тас ты ру да тарихи шы ғар ма лар дың алатын орны ерекше. 

Өйткені жастар ресми тарихтан гөрі, көркем тарихты оқуға құмар. Көркем тарихтың артықшылығы — тарихи сананы қалыптастыруға күшті əсер ететіндігін-де. Бірақ, тарихи сананы көтеруде, тарихпен тəрбиелеуде үлкен рөл атқарғаны мен, ол кітаптар дегенмен-де ресми тарих бола алмайды. Біздің тарих — тұлғаға негізделген тарих. Жеке тұлға қазақ үшін өте маңызды. Қазақ халқының жадында тарих əрқашан сақталып келген. Халқымыздың осы ерекшелігін Елбасы дұрыс түсінді. Осыған орай, Елбасы Н. Назарбаевтың Жарлығы мен үш жыл қатарынан тарихи танымға айрықша назар аударылды.
Олар: 1997 — «Қоғамдық келісім жəне саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы», 1998 — «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы», 1999 — «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» деп аталынды. Ұлттық тарихқа стратегиялық тұрғыдағы өзінің көзқарасын Мемлекет басшысы 1999 жылы шыққан «Тарих толқынында» кітабында баян етіп берді.

2003 жылы Қазақстан халқына Жолдауында Президент Н.Ə. Назарбаев бұрын-соңды болып көрмеген «Мəдени мұра» бағдарлама сын қабылдау ке ректігін жариялады. Бағдарлама жүзеге асырылған 2004–2011 жылдар аралы ғында Қазақстанның тарихы мен этнографиясы бойынша 26 арнаулы зерттеу жүргізілді. Дегенмен, мұның бəрі — тарихи жады мен тарихи əділеттілікті қалпына келтіру жолындағы ауқымды жұмыстың басы ғана еді. Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек» -деген тұжырым жасаған. Міне, осыған орай, Президенттің тапсырмасымен «Халық тарих толқынында» бағдарламасы жасалынды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты ретінде Қазақстанның тарих ғылымының алдыңғы қатарлы əдіснама мен əдістеме арқауында сапалы жаңаруды жүзеге асыруына жағдай жасауды; қазақтардың ұлттық тарихының көкжиегін нығайту, ұлттық жаңа дүниетанымын қалыптастыруды; Қазақстанның жаңа тарихының жиырма жылының мəнін пайымдауды айтуға болады. Бір сөзбен айтқанда, бұл бағдарлама Қазақстанның тарих ғылымына сапалық жаңару əкелетіні сөзсіз. Қазіргі уақытта Қазақстан тарихын оқыту аса өзекті, күрделі, көп қырлы
мəселелердің бірі болып табылады, өйткені оны заман, ағымында жүргізу талабы қойылған. Ең бастысы Қазақстан тарихы пəнін орта білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарында оқытудың аражігі ажыратылуы тиіс. Қазіргі уақытта пəнді орта жəне жоғары мектепте оқытуда қайталаулар орын алған.

Осыған байланысты пəннің типтік оқу бағдарламаларын қайта қарау қажет. Мектепте оқытылатын Қазақстан тарихы тым күрделі, фактілерге толы, əрі оқушының қабылдауы үшін оқу құралдарының тілі ауыр. Оларды барынша қарапайым, əрі оқушы үшін түсінікті жəне тартымды етіп жазу керек. Жалпы
оқулықтар орта білім беретін мектептердегі озық тəжірибелі мұғалімдер жəне ғалымдармен бірлесе отырып жазылса қазір гі айтылып келе жатқан сыннан арылуға болады. Төменгі сыныптардың оқулықтары иллюстрациялар арқылы дайындалғаны абзал, ал жоғары сыныптар үшін хрестоматия, деректер мен құжаттар жинақтары қоса берілгені жөн. 

Сонда тарихи материалдарды игеру жеңіл, белгілі бір оқиғалар мен процестерді деректер арқылы талдау оларды ұзақ уақыт жадта сақтауға қолайлы бола түседі. Жоғары оқу орындарында тарихты оқытудың тұжырымдамалық ұстанымдары қалыптастырылып, тарихшы емес мамандықтар үшін оқулықтар мен оқу құралдары жүйелі түрде жазылуы тиіс. Жоғары оқу орындарында тарихты оқытуда əлі күнге дейін сонау алпысыншы, жетпісінші, тіпті елуінші жылдарда жарияланған оқулықтар пайдаланылады. Əрине, олардың маңызы зор, салиқалы еңбектер екендігі күмəн тудырмайды, десек те содан бері жарты ғасырдан аса уақыт өтті емес пе?! «Елу жылда ел жаңа» деген ғой халқымыз, ендеше оларды да жаңартатын кез келді. Əсіресе, ежелгі дүние тарихы, орта ғасырлар тарихы, т.б. бойынша оқулықтарды бірнеше ға лым дар жұмылып жазулары керек. Қазақстан тарихын оқытуда тың бағыттар, соны тəсілдер мен əдістерді меңгеру жəне оларды күнделікті білім беруде пайдалану мəселесі көкейкесті болып табылады. 

Сондай тың тəсілдердің бірі пəнаралық байланыстарды орнату болып саналады. Пəнаралық тəсілдерді кеңестік кезеңдерде-де, одан ерте кезеңдер-де ғалымдар өз еңбектерінде пайдаланған. Мысалы: ортағасырлық ғұла ма ғалымдар əл-Фарабиден бастап, кейінгі кеңестік кезеңдердегі ғалымдар əл-Машани да осы пəн аралық ғылыми тəсілдерін теориялық қағидаларымен көрсете білген. Заман талабына сəйкес бұл қағидалар сұранысқа ие бола алмады. Уақыт өте келе пəнаралық байланыстың қағидаттары үлкен сұранысқа қайтадан ие болды. Пəнаралықтан өзге оқытудың интерактивті тəсілдерін пайдалану қалыптасқан əдістермен қатар оқытушының əр алуан түрлерді ұсынуына мүмкіндіктер береді. Оқытудың жаңа технологияларын пайдалануда
əдістемелік ұсынымдардың маңызы арта түсері сөзсіз.

Қазақ халқының сан ғасырлық қайғы-қасіретке толы тарихында тағдырдың талай тəлкегіне түсіп, көптеген оқиғаларды басынан кешіргендігі барша ға мəлім. Əйтседе сондай күрмеуі қиын, ты ғы рық ты жағдайдан аман-есен, елдігін, бірлігін жоғалтпай шығып отырды, өйткені оның жігерін еселеп, рухын туыр етіп желбіретіп, арманын асқақтатқан тəуелсіздікке, азаттыққа деген ұмтылысы мен құштарлығы еді. Осы орайда Елбасының «қазақ тарихында біз ұялатын ештеңе жоқ" деген сөзі ойға оралады [4]. Біздің тарихымыз əуел бастан тəуелсіздік, азаттық үшін күреске толы. Қазір гі тəуелсіздігіміз солардың жемісі. Біз тəуелсіздігімізге тоқ са нын шы жыл дар дың бас кезінде қол жеткіздік деп түйеміз, алайда бұл бұрынғы азат елді гіміздің жаңғыруы екенін естен шығармағанымыз жөн. Қазіргі уақытта қазақ тарихының ақтаңдақ беттерін-де орын алған жақтары қайта зерделенуде. Сонымен қатар, көптомдық Қазақстан тарихын жазуда қайта қолға алына бастады. Бұл да болса тəуелсіздігіміздің арқасында іске асырылмақшы мақсаттардың бастамасы. Алайда сол тарихымызды қалай жазамыз деген сауал аса өзекті. Осы турасында талай жиын өткізіліп, талай пікір айтылуда. Таптауырын болған төл тарихымызды зерттеумен қалай болса, солай кім көрінген айналыспауы керек, онымен кəсіп қой тарихшылар айналысуы керек. Өйтпеген жағдайда біз тарихты одан əрі бұрмалай түсуіміз мүмкін.

Алқалы жиыннан кейінгі күндері баспасөз беттерінде ғалым- оқытушылар жариялаған мақалаларындағы туындаған ортақ пікір тарихты зерттеуде, оқытуда үлкен өзгерістер керектігін, ұлттық тарих қоғамдық ғылымдардың арасында орталық буынға айналуы тиіс екендігі жөнінде көптеп айтылуда. Мемлекеттік хатшының тарих ғылымына неліктен ерекше мəн беруі міз керектігі не байланысты пікірі: „Тарихқа арқа сүйемесе, болашақ бұлдыр. Планетада мəн-мағынамен құндылықтардың мылтықсыз майданы күн сайын жүріп жатқан қазіргі күнде тарихи жадыны сақтап қалу — жалпы, өзіңді-өзің сақтап қалудың жалғыз жолы“ — деп дəйектеген болатын. Бұл мемлекет тарапынан айтылған сөз [5].

Жас тəуелсіз ел үшін жоғары, орта буын оқу орындарында тарих кафедраларының жөнсіз жабылуы, сағаттарының қысқартылуы, ұлттың жоғалтқан рухани-мəдени құндылықтарын қайтадан қалпына келтіруге үлкен соққы болғандығы тарихтан белгілі. Қазақстан тарихын жоғары оқу орындарынан
алу бағытын кезіндегі басқарушы шенеуніктер шетел (Польша, Америка, т.б.) өкілдерінің ұсыныстарына сүйенген. Бұл Қазақстан тарихын оқытудың ерекшелігін, Қазақстан тарихы ғылымының жаңа ғана қалыптасып келе жатқанын түсінбеген басшылықтың іс-əрекеті еді. Ұлттық сананы қалыптастырудың ең негізгі жолы — тарихи білім. Ол жүйелі түрде мектептерде, ЖОО-да іске асады. Сондықтан тарих пəнін оқытудың маңыздылығын түсінудің орны ерекше.
Жоғары оқу орындарының Қазақстан тарихын оқытуды тарихшылар жастар дың ұлттық намысын шыңдауға, ата-баба рухы деген қасиетті сөздерді жоғалтпауға тəрбиелейді. „Қазақ — үлкен ел, ақ ті леу лі, рухы күшті ел! Қаншама қансырасақта көктемгі көктесіндей қайта көктейміз, қайта өрлейміз“ деген болатын Төле би бабамыз.

Тарих — шын мəнінде ұрпақты отансүйгіштікке тəрбиелеудің негізгі қайнар көзі. Елбасы тарих туралы тағы бір сөзінде „Өр ке ниет ті алға бастырар ғылым десек, соның бірден-бір саласы жас ұрпақ ты дəл тарихтай отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, əділдікке тəрбиелей алмайды“, — деп түйіндеген.
Мемлекет тарапынан жасалған зор мүмкіншілікті пайдалана отырып, қазақтың шын тарихын жазу, оны саясаттандырмау бағыты күн тəртібіне қойылып отыр. Ұлт Көшбасшысының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан „Халық тарих толқынында“ деген бағдарлама қазіргі өмір сүріп отырған ортаға, халық пен оның тарихына деген көзқарас отанын сүйетін азаматтарға түбегейлі өзгеріс əкелетініне толық сенімдімін.

Əрбір мемлекет алдымен өзінің ұлттық мүддесін қорғайды десек, тарих ғылымының міндеті-де — тəуелсіздікті баянды ету. Өздеріңізге белгілі, қазақтар еш уақытта ешкімге қарсы соғыс ашпаған, ата-бабалар жерін ерлік пен қорғаған халық. Сондықтан бізге тарих арқылы Рухы биік Қазақ ұлтын əлемге таныту өте маңызды. Ол үшін, алдымен өзіміз ғылыми айналымдағы құжаттар мен материалдарды толық игере отыра, ұлттық санамызды жаңғыртуға бірлесе отыра күш салуымыз қажет.
Қазақстан тарихы — əлем тарихының құрамдас бір бөлігі десек, ұлттың тарихын дүние жүзілік тарихпен сабақтастықта жазуға бағыт алуымыз кезек күттіртпейтін мəселе. Бүгінде Ұлттық тарихты ұлықтауда, əсіресе Тəуелсіз дік тарихын жазуда, төл тарихымызда бүгін гі күнге дейін нақтылап дə уір леуде өз шешімін таппай келе жат қан мəселелер төңірегінде Мемлекет тарихы институтының алатын орны ерекше. Əсіресе, ұлттық тарихты дə уір леуді нақтылау сияқты маңызды тақырыптар бойынша отандық жəне шетел дік ғалымдармен, жоғары, орта буын оқу орындарындағы ғалым оқытушы лар құрамы мен жəне мектеп оқытушыларымен арнайы форумдар, дөңгелек үстелдер, ғылыми семинарларды жиі өткізіп тұру орын алған. 

Ойымызды түйіндей келе, бірлескен күшпен ғана біз жалпы ұлттық тарихи сананы қалыптастыру мақсатына жете аламыз. Алайда, тарих ғылымын одан əрі дамыту жəне оны реформалаудағы басымдықтары тарихшы-ғалымдардың жауапкершілігіне тиесілі екендігі даусыз.

Зада Дүкенбаева, т.ғ.д., профессор, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері 

                                     Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі:

1. Н. Назарбаев. Тарих толқынында. Алматы: Атамұра, 1999.
2. А. Байтұрсынов. Ақ жол. Алматы, 1989.
3. Н. Назарбаев. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам // Егемен Қа зақ стан.
17 шілде 2012 ж.
4. Қазақстан Республикасының Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назар баев тың „Қа-
зақ стан-2050“ Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа сая си бағыты» атты
Қа зақ стан халқына Жолдауы // Қазақ əдебиеті. 2012 жыл 28 желтоқсан.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз