Басты бет » Жоба туралы » РЕДАКЦИЯЛЫҚ САЯСАТ

РЕДАКЦИЯЛЫҚ САЯСАТ

Халықаралық «edu.e-history.kz» ғылыми журналы – Қазақстандағы жалғыз электрондық ғылыми басылым. Журнал ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау аясында ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің (ҚР БҒМ БҒССҚК) тізбесіне енгізілген. 2014 жылдан бастап шығарылады. Журналдың құрылтайшысы ҚР БҒМ Ғылым комитеті Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты болып табылады. Мақалаларға рецензиялауды Қазақстанның және шетелдің жетекші мамандары жүзеге асырады.

Журналдың миссиясы: қазақстандық тарих ғылымының әлемдік тарихи ғылыми қоғамдастықпен пікір алмасу алаңын кеңейту, халықаралық ғылыми ортада заманауи байланыс құралдарын қолдану арқылы ғалымдарға өздерінің ғылыми ізденістерінің нәтижелерін кеңінен таныстыруға мүмкіндік беретін жоба негізіндегі ғылыми ақпарат алмасу арнасы болу.

Журнал мақсаттары:ашық ғылыми пікірталас үшін жағдай жасау(оның ішінде шетелдік зерттеушілермен),интернет желісінде жалпыға қолжетімді; тәжірибе алмасуға және зерттеу нәтижелері мен жаңа ғылыми әзірлемелердің ғылыми ортада таралуына ықпал етуредакция алқасы (пәнаралық зерттеулер мен ғылыми пікірталасты қолдайды);мақалаларды жариялауға Қазақстан және Орталық Азия, Еуразиялық кеңістік тарихының мәселелерімен шұғылданатын әртүрлі елдердің студенттерін, магистранттарын, докторанттарын, ізденушілерін, жас мамандарын, оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерін тарту.

Міндеттері:

Журнал ғылыми жұртшылықты әлемдік тарихнамалық үдерістегі жаңалықтармен және жетістіктермен таныстырады, жаңа үрдістерді қолдауға және қазақстандық гуманитарлық зерттеулерінің инновациялық бағыттарын, жас ғалымдардың бастамаларын дамытуға, ғылымдағы ғылыми шешімдер мен тұжырымдамалық көзқарастарды көрсетуге бағытталған.

Журналда жарияланатын мақалалар Қазақстан мен шет елдер тарихының, деректануының, тарихнамасының, археологиясының, этнологиясының, антропологиясының, мәдениетінің өзекті мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми жұмыстарды қамтиды.

«edu.e-history.kz»халықаралық электрондық ғылыми журналдың редакциялық саясаты тарихи және олармен сабақтас зерттеулер саласында қазақстандық және шетелдік ғалымдардың жаңа тұжырымдамалары нәтижелерін танымал етуге және мамандар мен көпшілік тарапынан жариялауға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған.

Журнал тарих ғылымының келесі тақырыптық бағыттары бойынша мақалалар жариялайды:

- тарих,

- археология,

- этнография,

- саясаттану,

- әлеуметтану,

- философия,

- дінтану,

- құқықтану,

- педагогика.

E-ISSN ____

Электрондық журнал «edu.e-history.kz» ашық қолжетімділікте (пайдаланушылардың журнал материалдарын саиттан алуына автор мен баспагердің алдын ала келісімі талап етілмейді).

Журнал қазақстандық және шетелдік ғалымдармен, ғылыми ұжымдармен, Білім және ғылым мекемелерімен ынтымақтастық үшін ашық.

Ғылыми мақаланың қолжазбасын жариялау мерзімі

«edu.e-history.kz» – электронды ғылымижурналы нөмірлері белгіленген мерзімдерінде желілік (электрондық) форматта жылына 4 рет кезеңділікпен: бірінші нөмір ағымдағы жылғы қаңтар-наурыз, екінші нөмір – сәуір-маусым; үшінші нөмір – шілде- қыркүйек және төртінші нөмір – қазан-желтоқсан аралығында шығарылады. Шығу жиілігі: тәулік бойы

«edu.e-history.kz» – электронды ғылыми журналының редакциясы автордың бұрын еш жерде жарияланбаған қазақ, орыс немесе ағылшын тілдеріндегі ғылыми мақаланың түпнұсқасы қабылданады.

Редакцияға автор қолжазбасын ғылыми мақаланы рәсімдеу ережесінің қатаң сақталуы негізінде ұсынады. Мақала қолжазбасы жеке электронды пошта және журнал поштасы арқылы қабылданбайды.Қолжазба edu.e-history.kz сайтына жүктеу негізінде, «Мақала жіберу» бөліміне орналастырылу жолымен қабылданады. Ол үшін edu.e-history.kz сайтына тіркелу шарттарын орындаңыз. Мақала жіберерде логин құру беті ашылады. Электронды пошта мен құпия сөз теріледі. Сайтқа тіркелмеген және ғылыми журналдың бекітілген бағытына сәйкес келмейтін мақалалар қаралмайды.

Қолжазба «Антиплагиат» жүйесінде алдын ала тексеруден өтеді және қанағаттанарлық нәтиже болған жағдайда рецензиялауға жіберіледі. Редакция авторға рецензенттер мен редакторлардың ескертулерін (олқылықтар орын алған жағдайда), сондай-ақ автордың ескертулерді түзетуі негізінде резензенттердің оң пікірі берілгеннен кейін қабылданатындығы туралы хабарлайды. Соған сәйкес автор мақаланы түзетуі және толықтыруы қажет. Мақала жариялауға ұсынылмаған жағдайда редакция авторға дәлелді бас тартуды жібереді.

Қолжазбамен жұмыс істеу кезеңінде редакция, ғылыми мақала авторы мен рецензенттер арасындағы байланыс OJS электрондық (онлайн) платформасы арқылы, ал ерекше жағдайларда - электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Авторлар келтірілген тарихи деректердің, дәйексөздердің, статистикалық және әлеуметтік деректердің, жеке атаулардың, географиялық атаулардың және басқа да мәліметтердің іріктелуі мен нақтылығына жауап береді.


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз