«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » Тұңғыш Президент » Зиялы көшбасшылық » ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың саясаты және отандық тарих ғылымының даму үдерісі

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың саясаты және отандық тарих ғылымының даму үдерісі

Сол кезден бері елдің ғылымын және білімін жаңғыртуға бағытталған әр түрлі реформаларға толы жиырма жылдан астам уақыт өтті. Тарихи уақыт үшін жиырма жыл — ол бір сәт, дегенмен-де, осындай қысқа уақыт ішінде еліміз көптеген жетістіктерге жетті. ХХ ғасырдың соңындағы саяси-әлеуметтік өзгерістер, сөзсіз, тарих ғылымын да сырттай өте алмады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан тарих ғылымының басым бағыттарына: ақтандақтарды зерттеп жариялау, тарихи зерттеулердің әдістемесін құру, жылдар бойы қалыптасқан тарихи білімге жаңа баға беру, қазақ халқының этногенезін зерттеу, мемлекеттілік мәселесін және кеңестік дәуір тарихын зерделеу, тәуелсіздік жағдайындағы тарихи сананы қалыптастыру сияқты мәселелер айналды.

Жылдар бойы коммунистік режимге сай тегістелген тарих ғылымы, 1991 жылы бостандыққа қол жеткізді. Дегенмен-де, тарих ғылымы толығымен еркін сапарға кете алмады. Соған бас себеп — саясат пен тарихтын өте тығыз байланысы. Осы тұрғыдан тарихты идеологиялық, яғни тәрбилеуші құрал деп сипаттауға да мүмкін. Дегенмен-де, КСРО кезіңдегі тоталитарлық бақылау саясатын және Тәуелсіз Қазақстандағы тарих ғылымының дамуына бағдар беретін қаулылар мен бағдарламаларды қабыладу саясатын салыстыруға болмайды, себебі ол салыстыруға келмейтін өзге құбылыстар.

Тәуелсіз Қазақстандағы көптеген реформалар ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асқаны баршаға белгілі. Академик М.К. Қозыбаев жетекшілігімен 1995 жылы құрастырылған «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптасуының тұжырымдамасы» сондай бастамалардың алғашқысы болып табылады. Тұжырымдаманың негізгі мақсаты — мемлекеттің саясатын тарихи сананы қалыптастырудағы негізгі басымдықтарын айқындау болып табылады. Бұл тұжырымдама отандық тарих ғылымы алдында көптеген міндеттерді орнатты, солардың қатарына тарихтың өтпелі кезеңдеріндегі орын тапқан оқиғаларды объективті суреттеу, кеңестік дәуір Қазақстан тарихын қайта қарастыру, тарих білімінің негізгі нысандарын анықтау және тағы да басқалар жатады.

Келесі қадам, 1997 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу жылы деп жариялау туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылы 30 желтоқсанда жарияланды. Оның аясында көптеген мұражайлар мен ескертіштер қалына келтірілді. Сол кезден бастап елде әр 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өткізіледі.

Қазақстанның тарих ғылымындағы келесі ірі оқиғалардың бірі — 1997 жылдың 10 желтоқсанында шыққан ҚР Президентінің қаулысымен «1998 жыл — Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп жарияланды. Қаулы аясында, республикалық ономастикалық комиссияға жерді-мекендердің атауларын ретке келтіру, облыстық және, Ақмола мен Алматы қалаларының тарихи маңыздылығы бар ескерткіштерді қалпына келтіру және құрастыру бойынша іс-шараларды орындау сияқты тапсырмалар берілді. Нәтижесінде, көптеген археологиялық экспедициялар, деректерді жинақтау бойынша шетелдік іс-сапарлар, мерейтойлық мерекелер өткізілді.

2003 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаны ұсынды. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан тарих ғылымында ол ең ірі құбылыстардың бірі болып саналады. Посткеңестік елдерде қазақстандық бағдарламаға тең болатындай сондай ауқымды іс-шаралар болмаған да еді. Бағдарлама елдің тарихи-мәдени мұрасының зерттелуіне, қалпына келтіруіне және сақталуына, сондай-ақ әдет-ғұрыптардың жандануына, Қазақстанның мәдени мұрасын шетелге танытуына және насихаттауға, мемлекеттiк тiлде әлемдiк ғылыми ойдың, мәдениет пен әдебиеттiң үздiк жетiстiктерi негiзiнде гуманитарлық бiлiм берудiң толымды қорын жасауға бағытталып, жоғары нәтижелерді көрсетті. Ал 2012 жылы Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында ұлттық тарихи сананы қалыптастыру жұмысын жалғастыру жайлы ой-тұжырым айтып, 2014 жылы «Мәңгілік ел» ұлттық идеяны ұсынды.

Қазіргі таңда 2014–2016 жылдарға арналған «Халық тарих толқынында» атты тарихи зерттеулер бағдарламасы жүзеге асуда, ол отандық тарих ғылымының дамуындағы келесі қадам болып табылады. Бағдарламаның бас мақсаты ұлттық тарихтың тұтас көрінісін қалыпастыру, отандық тарихтың өзекті мәселелерін зерттеу, тарих ғылымын жаңғырту. Бағдарлама аясында шетелдік мұрағаттардан Қазақстан тарихына қатысты деректерді іздеуге бағытталған іс-сапарлар, іргелі зерттеулер, жаңа үлгідегі оқулықтарды құрастыру, жаңа заман талаптарына сай зертханаларды және зерттеу орталықтарды ашу, сондай-ақ басқа іс-шаралар жоспарлауды.

Қазақстан Республикасының тарих ғылымының дамуының барлық сатыларында Үкіметтің және Президент Н.Ә. Назарбаевтың тура бастамалары анық байқалады. Соған бір себеп, тарих ғылымының идеологиялық құрал ретіндегі мемлекет үшін маңыздылығы. КСРО кезіңде маркстік және таптық тұрғыдан тарихты түсіндіру, Қазақстан тарихындағы кейбір оқиғаларды бұрмалау және жасыру орын алғандықтан, егемендігіне жеткен ел үшін тарихтың дамуына күш салу маңызды стратегиялық шара болып табылады. Себебі, қазіргі кезде, тарих — елдің тарихи санасын, бүкілқазақстандық бірегейлікті, патриотизмді қалыптастырудағы құралдардың бірі болып табылады, сондықтан ол мемлекеттік саясатпен тығыз қарым-қатынаста.

А.Т. Сметова, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының кіші ғылыми қызметкері, гуманитарлық ғылымдар магистрі

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз