«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » Қазақстан тарихы » Тәуелсіз Қазақстан » Тәуелсіздікке қол жеткізу » Тәуелсіздік жағдайындағы философиялық зерттеулердің ерекшеліктері

Тәуелсіздік жағдайындағы философиялық зерттеулердің ерекшеліктері

Қазіргі заманғы жаңаша философиялық пайымдаулар бойын¬ша елімізде тәуелсіздіктің жиырма жылында жарық көрген елеу-лі еңбектер көбейе түсуде. Әрине, мағынасы мен мәні жағынан тә-уелсіздік кезеңіндегі еңбектер алдыңғы тарихымызға қарағанда біршама ерекше сипаттамаларға ие болады. Солардың ішінде қа-зақстандық философиялық ойды тұжырымдаушы мамандардың арасында шығармашылық еркіндіктің басымдық таныта бастағанын және оның әлемді философиялық тұрғыдан игеруде жетекші рөл атқаруға бетбұрғанын қуанышпен атап өтуге болады.

Кеңестік социалистік қоғамның ыдырауымен ХХ ғасырдың соңында маркстік философияның дәуірі-де әлеуметтік-рухани кеңістігімізде аяқталды. Елімізде ондаған жылдар бойы негізінен идеологияланған, таптық бағдарға сүйенген философияның үс-темдік етіп келгеніне қарамай шынайы философиялық зерт¬теулер мен талдаулар жүргізіліп келгенін-де атап өтуіміз керек іспетті. ХХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда әлемдік философияның принциптері мен заңдылықтарын меңгерген мықты кәсіби философияның негізі қаланды. Ұлттық университет-те қазіргі кезеңде философ-кәсіби мамандар дайындалады, ал философияның әр түрлі теориялық проблемаларын жан-жақ-ты зерттейтін ғылыми институтымыз-де бар. Сондықтан фи-ло-софиялық мәселелер қазіргі кезеңде жаңа-деңгейде зерттеу жа-ғынан өзінің жалғасын табуда. Мәселен, философия тарихын зерттеуші мамандар әл-Фарабидің есімін әлемге танытуға, оның философиясының гуманистік астарын ашуға біршама тер төкті, диалектикалық логикамен айналысатын мамандар философия-ның ұғымдық негіздерін сараптаумен айналысты, ғалымдарымыз ғылым және мәдениет философиясын, философиялық антропо-логияны, әлеуметтік философияны қарастыруда біршама же-тістіктерге жеттік.

Ал, енді тәуелсіздік келген тарихи кезеңнен бері елімізде бас-қалар салалардағыдай философиялық зерттеулерде өзіндік өт-пелі кезең дәуірі орын алды. Бұрынғы әдеттегі зерттеу тәсілдері жаңа бағыттағы методологияға орын бере бастады. Мамандар көп мәселені жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан зер¬делеуге ауыса бастағаны байқалды. Әрине, ол дегеніміз ұлттық болмысымыздың ерекшеліктерін философиялық сараптаудан өткізбеу деген сөз емес. Керісінше, этникалық болмыстың, са-наның, ділдің, дүниетанымдық әмбебаптардың мәселелері жаңа қырынан ашыла түсті. Кітапта жарық көрген еңбектердің басым бөлігі осы өлшемдерге жауап беретін-деңгейде. Әрине, пікірлер таласы жаңа ойларды туындататыны анық. Міне, осы егемендік алған тарихи уақыттан бері еліміздің философиялық ойларды тү-йіндеуші, бағамдаушы қауымында әртүрлі тұжырымдар палитра¬сы, көзқарастар алуандығы көрініс берді.
Бұл заңды құбылыс болатын. Өйткені, «қасиетті жер бос бол¬майды» дегендей тәуелсіздік алып келген еркіндіктің арқасында әлемнің әр бұрышында дамыған, өрбіген философиялық ағымдар еліміздегі философ-мамандар үшін-де қызығушылық туғыза баста¬ды. Еуропа кең тараған постмодерндік бағыттар, герменевтика мен синергетика сияқты ғылыми тәсілдер кеңінен қолданыла бастады. Әсіресе, философтарымыз құндылықтар мәселесіне, басқаша айтқанда аксиологиялық мәселелерге, олардың әр түрлі қырларына үлкен маңыз бере бастады. Философтардың бір тобы қазақтың түпкі тарихының негізіндегі түркілік философияның інжу-маржандарын сұрыптаумен айналыса бастайды. Бұрын-соңды ешқандай фило-софиялық талдауға түспеген есімдер тереңінен және жан-жақты қарастырыла бастады. Мәселен, Қорқыттың, М.Қашқаридің, Ж. Ба-ласағұнның, Қ.А. Иасауидің, Асан Қайғының, қазақтың атақты би-лерінің, ағартушыларының, қазақ интеллигенциясының, Абай мен Шәкәрімнің дүниетанымдық жүйелері байыппен зерделене ба¬стады. Кешенді түрде жүзеге аса бастаған мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы түркілік кезең мен қазіргі замандағы көптеген ойшылдардың рухани қазынасын, көп ғасырлық рухани байлығын қазақ тілінде жарыққа шығаруға себепкер болуда.

Бұл тек тәуелсіздік дәуірінде ғана жүзеге асырылуы мүмкін дүниелер болатын. Тарих қойнауында қатпарланған даналық көздерін ашу қазіргі жаһандану заманында өрбіп келе жатқан нигилистік көзқарастарға қарсы тұратын дүниелер болып табыла¬ды. Оларды насихаттау арқылы ұлттық мәдениетіміздің сақтауға, дамытуға мүмкіндіктер алатынымыз анық. Бұл бағдарламаның тағы бір қыры әлемдік философияның ең құнды деген дүниелерін қазақ тілінде оқырман қауымға ұсыну болып табылады. Бұл жас ұрпақтың философиялық мәдениетін біршама көтерері анық. Тәуелсіз дамудың жылдары рухани мәдениетсіз, жастарды жоға-ры өмірлік құндылықтар рухында жүйелі және саналы түрде тәр-биелемей, тек материалдық игілік жолында тәрбиелеудің табысты болмайтындығын көрсетті, өйткені прагматизм және табыскерлік мүдде жоғары қоюшылық руханилықтан алшақ құндылықтарды егетіні белгілі. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, тек Қазақстан емес, сонымен қатар көптеген елдер, әсіресе, өз дамуының транс-формациялық кезеңдерінде заманның алға қойған жаңа талапта-ры аясында өздерінің тарихына, мәдениетіне, дәстүрлеріне қайта бет бұрды. Міне, осындай тарихи жағдайда өзара түсінісу фило-софиясының болашағы зор. Ол адамдар арасындағы ынтымақ-тастықты нығайтуға теориялық іргетас бола алады деген ойдамыз.

Халықтың өзіндік санасы мәдени және тарихи тамырдан ажы-ратылған болуы мүмкін емес және оның үстіне, ол жаңашылдық даму үрдісіне бойлаған берік мәдени және философиялық дәстүрге сүйенбей дамуы мүмкін емес, сонымен қатар дәстүрді ескермеген қандай да бір мәдени, метафизикалық жаңалық болуы да мүмкін емес. Біздің пікірімізше, халықтың өзіндік санасы мәселесімен сәйкестендірілген дәстүр мен жаңашылдық өрбігенде, еркін шы-ғармашылық тұлғаны, этникалық қауымдастықты, тіптен, бүкіл адам-заттың руханилық бағытында қалыптасуына негіздер нығайғанда егеменді Қазақстанның тәуелсіз дамуының ауқымы кеңейеді.
Кейінгі кезде айрықша көңіл бөлінген мәселенің қатарына қазақ философиясын зерттеуге деген бетбұрыстың мәтіндік не-гіздерімен, методологиялық бағдарларының қалыптасуы жатады. Өткен тарихи кезеңдерде ұлттық философияға деген көз-қарас үстірт болатын, тіптен, көшпенді өмір салтын ұстанған халық-тарда философияның ізі-де болмауы керек деген пікірлер-де ай¬тылып келді. Міне, осындай жағдайда рухани тарихымыздың да-налыққа толы інжу-маржандары бар екенін дәлелдеу зерттеуші ғалымдарымыз үшін үлкен сын болатын.
Жалпы қазақ философиясының Батыс Еуропалық рациона-листік философиядан түбегейлі айырмашылығы бар екені баршаға белгілі. Қазақ философиясы тарихи процесте поэтикалық форма¬да танылған, бейнелілік арқылы әлемді рухани игеруге тырысқан, даналықты жоғары көтерген, сөз қадірін басқа құндылықтардан жоғары қоя білген. Сондықтан осындай бейнелі философияның мағыналық деңгейін сипаттап жеткізу қазіргі заманның философ¬тар қауымы үшін үлкен міндет болып саналатыны анық. Қазақ ұлтының этнофилософиясын зерделеуде, оның күрделі тағдырын жан-жақты қарастырумен астасып жатады. Осыған орай қазақ диаспорасы, ұлттық идея сияқты мәселелердің маңыздылығын атауға болады.

Қазақстан — көп ұлт өкілдері мен көп діннің конфессиялары орын тепкен мемлекет. Жаһандану жағдайында біздің еліміздің орнықты дамуының аса маңызды алғышарты және негізі қоғамымызда аса жоғары маңыздылыққа ие болатын этносаралық, мәдениетаралық және діндер арасындағы сұхбат болып табылады. Сұхбаттың әр қилы көріністері зертелуде. Сонымен қатар, тәуелсіздіктің арқасында көптеген жылдар бойы басымдық танытқан атеистік көзқарастардан бас тартып, діни дүниетанымның сүбелі тұстарын зерделеуге мүмкіндіктер ашылды. Мамандар діни философияның адамның руханилығын дамытатын, оның әмбебаптық қасиеттерін өркендетін жақтарын айқындаумен айналыса бастады.

Философия тарихындағы көптеген діни философтар диссерта-циялық зерттеудің объектісіне айнала бастауы тәуелсіздік кезеңінің өзіндік сипаты болып табылады. Сонымен қатар қазақстандық философтар әлемдік философияның алуан түрлі, ағымдары мен бағыт-бағдарларынан шеттеп қалған жоқ. Еуропалық рационалистік философиямен қатар ежелгі Қытай, ежелгі Үнді, ортағасырлық араб және орыс философиясының даналық көздерін ашумен-де айналысуда. Өйткені, Қазақстандағы философиялық ой әлемдік философияның құрамдас бөлігі болуы тиіс және ол оқшаулану жолы арқылы емес, негізінен басқа мәдениеттермен өзара тиімді философиялық қарым-қатынас арқылы ғана рухани байи түседі.

Қазақстанға келген тәуелсіздік кезеңімен қатар демократиялық процестер философия саласын да қамти бастады. Еркін ойлаудың арқасында қоғамдағы әлеуметтік процестерді ашық талқылау, са¬раптау мүмкіндігі тереңдей түсті. Адамның әлемге қатынасының қандай-деңгейі, қандай сипаты тұлғаны және жалпы қоғамдық орта¬ны дамытуға, жетілдіруге себепкер болатындығы көптеген зерт¬ теулерде тұжырымдала бастады. Әр түрлі сипаттағы пікірлердің айтылуына мүмкіндіктер ашылды. Бұл, Ақиқатты іздеудегі, оның философиялық астарын зерттеудегі іргетасты бекіте түсті. Міне, сондықтан қоғамдағы процестерге тікелей қатыса болуға тиісті құбылыстар жөнінде батыл тұжырымдар пайда бола бастады. Мәселен, Қазақстан философтары көтеріп жүрген Болашақ фи¬лософиясы негізінен қоғамдағы құбылыстарды түсіндіргенде, олардағы қайшылықтардың шешімін табу жолында адамдар арасындағы өзара түсіністік пен өзара сыйластықты жетекші принциптер етуі тиіс деген идеяны басшылыққа алуы жаңаша тұрғы, ұстаным болып табылады. Ол қоғамдағы қатынастарды үйлесімдендіруге ықпал етері анық.
Әрине, үндеу тастап, өзара түсіністікке шақырғаннан адамдар бірден бір-біріне жақын бола түспесі анық. Бұл жерде дүниетаным жүйесінің де, діни сананың да, діни философияның да орны ерекше. Себебі, еліміздегі азаматтардың дінге деген қатынасы тереңдей түсуде. Діншілдік құбылысына адамзат тарихында әр түрлі келеңсіз қасиеттерді таңу оның беделін біршама түсіргені анық. Елімізде әлемнің әр түкпірінен келген діни миссионерлер қазіргі жағдайларға сәйкес жаңа конфессиялардың артықшылығын үгіттеуде. Осындай дүниетанымдық бәсекелестіктің адамдардың санасында, қазіргі кезеңде еліміздің рухани-әлеуметтік кеңістігінде орын алғаны, оның күннен күнге беки түскені белгілі болып отыр. Сондықтан қазіргі кезеңдегі философтардың зерттеулерінің негізгі мақсаты мен міндеті — дін, діни сенім сияқты ерекше та¬рихи, әлеуметтік, мәдени феномендердің нағыз өзіне тән мәнін, мағынасын, әлеуметтік, дүниетанымдық қызметін ашып беру бо¬лып табылады. Дегенмен, шынайы руханилықтың түпкі астарла¬рын іздеу, «Адам-Әлем» қатынасының қайшылыққа толы күрделі дүние екендігін қазіргі заман философиясы объектісіне айналды¬рып, толық сипатты пайымдайды.

Нарықтық қатынастардың қазіргі кезеңде қоғам өмірінде, адамның тіршілік үшін күресінде жетекші рөл атқаратыны белгілі. Соған сай философиялық сараптаулар да белгілі бір-деңгейде прагматикалық мәселелерді сараптауға бейімделу жағдайында. Бұл да жаҺандану дәуірінің философияға қойған талабына сай заңды әрекеттер болып табылады. Яғни қазіргі заманның философиясы тек тарихи сананы ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік психоло¬гияны, антропологияны, экономикалық, құқықтық заңдылықтарды ескеретін, өзінің тұжырымдарында қолданатын-деңгейге шығуда.

Онсыз қазіргі заманның процестеріне өзінің тиімді ықпалын, пайда¬лы әсерін тигізе алмасы анық. Осындай процестердің арқасында әлемді рухани игерудің, даналықпен сараптаудың жаңа келбеті қалыптасуда. Әсіресе, жаһанданудың объективті мағынасы мен оның астарында туындайтын жаһаншылдықтың астары күрделі. Міне, осыған орай жалпы шығармашылық пен руханилықтың жа¬сампаз негіздерін айқындау арқылы философия адамға да, қоғамға да өзінің тиімді, дәйекті әсерін тигізе алады.

Әрине, бұл үлкен мемлекеттік-деңгейдегі шараны жүзе-ге асыруда айта кететін кейбір жәйттер-де бар: томдағы кейбір шығармалар мәтіні таза философиялық тұжырымдар шеңбері-нен шығып, дүниені рухани игерудің әр түрлі салаларын қам-титын-деңгейлерді танытады. Яғни көптеген зерттеулерде автор¬лар философиялық тұрғылармен, тәсілдермен қатар мәдениет-танулық, социологиялық, саясаттанулық пәндердің зерттеу әдістерін мәселелерді қарастыру барысында кең қолданғанын атап өтуімізге болады. Бұл қазіргі заманның жалпы пәндік кірігу процестерінің көрінісі. Дегенмен, негізінен алғанда тәуелсіздік тұсында ғана жарық көруге мүмкін болатын озық ойдың үлгісі боларлықтай шығармалар кешені қалыптасуда. Қазақ халқының философиялық ойын жинақтаудың негізгі мақсаты — болашаққа теориялық, методологиялық, құндылықтық көпір болатын ойлар¬ды бұқара халыққа, зиялы қауымға ұсыну.

Адамзат тарихындағы ең қасіретті жиырмасыншы ғасыр бізге оңай мұра қалдырған жоқ: қырғын соғыстар, діни экстремизм, фа¬натизм, терроризм, ұлтаралық соғыстар мен қақтығыстар, руха¬ни азғындық, эколо-гиялық және антропологиялық апаттар. Бірақ үміттің сәулесі, адамдардың санасы мен ізгілікті еркіне деген сенім бізге өмір сүруге және болашаққа қатысты жоспарлар құруға көмек береді. Бейбітшілікті, тұрақтылықты, қауіпсіздікті қамтамасыз ету әлемдегі адамзаттық болмыстың рухани негіздерін сақтап қалатын мәдениет пен руханият арқылы іске асатыны даусыз.

Қоршаған әлемді, адами өмірді әр түрлі ұғымдар, түсініктер, көркем бейнелер арқылы рухани игеруге ұмтылмайтын, даналық тағылымдарды қордаламайтын тарих толқынында халық та, ұлттық мәдениет те болмайды. Ол саланы қадірлемеу, оның философиялық байыбына жетуге тырыспау этностың рухани құлдырауына, әлеуметтік дағдарысына алып келуі мүмкін. Сон-дықтан дүниені әмбебап кейіпте танып-білуге, өрнектеуге талап¬танатын философиялық дүниетаным кез келген мәдениет үшін, тарихи кезең үшін адамгершілік, гуманизм принциптерін тара¬татын маңызды феноменге айналады. Ал, енді қазақ халқының сан ғасырлық тарихында орасан зор рухани байлық, даналық тағылымдары болғаны және қазір-де бар екені белгілі. Мәселе сол рухани дүниені жүйелі түрде, кәсіби сараптаудан өткізіп отырып келесі ұрпаққа жеткізе білуде. Бұл біздің халқымыз алдындағы рухани парызымыз. Міне, осы мағынада біздің әріптестеріміз, қазақстандық философтар қауымы бірталай жұмыстар атқарды. Бұрын жеткілікті назар аударылмай келген философиялық танымның ұлттық типіне барынша ыждағаттылықпен назар ауда¬рыла бастады, тарихтың «ақтаңдақтары» болып келген көптеген жаңа шығармаларға түсіндірмелер-де беріліп үлгерілді.
Шығыстың бай әралуан философиялары, олардың ішінде қа-зақ халқының философиялық мұрасы Батыстағыдай қалыптасқан философиялық жүйелерде емес, мифологияда, поэзияда, фоль¬клорда, музыкада, ауыз әдебиетінде, мақал-мәтелдерде, қанатты сөздерде жатыр. Әлемді, адамды, оның өзін-өзі тануын, сөйтіп өзін басқаға таныту, тұлғаның өмірдегі орны мен рөлін философиялық-дүниетанымдық және дәстүрлі этикалық тұрғыдан жан-жақты зер¬делеуге айрықша мән беру қазақ философиясының ерекше сипа¬ты болып табылады. Бұл тұрғыдан келгенде қазақ философиясы — шығыстық философиядағы, ең алдымен, ұлы Абай айтқандай «Адам бол!» дегендей, толық рухани жағынан жетілген адам болу рухын қастерлеу мен зерделеу дәстүрін жалғастыра отырып, оны өзіндік кісілік мазмұнмен байытқан философия. Қазақ филосо¬фиясы дегенде оның ежелгі түркілік бастауларын, халықтық және кәсіби формаларын айтқан дұрыс.

Қазақ халқының философиялық мұрасын зерттеуші ғалым-дар осындай ерекшеліктерді ескере отырып, ұлттық әдебиетті ұлттық философияның өмір сүру формасы ретінде түсінгені, жеке тұлғалардың поэтикалық мұрасындағы бай философиялық-дүниетанымдық мазмұнды ашып көрсету үшін оны герменевтикалық тәсілдің көмегімен қайта саралағаны дұрыс болар еді. Жалпы та¬рихи процесті зерделеудің қиындығы да осында. Жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ ойшылдары және тағы басқа даналар ой еркіндігін өздерінің дүниетанымының басты принциптерінің бірі етті, сөйтіп, ұлттық интеллигенция ұлттық ояну философиясын ұсынды. Қазіргі ұлттық интеллигенция тәуелсіздікті баянды ету идеясын өрбітуі тиіс деген пікірдеміз. Ал оның бірден-бір жолы халқымыздың рухани келбетін нығайту.
Ұлттық және әлемдік философиялық шығармашылық мұра-ны игеру тек тәуелсіздік жағдайында ғана толық іске аспақ, ал оның негізгі мақсаты тұлғаның рухани қалыптасуын іске асы¬ру, ұлттық сана мен рухты ояту, оны тәуелсіздік жолындағы жа-сампаздық іске қосу. Сөйтіп, бұл қадамдар еліміздің рухани тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Әлемдік философияның, яғни Ежелгі Грекия, Ежелгі Қытай мен Үндістаннан басталып, қазіргі Батыс Еуропалық постмодерндік философияға дейінгі ғұламалар шығармаларының озық үлгілері зерттеушілердің ғылыми игеруіндегі маңызды нысан болып отыр.

Бұрын жеткілікті-деңгейде қолға алынбай келген күрделі философиялық мәтіндерге аударма жасау мәселесі жолға қойылып, елімізде философия саласында кәсіби аудармашылар корпусы құрыла бастады және олар өзара біріге қызмет атқарудың арқасында көптеген философиялық терминдерге ортақ, бірізді баламалар та¬уып та жатты. Мәселен, «менталитет» деген ұғым діл деп айтылса, разум — зерде, рассудок- пайым деген кейіпте қолданысын таба бастады. Осындай терминологиялық база нығайту мақсатын алға қойған ғылыми тұрғыдағы әрекеттер мемлекеттік тілдің еліміздегі қолдану аясын біршама кеңейтуге, оның мағыналық, ұғымдық жағынан алғанда лингвистикалық қауқарын тереңдетуге, күшейтуге барынша игілікті ықпалын тигізеді деген ойдамыз.

Қазіргі кезеңде «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының жарық көріп жатқан тамаша туындыларын оқитын, қолданатын оқырман қауымды қалыптастырған жөн. Сонда ғана ұлттық идея мен отаншылдық сезім, ұлттық рух пен ұлттық намыс тұтастай оянады деген пікірлер бекер емес. Сөйтіп, әрбір халықтың ұлттық байлығын және әлемдік философиялық мұраны игеру жастарды тәуелсіз және еркін ойлауға үйретеді. Ой еркіндігі, пікір дербестігі көп халықтар сияқты қазақ халқының да қанына, діліне туа біткен қасиет. Оған, ақын-жыраулар дүниетанымы, би-шешендер және, ағартушылар философиясы кепіл болады. Қалыптасқан дәстүрлі пікірлер мен қағидаларға күмәнмен, сыни көзқараспен қарау — қазақ ойшылдарының негізгі ұстыны. Еркін ойлау адамзаттың та¬нымын кеңейткен талай ғылыми және техникалық жаңалықтардың ашылуына, өнер мен шығармашылық туындыларының пайда бо¬луына, күрделі саяси-экономикалық мәселелердің шешілуіне се-беп болды.
Философияның маңызды категориялық аппаратының мәні мен мазмұнын тәржімелеу барысында оны бұрмалауға, еркін түзетпелер жасауға жол беруге болмайды. Бұл философиялық зерттеулердің мемлекеттік тілде адекватты өрбуіне кедергісін келтіреді. Жалпы әдеби мәтіндердің керемет сапалы тәржімалау-шылары философиялық мәні маңызды болып табылатын мәтін-мен жұмыс істей отырып, еріксіз түрде шынайы басқа акценттер жасау арқылы мәтіннің мазмұнын өзгертуі немесе оның мәнін оқырманға дейін тікелей ғылыми мағынада жеткізе алмауы кейде кездеседі. Сондықтан тұтастай жұмыстың сапасын қамтамасыз ету үшін қазақ мәдениетіне қатысы бар, әсіресе, ежелгі, маңызды мәтіндерді іріктеуді, мәтіндердің аударылуы мен түпнұсқамен бірегейлігін тексеруді, біртұтас категориялық аппарат пен бірыңғай терминологияны жасақтау және философиялық редакциялау¬ды, негізгі идеялар мен қағидалардың түсіндірмелерін беруді жүйелеген абзал.

С.Е.Нұрмұратов

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз