«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » Электронды мұрағат » Ежелгі дүние артефактары » Археологиялық зерттеулер » Есік қорғаны: жерлеу салты, өнері, социумы

Есік қорғаны: жерлеу салты, өнері, социумы

Құрбан шалатын, Құдаймен екі ортадағы делдалман дейтінтер – абыздар өлікпен зембіл, су құюға мен тамаққа арналған салтты ыдыстарды алып бара жатыр. Жауынгер қайтыс болды  екен. Артында ақырын басып жатқан туыстары, сарбаздары мен тайпаластары көрініп тұр… Жерлейтін орын енді дайын. Абыздар тек өлікті күтіп тұр…

Қаза болған адамның үстіндегі киім оның ақсүйектердің бірі екендігі көрсетіп тұр. Мерекелік шеру не басқа салтанатты рәсімде қайтыс болған адам осылай киінген. Басында – иек астында ілгектенетін жебе тәрізді биік, қаңылтар белгілермен әшекерленген бөрік; сол құлақтағы азандығында –көгілдір ақықтан жасалған қымбам салпыншағы бар алтын сырға; мойнында –алтын гривна (мойынға және кеудеге тағатын металл әшекей);  ал  саусақтарында –екі алтын сақина. Қоғамда үлкен беделге ие болған ол барынша сәнді киініп жүрген: үстінде қаңылтар белгілермен безендірілген қысқа шекпен болды. Шекпен белбеуі он алты ірі қаптамасынан тұрғандықтан, өте ауыр. Белбеунің оң жағында қызыл түсті қылыш қынабы ілулі тұр. Аяғында –тарлау шалбар.Аяқ киім де алтын қаңылтар белгілерімен әшерленген.

Енді жерлеу рәсімі  жолдың аяғына жетіп, тоқтап қалады. Қоштасатын адамдар үстінде қалды. Шұңқырға өлік денесі қондырылу сәті...Абыздар су мен тамақтарға толы ыдыстарды еденге қойып, жерлейтін бөлмені бөренелермен жауып қояды. Қаза тапқан адамның тайпаластары қорған тұрғыза бастайды…

Біздің кезімізде осындай қорғандардың бірі Алматы қаласынан шығыс бағытта орналасқан болатын. Ол «Иссық қорғаны» деп аталып кеткен (Акишев,1978). Отыз жыл бұрын ғалымдар-археологтар мұнда жерленген «алтын» адамды тауып қалды. Бұл оқиға ғасыр жаңалығына тез айналып кеткен.

Африкалықтардың көшінен Ұлы Даланы келіп жайлағандардың бізге аты келіп жеткендерінің ең алғашқысы - еуразиялық сақтар.Олар б.з.д. VIII-IV ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан жерлерінде мекендеген. Сақ (Скиф) - Ұлы Даладағы туыстас тайпалардың ортақ аты. Сақтар - ерте темір дəуірінде Ұлы Даланы мекендеген тайпаларға байланысты жалпылама атау. Сақ тайпалары Кир мен I Дарий тұсындағы парсылардың  және Александр Македонский дәуіріндегі гректердің замандастары болған. Археологиялық ғылымында ежелгі сақтар мекендеген аймақтары жайлы көптеген таластар әлі күнге дейін бір ортақ шешім таппаған екен, алайда Жетісу өңіріндегі өмір сүрген тайпалар –тигра хауда (шошақ бөрікті), геродотша ортокарбион сақтар.Бұл халықтың жоғары мен ерекше мәдениетін көрсетіп отыратын заттар алғаш рет Иссық қорғанында табылған.Тарихнамада қазіргі уақытқа дейін де көшпенділердің төменгі өмір сүру салтын қолдайтын пікірлер көп. Осындай көзқарастардың негізінде келесі себептер жатыр:

Біріншіден, біздің бабаларымыз жайлы ақпарат толық емес. Азия (қазіргі кезде де) толық зерттелмеген.

Екіншіден, зерттелу барысында көшпенділердің өмір сүру салты қазіргі уақытпен саластыра отырғанда, кешегі мен бүгінгі бетпе-бет жүздескен болатын. Бұл қате әдіс.

Әскери мен экономикалық экспансия, сыртқы мен жеті жүз жыл бойы бітпеген өзара соғыстар кеш көшпенділердің құлауына ықпал еткен. Көптеген ғасырлар бойы жиналған жанжал, араздық, ұрыс-керістер салдарынан ең жақсы жайлаулар мен өзен аймақтары жаулап алынған. Мал саны азайып, егін шаруашылығы де енді бұрынғыдай емес болды. XXVIII-XIX ғғ. саяхатшылардың айтуынша, көшпенділер үшін қиын кездер басталады. Иссық қорғанындағы олжа (жазу ескерткіші) Орта Азия мен Қазақстан жерлерінде мекендеген көшпелі тайпаларды Еуразия аймағында өмір сүрген халқымен теңестіре отырып, көшпелі өмір салты жайлы жаңа көзқарасты қалыптастыруына себеп болды.

Қазіргі кезде иссық жазуы шифрын анықтауға болады. Иссық жазуы соғдиан-армей мен көне түрік әліппелерінің негізінде пайда болған. Б.з.д. I мыңжылдықта армей хаты Ежелгі Шығыс жұрттарының халықаралық тіл ретінде қолданылған болатын. Көптеген ұлт өкілдерінен тұратын Перс империясында   (б.з.д.VI-IV ғғ. ) армей тілі ресми іс-қазаздар жүргізу тілі ретінде танымал болған. Сол империяның тұсында диалекттер(жергілікті сөздер) де қолданылып жүрген. Перс мемелекетіндегі шығыс елдерінде соғдиан-армей жазуы таралып кеткен. Палеографиялық тұрғыдан қарасақ, сол көне түрік руналары соғдиан-армей жазуынан негізін алып кеткен.

Қазақ жерінде жазу-сызу сақ дәуірінен бастап пайда болған сияқты.

Қазақстан аймағында мекендеген тайпалар мен халықтар жайлы ақпарат өте аз, олардың ішінде көптеген дереккөздер толық емес мәліметтерді беріп отырады.

К.Ақышев

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз