«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » Білім беру, ғылым, мәдениет ұйымдары » Мұражайлар » «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық- мұражайы

«Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық- мұражайы

Ұлытау — Қазақстанның тарихи және географиялық орталығы, Еуразия құрлығындағы мәдениет тарихында ерекше орын алатын аймақ. Ұлытау — қазақ халқының қасиет тұтқан, ұлы тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларды еске салатын қасиетті мекен. Бұл жерде барлық қазақ хандарының ата-бабасы Жошы ханның және аты аңызға айналған қазақ жүздерінің негізін қалаушы Алашаханның мазарлары орналасқан.

Ұлытау өзінің айрықша археологиялык ескерткіштерімен ерекшеленеді: Теректі Әулие тастағы таңбалары, қола дәуірінің металлургиялық орталықтары, түркілік тас мүсіндер, сақ қорғандары мен оғыз-қыпшақ қалалары.

«Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 29 қарашадағы № 466 қаулысымен құрылды.

Негізгі мақсаты: Тарихи-археологиялық ескерткіштер мен тарихи ландшафтарды қорғап, сақтау және насихаттау.

Негізгі міндеттері:

• Ұлытау тарихи-архитектуралық, археологиялық кешенінің тұтастығын қамтамасыз ету, оның тарихи орнын сақтау;

• Ғылыми-зерттеу, қайта қалпына келтіру жұмыстарымен қатар арнайы этнографиялық, археологиялық, кешендік мамандандырылған экспедициялар ұйымдастыру;

• Мәдени-ағарту, жарнамалық-ақпарат және баспа қызметтерін жүргізу.

Жалпы жер көлемі: «Ұлытау» қорық-мұражайының қорғау аймағын жалпы көлемі 147246 гектар құрайтын 25 тарихи-мәдени кешендер құрайды.

Аталған аймақта 200 кешеннен артық ескерткіштер саны орын алады. Ескерткіштер санын анықтау және төлқұжаттандыру жұмыстары жалғасуда. Ұлытау ауданы аймағында 358 тарихи-мәдени ескерткіш төлқұжаттандырылған. Олардың ішінде 11 ескерткіш Республикалық маңызға ие: Айранбай, Мақат, Жошыхан, Алашахан, Болған ана, Басқамыр, Аяққамыр, Дүзен, Домбауыл, Кетебай, Лабақ мазарлары.

Мекеменің штаттық кестесі: Штаттық кесте бойынша қорык- мұражайда 22 қызметкер жұмыс істейді. Директоры Б. С.Қожахметов. Қорық-мұражайда 4 бөлім жұмыс атқарады: қор бөлімі, археология, архитектура, туризм бөлімдері.

Мекеме ғимараты 2 қабаттан тұрады. Жалпы көлемі 566,2 ш. м.


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз