Басты бет » Жоба туралы » Авторлар назарына

Авторлар назарына

Ғылыми мақаланы «edu.e-history.kz» Халықаралық электронды ғылыми басылымында жариялауға ұсыну ТЕК онлайн режимінде журналдың веб-интерфейсі арқылы жалпы пайдаланушы профилі арқылы жүктеу арқылы жүзеге асырылады. Пайдаланушының жалпы профиліне кіру үшін https://edu.e-history.kz веб-сайтындағы «Кіру» бөліміндегі «Электрондық пошта» сұралған бос жолға «edu.e.history@gmail.com» поштасын енгізу қажет, және «Құпия сөз» жолында «history2021» деп теріңіз (Мақаланы жіберу нұсқаулығын қараңыз).

Автордың талаптарға сәйкес рәсімделген мақаласының қолжазбасы электрондық форматта (doc, docx, rtf форматтарында) «Мақаланы жіберу» бөліміне орналастыру негізінде жүктеліп, жолданады. Журналдың e-mail поштасына немесе редакторлардың e-mail-не жіберілген мақала қолжазбасы қабылданбайды.

Мақаланың қолжазбасын редакцияға жолдамас бұрын, редакциялық саясат, жарияланымдар этикасымен таныс екеніңізге көз жеткізіңіз және ғылыми мақаланы жариялау үшін қойылатын талаптардың толық орындалуын ескеріңіз. Корреспонденция авторы журналға жариялау үшін ілеспе хат ұсынуға міндетті.

ҚР БҒМ БҒСБҚК талаптарына сәйкес ғылыми мақалада төмендегі мәселелер қамтылуы керек:

1. Мәселені баяндау және оны зерттеудің өзектілігін анықтау;

2. Осы мақалада көтерілген жалпы мәселенің бұрын шешілмеген бөліктерін көрсете отырып, соңғы зерттеулер мен жарияланымдарды талдау;

3. Зерттеудің теориялық негіздері, әдіснамасы және эмпирикалық базасының сипаттамалары;

4. Өз қорытындыларын және ғылыми зерттеудің аралық немесе қорытынды нәтижелерін баяндау;

5. Зерттеу нәтижелерін пайдаланудың қорытындылары мен мүмкіндіктері

Редакцияға келіп түскеннен кейін мақала журналдың бағытына, техникалық рәсімдеу бойынша талапқа сәйкестігіне, плагиатқа қарсы тексеруден және қос соқыр рецензиялау рәсімінен өтеді.

Ғылыми мақаланың бірегейлігі плагиатқа қарсы «strikeplagiarism» жүйесінде, оның ішінде халықаралық деректер базасында алдын ала тексеру арқылы анықталады (жұмыстың бірегейлігі кемінде 75% болуы керек). Осы көрсеткіштен аса алмаған мақала автор(лар)ға қайта қарау үшін қайтарылады. Ескертулер ескеріліп, түзетілгеннен кейін жұмыс плагиатқа қарсы қайта тексеріледі және екі реттен артық тексерілмейтіндігі ескертіледі. Қайта тексеру кезінде плагиат және ғылыми этиканың ұстанымдарына қайшылық анықталған жағдайда мақала тиісті жазбаша анықтамасымен бірге авторға қайтарылып, жұмыс жарияланымға жіберілмейді.

Қанағаттанарлық нәтиже болған жағдайда ғана (75% бірегейлік және одан жоғары) мақалалар рецензиялауға беріледі. Рецензиялау және техникалық тексеру нәтижелері бойынша мақала қабылданбауы немесе авторларға пысықтауға жіберілуі мүмкін немесе оң рецензия алған кезде редакция мақаланың жариялауға қабылданғаны туралы автор(лар)ға хабарланады. Мақаланы жариялаудан бас тартқан жағдайда редакция авторға тиісті дәлелдерді келтіреді.

Мақаланы плагиатқа тексеру мен рецензиялау барысында, компьютерлік беттеу кезінде журналдың сайтындағы пайдаланушылардың жалпы профилі арқылы онлайн сұрату негізінде кері қайтарып алуға немесе түзетуге мүмкіндігі бар. Мақалада жарияланған мәліметтерге түзетулер енгізу, кешірім сұраулар, теріске шығаруларды жариялау шараларын редакция автордың сұрау салуы бойынша журналдың кейінгі нөмірлерінде, әрбір жағдай жеке тәртіппен қаралғаннан кейін ғана жүзеге асырады.

Редакция әр мақалаға DOI (Digital Object Identifier) – құжаттың сандық сәйкестендіргішін тіркейді. DOI сілтемесі әрқашан қажетті құжатты тіпті егер ол бұрын болған сайт кейінірек өзгертілген жағдайда да табуға көмектеседі.

Авторлар келтірілген фактілерді, дәйексөздерді, статистикалық, әлеуметтік және басқа да деректерді, жеке және географиялық атауларды, басқа да мәліметтерді таңдауға, сондай-ақ олардың дұрыстығына жауап береді.

Редакция редакциялық түзету енгізу құқығын өзіне қалдырады. Редакция материалдарды автордың көзқарасымен келіспей жариялай алады (пікірталас мақсатымен). Редакция қолжазбаны жариялау немесе қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.

Мақалалар электрондық нұсқада редакция сайтының «Архив» бөлімінде басылымының баспа нөмірлері көрсетілу бойынша орналастырылады. 


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз