«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » Тұңғыш Президент » Стратегиялық жоспарлауды ұсынушы » Халықтық бірлік және ұлттық тарих жылы (1998) » 1998 жылды Халық бiрлiгi мен ұлттық тарих жылы деп жариялау туралы

1998 жылды Халық бiрлiгi мен ұлттық тарих жылы деп жариялау туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 желтоқсандағы N 3790 Жарлығы

Республика азаматтарының, қоғамдық бiрлестiктерi мен ұйымдарының көптеген өтiнiш-тiлектерiн ескере отырып, жалпы ұлттық татулық пен ұлттық тарихты зерделеудi қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
 1. 1998 жыл Халық бiрлiгi мен ұлттық тарих жылы деп жариялансын. 
 2. Қазақстан Республикасының Үкiметi: 
1) Халық бiрлiгi мен ұлттық тарих жылын өткiзу жөнiнде Мемлекеттiк комиссия құратын болсын, 10 қаңтарға дейiнгi мерзiмде оның құрамы жөнiнде ұсыныс енгiзсiн. 
Саяси партиялардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, ұлттық-мәдени орталықтардың, дiни бiрлестiктердiң, шығармашылық ұйымдардың басшыларына мемлекеттiк комиссияның құрамына ену ұсынылсын. 
Облыстардың, Ақмола, Алматы қалаларының әкiмдерi мен министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволардың басшыларына осы тәрiздi комиссиялар құру тапсырылсын; 
2) 1998 жылғы 15 қаңтарға дейiнгi мерзiмде бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен және уақтылы жария етiлуiн көздей отырып, тиiстi iс-шаралар  жоспарын Мемлекет басшысының бекiтуiне табыс ететiн болсын;
3) Халық бiрлiгi мен ұлттық тарих жылына байланысты iс-шараларды қаржыландыру министрлiктер мен ведомстволар 1998 жылға арналған республикалық бюджетте көздеген қаражат есебiнен және шегiнде жүргiзiлсiн; 
4) жаңа мемориалдар салу және тарихи маңызы бар мемориалдарды тиiстi қалпына келтiру жөнiнде шаралар қолдансын;
5) Республикалық ономастикалық комиссияға жекелеген елдi мекендер атауларын тарихи ақиқатқа сәйкес келтiрудi тапсырсын;
6) Халық бiрлiгi мен ұлттық тарих жылын өткiзу жөнiндегi Мемлекеттiк комиссияға жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алуды қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты жалғастыруды тапсырсын; 
7) осы Жарлықты iске асыру жөнiнде өзге де тиiстi шараларды қолдансын. 
3. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
  Президентi 

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз