«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » Электронды мұрағат » Орта ғасыр дерекнамасы » Түркілік мұраны зерттеудің деректанулық негіздері

Түркілік мұраны зерттеудің деректанулық негіздері

Монографиялық зерттеуде музейлік жәдігерлердің тарихи-этникалық дерек көз ретіндегі музейлік жүйедегі орнымен қызметі қарастырылған. Отандық тарихи деректану ғылымында алғаш рет музейлік деректанудың өзекті мәселелері, теориялық-әдіснамалық не­гіздері, пәнаралық сипаты, музей затының қасиеттері мен деректі кәлеуеті тарихи дерек­танудың пәрменді құралы ретінде айшықталды. Сондай-ақ монографияда кешенді (тарихи, археологиялық, этнографиялық, жазба, көркемөнерлік, т.б.) та­рихи-мәдени (түркілік) жәдігерлер жүйесін тоғыстыратын ғылыми институт ретінде музейдің рөлімен атқаратын қызметтерінің маңыздылығы зерделенді.

Монография түркітанушыларға, тарихшы-деректанушы мамандарға, музейтану­шылар­ға, «Музей ісі мен ескерткіштерді қорғау», «Археология және этнология» мамандықтары бойынша білім алатын магистранттар мен студенттерге арналады.


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз