«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » Қазақстан тарихы » Кеңестер Одағы құрамындағы Қазақстан » Тоталитарлық жүйенің қалыптасуы кезеңіндегі Қазақстан » Тұрар Рысқұловтың Сталинге хаты

Тұрар Рысқұловтың Сталинге хаты

332ad27e64fd4fc83231adbbbafa32d7.jpg

Қонысынан ауған қазақтар жөнінде Ста¬лин жолдасқа жазған баяндау хатым¬ның көшірмесін хабардар ету үшін осы хатпен бірге сізге жолдап отырмын.

Қонысынан ауған қазақтарды орна¬лас¬ты¬ру жөніндегі ұсыныстардың жобасын әзір¬леу үшін РСФСР Халық Комиссарлары Советінің жанынан құрылған комиссияның төрағасы ретінде мен бұл мәселемен жете танысып, қонысынан ауған қазақтарды ВКП (б) Орталық Комитеті тарапынан ерек-ше нұсқау болмайынша, Қазақстан мен көршілес өлкелерге түгел орналастыру екіталай екенін анықтадым. Сондай-ақ қонысынан ауған қазақтарды орталықтың көмегінсіз Қазақстанның өз ішінде түпкілікті орналастыру Қазақстанның жалғыз өзі үшін, тегінде, қиын болмақ. Сіздің бұл мәселелерді таяу аралықта ВКП (б) Орталық Комитетінің алдына қоятыныңыз өзінен-өзі белгілі. Совет тарапынан да (атап айтқанда, РСФСР Халық Комис¬сар¬ла¬ры Советі тарапынан) қонысынан ауған қазақтарға көмек көрсету жөнінде дәл қазір дербес шаралар белгілеу ісімен бел¬гілі бір дәрежеде шұғылдануға тура келеді.

Осы мақсатпен мен ВКП (б) Орталық Комитетіне осы баяндау хатты жаздым. Ондағы мақсат — бұл мәселеге басшы жол¬дастардың назарын жете аударып, Қазақ¬станға көмектесу. Сіз мені Қазақстанның ішкі істеріне қол сұққысы келеді екен деп ойлап қалмаңыз, мен қойылып отырған мәселе тек Қазақстан тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге жалпымемлекеттік тұр¬ғыдан да айрықша маңызды болған¬дық¬тан, бұл мәселе жөнінде ВКП (б) Орталық Комитетіне жазып отырмын.

Сіз осы баяндау хатпен танысып, онда айтылған ой-пікірлерді ескереді деп үміт етемін.

Коммунистік сәлеммен Т.Рысқұлов

(Ресейдің мемлеттік саяси-әлеуметтік тарихи мұрағаты (РГАСПИ), И. В. Сталиннің құпиясыздандырылған құжаттары, 558-қор, 1-тізбе, 65-іс, 42-парақ)

1122b7dabdb3b9e96a95d198dc8d40d2.jpg

____________________________

Қазақтар 1931 жылдың аяқ кезінен бастап қонысынан ауып, бір ауданнан екінші ауданға және Қазақстаннан тыс жерлерге көшіп, көктемге қарай бұл көшу күшейе түскен еді-де, 1932 жылдың жа¬зын¬да қонысынан ауғандардың бір бөлігі (қолданылған шаралар нәтижесінде) мекендеріне қайтып оралған болатын, осы қонысынан ауа көшу қазір қайтадан белең алып барады. Аштық пен індеттің сал¬дары¬нан бірқатар қазақ аудандарында және қоны¬сынан ауғандар арасында адам¬дар¬дың қырылып жатқаны сонша, бұл мәселе орталық органдардың шұғыл араласуын қажет етіп отыр. Қазақстанда қазақ халқы¬ның белгілі бір бөлігі душар болған мұндай мүшкіл жағдай өзге өлкелердің не өзге республикалардың ешқайсысында жоқ. Қонысынан ауғандар көршілес өлкелерге және Ташкент, Сібір, Злотоуст теміржолдары бойына өздерімен бірге індет апарып тара¬туда. Совет жолымен белгіленген (атап айт¬қанда, РСФСР Халық Комиссарлары Советі тарапынан) ішінара шаралармен мәселе шешілетін емес. Орталық Коми¬тет¬тің қаулысы бойынша дер кезінде бөлінген азық-түліктің едәуір бөлігі тиісті жеріне жетпеген. Бұл мәселенің маңызы зор болғандықтан, сіздің осы хатпен танысып, аталмыш жайға араласуыңызды, сөйтіп, ажалына аштық жеткелі тұрған көптеген адамдардың өмірін сақтап қалуға көмек¬те¬суіңізді өтінемін.

1.Қонысынан ауған қазақтардың саны және олардың жағдайы туралы деректер

________________________________________

Қонысын тастап, Қазақстанмен көр¬шілес өлкелерге көшкен қазақтардың мекенжайларынан келіп түскен, шамамен алынған соңғы деректерге қарағанда, қазір Орта Еділде — 40 мың, Қырғызстанда — 100 мың, Батыс Сібірде — 50 мың, Қара¬қалпақстанда — 20 мың, Орта Азияда 30 мың қазақ бар. Қонысынан ауғандар Қал¬мақ¬станға, Тәжікстанға, Солтүстік өлке¬ге және басқа да осы сияқты шалғай жерлерге көшіп кетті. Байлар бастаған бір қауым Батыс Қытайға ауды.

…Қазақтардың арасында 1932 жылдан бастап белең алған аштық пен індет — осы қоныстан ауудың және қазақ шаруа¬шы¬лық¬тарының шаңырағы шайқалуының ең ке¬сапатты зардаптары, жаз айларында бірақ саябырсыған аштық пен індет қазір қай¬тадан сұрапыл өршіп тұр (отыр). Өткен көктемде қазақ аудандарында ашаршылық пен індет салдарынан адам өлімі өте көп болған еді.

Жергілікті жердің ақпары бойынша, Торғай, Батпаққара өңірінде халықтың 20–30 пайызы қырылып болған, қалғандары көшіп кеткен. Шалқар ауданындағы әлде¬неше ауылдарда тұрғылықты халық¬тың 30–35 пайызы қырылып қалған. Осындай аудандар құрамына кіретін, Ақтөбе облысы бойынша 1930 жылға дейін өмір сүріп келген.

1 012 500 адамнан 1932 жылы 725 800-і ғана тірі қалған, бұл — 71 пайыз ғана деген сөз. Қызылорда аудандық атқару комитеті төрағасының деректері ондағы ауыл советтерінде 15–20 пайыз-ақ адам тіршілікте бар екенін айғақтап тұр. Жергілікті ОГПУ мәліметтері бойынша, онда бұрын 60 мың халық тұрған, со¬ның 36 мыңы өліп, 12 мыңы көшіп, енді небәрі 12 мыңдайы ғана қалған.

Аш-арықтар төгілген қоқыстарды, ақтарып, тамақтан өтетіннің бәрін талғажау етіп, жабайы өсімдіктердің тамырларын, ұсақ жәндіктерді жеп күнелтуде. Сол маң¬дағы ит пен мысық атаулы түгел желінген, қазақтар тұратын қостардың айналасында иттердің, мысықтардың, ұсақ жәндіктердің ақкемік болғанша қайнатылған сүйек-саяқтарынан көз сүрінеді. Өлген кісілердің етін жеген оқиғалар жайында хабар жете бастады.

…1932 жылғы мамыр айында Қар¬қа¬ра¬лы ауданындағы халықтың саны 50 400 адам болса, содан қараша айының қарсаңында тірі қалғаны — 15 900, ал аудан орталығында күн сайын 15–20 адам өледі.

Әсіресе балалар арасында өлім-жітім көп. Қазақ әйелдері балаларын мекемелер мен үйлердің алдына тастап кетуде. Қазақ органдары 1932 жылдың аяғында-ақ панасыз қалған.

50 мың қазақ баласының ешқайда орналастырылмағаны ресми түрде хабарланды. Қызылордада панасыз ба¬лବлар саны қаңтар айында 452-ге жеткен. Аягөз стансысында бір қазақ әйелі өзінің екі баласын бірдей пойыздың астына тас¬та¬ған, ал Семейде қазақ әйелі екі баласын осылай мұз ойығына тастап жіберген.

…Ашыққан қазақтарға жедел көмек көрсетіп, індетке қарсы күресіп қана қоймай, сонымен бірге осы құбылыстың негізгі себептерінің тамырына балта шабатын шараларды жүзеге асыруды да барынша жұмыла қолға алу керек. Ал мұндай себептердің түп-тамыры неде?

2.Мал басының кеміп кетуі

________________________________________

Қазақтардың қонысынан аууы мен шаруашылығының шайқалуына негізгі себептердің бірі — мал басының кеміп кетуі. Мен 1932 жылы 29 қыркүйекте сіз¬дің атыңызға жазған баяндау хатымда Қазақстанда мал басының кеміп кету салдарын егжей-тегжейлі ашып көрсетіп, оны қалпына келтіру шараларына тоқтал¬ған болатынмын. 1932 жылғы, ақпан айын¬да жүргізілген (екінші рет қайта тексерілген) бүкілодақтық мал санағының мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанда 1928–1929 жылдардағы 40 млн бас малдан санақ кезінде 5 397 мың бас қана мал қалғаны, яғни мал басының 85,5 пайыз кеміп кеткені анықталды.

…Қазақтардың көпшілігінің — төрттен үш бөлігінің әл-ауқаты мал шаруа-шы¬лы¬ғына негізделген, оның өнімдері Қазақ¬станның ауыл шаруашылығынан алынатын өнім¬дерінің 60 пайызын құрайды, тұрғы-лықты халықтың 90 пайызы мал шаруа¬шы¬лығымен айналысатындықтан, бұл мәселе едәуір дәрежеде ұлттық мәселе болып табы¬лады.

…Қазақтардың жерін тартып алуды кәсіпке айналдырған патшалық құрылыс тұсында болған жерге қоныстандыру басқармасының өзі-де көшпелі шаруа¬шылықта бір семьяның қалт-құлт етіп күн көруі үшін ғана кемінде 30 бас малы болуы керек деп есептеген.

3. Асыра сілтеушіліктер мен көз бояушылықтар

________________________________________

… Қазақ шаруашылықтарындағы шын жағдайды анықтау барысындағы көзбояу¬шылық (асыра сілтеушіліктерге жол аш¬қан себептердің бірі — осы) эле¬мент¬тері неден көрінді? Малдың санын анықтау кезінде қазақ органдарының елдің құм ішінде жасырған малдары бар деген есеппен әрқашан нақты қолда бар малға 50–100 пайыз қосып жазатыны («қазір бізде жер-жерде малды 50–100 пайызға дейін жасыратыны жөнінде деректер бар». Голощекин жолдастың мақаласынан) жұртқа мәлім. Сөйтіп, 1931 жылдың аяғын¬¬да Қазақстанда 20 млн мал бар деп есептеліп келсе, 1932 жылдың көктеміне қарай Қазақстанда мал саны 10 млн басқа жетеді деп мәлімдеді, ал іс жүзінде, 1932 жылы, ақпанда жүргізілген мал санағы бойынша, өлкеде 5397 мың бас мал ғана болып шықты. Осы тәрізді құ¬был¬малы цифрлар өзге салаларда қаншама және жалпы қазақ халқына қызмет көр¬се¬туде тағы да қандай ірі-ірі кемшіліктер бар деген сұрақ туады. Бұл жайттарды анықтап алудың алдағы жұмыс үшін маңызы зор.

4. Қазақ шаруашылықтарындағы егіс көлемі жөнінде

________________________________________

…1932 жылы бірқатар қазақ аудан¬дарында егіс көлемін есептеу барысында елеулі көзбояушылықтарға жол беріл¬гені қазір анықталып отыр. 1932 жылғы көктемгі егіс науқаны барысында бірқатар колхоздар мен көптеген ауданда тұқым себу нормасы туралы жауырды жаба тоқы¬ған, ақпарлар жасалып, өрескел бұр¬ма¬лау¬шылықтарға жол берілген. Сонымен бірге бұл аудандардан осы кезең қарсаңында тұқым қоры аз жиналған және қарызға алын¬ған тұқым көп жерде ел-жұртқа жеткі¬зілмеген. Демек, бұл — егіс жоспарын орын¬дау барысында аудандар тарапынан тағы да көзбояушылыққа жол беріледі және тағы да жұрттың қонысынан ауып, ашар¬шылыққа ұшырауына се¬беп болады деген сөз.

5. Қазақтарды отырықшыландыру жөнінде

________________________________________

ВКП(б) Орталық Комитетінің 1932 жылғы қыркүйектегі қаулысында «200 мың қазақ шаруашылығын отырық¬шыландыру жұмыстары жүргізілген» деген тұжырым бар. Ал іс жүзінде оты¬рықшыландырылған шаруа¬шы¬лық¬тардың саны 100 мыңға да жетпеген. Бірқатар оты-рықшыландыру пункттерінде қазақтар салған үйлерін тастап, қорек іздеп, босып кеткен. Мысалы, Алматы облысында — 2100 үй, Қарағанды облысында — 4100 үй, мақта өсіретін Мақтаарал ауда¬нын¬да 250 үй қаңырап бос қалған.

…Қазақстанда жоспар бойынша, қазақ халқы (3 миллионнан астам адам) 1933 жылы түгел отырықшыландырылуға тиіс еді, мұның өзі жаппай ұжымдастыру негізінде жұртты 400–500 шаруашылықтан шоғырландырып, бір жерге қоныстандыру, олардың басым көпшілігін атамекенінен аударып, орыс үлгісімен поселкелер салып, әлі бос жерлері қайта игеріліп жатқан жаңа қонысқа көшіру арқылы жүзеге асырылмақ (шындыққа мүлде жанаспайтын және қолдан келмейтін жоспар!). 1930, 1931, 1932 жылдары жұмысты осылайша жедел¬дете жүргізудің салдарынан отырық¬шы¬лан¬дырылатын аудандарда асыра сілтеу¬шіліктер шектен асты және мал басы күрт кеміп кетті.

6. Қонысынан ауғандар мен қазақ жұмысшылары жөніндегі ұлт саясатының бұрмалануы туралы

________________________________________

Қонысынан ауғандардың беталды көшуін және отырықшы жұрттан арып-аш¬қан қазақтардың мал, азық-түлік ұрлауы¬ның етек алғанын пайдаланып, дұшпан эле¬менттер ушықтырған ұлттық шовинизм өрши түсті.

7. Орталық Комитеттің 1932 жылғы 17 қыркүйектегі «Қазақстанның ауыл шаруашылығы және атап айтқанда, мал шаруашылығы туралы» шешімін жүзеге асыру

________________________________________Бұл аса маңызды шешімді жүзеге асыру барысында сырғытпаға салыну байқалып отыр. …Тұрғылықты халықтың жеке шаруа¬шылықтарында 8–10 басқа дейін ірі қара және 100 тұяққа дейін қой ұстамақ түгіл (Орталық Комитеттің 17 қыркүйектегі ше¬ші¬мінде осылай деп көрсетілген), көш¬пелі және жартылай көшпелі шаруа¬шылық¬тар¬дың көпшілігінде тіпті бір-бірден сиыр, екі-үштен ұсақ мал ұстауға да мүмкіндік бер¬мейді, ал бұл аудандарда ең бол¬ма¬ған¬да осындай аз ғана мал ұста¬майын¬ша, күн көрудің өзі қиын. Қазақтардың екі жыл¬дан бері қоныстарынан ауып, олардың арасында аштық пен індеттің тыйыл¬мауы¬ның негізгі себептері, міне, осындай.

Ұсыныстар

1.Қазақтар қонысынан ауып барған өлкелер мен республикалардың өлкелік комитеттері мен облыстық комитеттеріне қазақтарды қайтадан Қазақстанға қай¬та¬рып жібермей, өнеркәсіп орындары са¬ла¬лары бойынша және сол өлкелер көле¬мін¬дегі ауыл шаруашылығына жұмысқа ор-наластыру (сондай-ақ бірінші кезекте бала¬ларды қамқорлыққа алу) жөнінде ВКП(б) Орталық Комитеті тарапынан шұ¬ғыл нұсқау берген жөн…

2.Қазақстан өлкелік партия комитетіне қазақтардың қонысынан ауып, Қазақ¬стан¬нан тыс жерлерге көшуін тоқтату шара¬ла¬рын қолға алу ұсынылсын, бұл үшін мал дайындау жөніндегі комитетке қалған 400 мың пұт астықты (рұқсат етілген 1 млн пұт астықтың есебінен) наурыз айында беріп бітуді міндеттей отырып, жәрдемге бөлін¬ген азық-түлік қорын халыққа жедел жет¬кізіп, қонысынан ауғандар мен ашық¬қан¬дарға жәрдем беруді ұйымдастыруды қол¬ма-қол өрістеткен дұрыс…

3.Үстіміздегі жылға бөлінген қаржыны тек қана қонысынан ауғандарды орна¬лас¬ты¬руға, сондай-ақ оларды өнеркәсіптік және басқа да кәсіпорындардың төңірегіне қоныстандыру шараларына жұмсауға мүмкіндік беретіндей етіп, қазақтарды отырықшыландыру жоспарын қайта қара¬ған жөн…

4.Қазақстан өлкелік партия комитетіне қонысынан ауған қазақтарды одан әрі орналастыру жөніндегі шаралардың белгі¬ленген жоспарын бір ай мерзім ішінде Орта¬лық Комитетке тапсыру міндеттелсін, сондай-ақ осы мерзім ішінде Қазақстанда мал шаруашылығын өркендетудің жос¬парын жасап, табыс ету.

5.ССРО Халық шаруашылығы есебінің орталық басқармасына үстіміздегі жылы негізгі қазақ аудандарында халық санағын өткізу және ондағы шаруашылықтардың жай-күйін сараптау, сонымен бірге егін шығымдылығын анықтау жөніндегі комиссиямен бірлесе отырып, көктемгі егіс аяқталғаннан кейін осы аудандардағы егіс алқабының есебін алу ұсынылсын.

Т.Рысқұлов

(Ресейдің мемлекеттік саяси-әлеуметтік тарихи мұрағаты (РГАСПИ), И. В. Сталиннің құпиясыздандырылған құжаттары, 258-қор, 1-тізбе, 65-іс, 42–52 парақтар; «Қазақстан коммунисі», 1990, № 7, 44–65 беттер).

Сөйтіп, Т.Рысқұловтың бұл хаты И. В. Ста¬линге 1933 жылдың 19 наурызы күні жолданған. Осының алдында ғана Қазақ өлкелік партия ұйымының бас¬шы¬лығы ауысып, жаңаша ахуал қалыптаса бас¬таған. ВКП(б) Орталық Комитетінің Саяси Бюросы 1933 жылдың 21 қаңтары күні Ф.Голощекинді орнынан алып, ВКП(б) Қазақ өлкелік комитетінің І хатшылығына Л. И. Мирзоянды ұсынған болатын. Осыдан тура төрт күн өткенде 25 қаңтар күні пар¬тияның Қазақ өлкелік комитеті Л. И. Мир¬зоянды бірінші хатшы етіп сайлап, өз құра¬мын толықтырды.

Тұрар Рысқұлов РСФСР Халық Комис¬сар¬лары Советіне қызмет еткен жеті жыл ішінде өкімет билігінің ең жоғарғы саты¬сында отырғандардың бір-бірімен ара¬қа¬тынасын жақсы зерттеп білген болатын. Сталин өз бағытын нық ұстана отырып, оған қылау түсірместен, адамдарды үнемі ауыстырумен болды. Ол осы бағытынан енді жазбаса, Қазақстанға нағыз, ақыр¬заман төнетінін Т.Рысқұлов күні бұрын сезіп білді. Осы хаттың негізінде сол уақытта республикадан басқа жақтарға қаншама адамның кеткенін аз-көп дәлірек білуге болатын. Бұл — шамамен 1,7 млн адам. Осыншама көп халық тарихта бірінші рет туған жерін тастап, бас сауғалап қа¬шуға мәжбүр болды. Рысқұлов саясаткер Сталиннің және оның төңірегіндегілердің назарын барлық айтқаны мен өз бай¬қау¬ла¬рынан шығатын қорытындыларға ауда¬ру¬ға мейлінше күш салды. Тұрар Рысқұлов өзінің осы нартәуекелімен өз халқын нар¬дай шөктіріп кеткен «ақтабан шұбы¬рын¬ды¬¬ның" бетін енді жасыруға бол¬май¬тынын ұғындырды, Қазақстан партия ұйымының жаңа басшысына Кремльде отырған «құ¬дай¬дың" өзі ұжымдастыруды тездету жөнінде енді бұйрық бере ал¬майтындай етіп жолын кесті. Ол-ол ма, Тұрар жан-жақ¬қа таратқан хаттың күшті жаңғырығы Л. И. Мирзоянның рес¬пуб¬ли¬ка¬дағы көп мәселені дұрыс шешуі үшін И.Ста¬линнің өзін әлденеше шаралар қол¬дануға мәжбүр етті.

Алайда Қазақстандағы жағдай тез арада түзеліп кете алмады. Тұрар Рысқұловтың Сталинге хаты 1933 жылдың наурызында жазылған. Өзінің хатында ол былай деп атап көрсетті: «…Өлі денелерді жеген оқиғаларды да хабарлайды…» Ал мына бір хат Қостанайдан Мирзоян мен Исаевтың атына жазылыпты. Хаттың жазылған мерзімі «2 мамыр, 1933 жыл» деп белгіленген. Неге екені белгісіз, қол қойған адамның қызметі көрсетілмеген. Бірақ хаттың мазмұнына қарағанда, авторы облыс көлеміндегі шенеунік болса керек (автор стилі сақталған).

2918e2737a6e917fcbbcec015dbc14cb.jpg

Сізге мынаны хабарлауды өзімнің па¬ры¬зым деп санаймын. Азық-түлік тап¬шы¬лы¬ғына байланысты ауыр жағдай қалып¬тасып отырған Қостанай, Федоров және Қарабалық аудандарындағы еуропалық ұжымшарларда бірқатар адам аштан өлген оқиғалар орын алды. Мен бұл арада қазақ¬-тардың жағдайы туралы айтып отырған жоқпын. Олардың жағдайының біздің облыста қандай екенін өзіңіз жақсы білесіз. Бұл аудандардағы көктемгі егіс жұмыстарының өте қиын жағдайы туралы мен сізді хабардар еткенмін.

Федоров ауданында егіс жұмысына тікелей қатысқан Калинин атындағы ұжымшарда — үш адам, Свердлов атын¬дағы ұжымшарда — бір адам, «Серп-Молот» ұжымшарында төрт адам аштан өлді. Чапаев атындағы ұжымшарда адам¬дар далада өлген атты қазып алып жеп, жер¬май құйып, өртеп жіберген. Бірқатар ұжымшарларда аштықтан адамдардың жаппай ісініп кетуі орын алуда.

Иванов. 2 мамыр, 1933 жыл.

Қостанай қаласы.

Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты (141-қор, 1-тізбе, 5814-іс, 143-бет).

Қазақ ауылын қан қақсатып, зар жылат¬қан ұлы нәубетті-де және зұлматты да сталинизм идеясы әзірлеген еді. Өзінің ауқымы бойынша ол халықтың басынан кешірген көп тақсыреттің ішіндегі ең ауыры еді. Мәскеуден әдейі жіберілген қызыл миссионер Филипп Голощекиннің қолымен сор маңдай қазақ халқы алғашқы болып казармалық социализмнің құрбандығына аяусыз шалынды. Биік лауазымды Кремль¬дің іргесінде «отырған» қазақтың зиялы азаматы Тұрар Рысқұловтың Қазақстан трагедиясы туралы Сталинге хаты тым кеш жетті. Ол кезде (1933 жылдың ақпаны) қазақ түгелімен қырылғандары қырылып, қал¬ған¬дары босып, амандары сол жерде қа¬лып, түсініксіз нәубет біржола аяқталып біткен кез еді.

Голощекиндік геноцид қарапайым тілде тек қызыл қырғын деп дәл аталған қасіретімен ғана емес, зұлматтан құтылу әрекетімен туып-өскен жерінен ауа көшкен «қызылтабан шұбырындысымен» әлемдік халық трагедиясының ең күштісі ретін¬де атағы шықты.

Т.Рысқұловтың халық басына күн туғанда жазған осы хатының көптен бері естіген құлақты елеңдетіп, жүректерді дүрсілдетіп келе жатқанық. Мәскеуде ірі қызмет атқара тұрып, сол кездегі қазақ халқын ашаршылық апатына ұшыратқан тікелей геноцид жасап отырған Сталинге жүрек жұтқан қаһармандықпен қаймықпай хат жазуы — теңдессіз ерлік. Ол кезде Ста¬линге тіке келіп, қатесін айту тұрмақ, сыр¬тынан сөйлеу мүмкін емес болатын. Көр¬некті жазушы, драматург Ш.Мұртазаның «Ста¬линге хат» пьесасы осындай тарихи фактілерге дәлме-дәл негізделген.

Тілеу Көлбаев, т.ғ..д., профессор ҚР ТҒА-ның академигі, ҚР Журналистер одағы сыйлығының лауреаты

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз