«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » Сарапшылардың пікірі

Сарапшы пікірі

Бүркітбай Аяған: Астананың тарихын жазғанда қарапайым халықтың да еңбегін ұмытпау қажет

Бүгінде «Жаңа Астана қалай салынды?» деген жүйелі зерттеу жүргізудің маңызы зор. Әсіресе саяси шешімнен бөлек, қарапайым халықтың осы іске қатысуы, оның осы жолда сан алуан қиыншылықтарға тап болуы – соның бәрі тұнып тұрған тарих қой. Әрине, ол туралы жазу керек. Оны кез келген жанрда жазуға болады. Кино түсіріп, халық арасында жаңа Астананы салған қаһармандарды кеңінен насихаттау қажет.

Бүркітбай Аяған: Қазақ халқының өз тарихына, өзінің өткенін білуге деген құштарлығына қуануымыз керек

Қазақ қаншама идеологиялық науқандарды бастан өткерсе де тарихын жадынан өшірмеген. Бұның басты себебі - қазақ халқының тарихы өте бай. Түркі қағанаты, Алтын Орда, Қазақ хандығы болып кете береді. Бұлардың барлығы да қазақ халқы құрған, қазақ халқы өмір сүрген мемлекеттер.

Қайрат Әлімғазинов: «XVI-XVIII ғғ. қазақ-орыс қарым-қатынастарының тарихнамасы» атты монографиясының қолжазбасына пікір

Қазақстан халықтарының тарихи санасын қалыптастырудың мемлекеттік концепциясында жат құндылықтар мен отарлық мүдделерге орай бұрмаланған, не болмаса айтылуға тиым салынған тақырыптар мен тұтас кезеңдерді ақиқат тұрғысынан қайта қарап, зерделеу күн тәртібіне қойылған тұста, Ж.Е. Жаппасовтың тақырыбының өзектілігі айқын көрінеді.

Светлана Смағұлова: Өткен мен болашақ рухани азудан сақтайтын ғылым

Ұлттық тарихымызға нұқсан келтіретін небір жалған тұжырымдар мен ұстанымдар халық арасына таралып кеткен. Бұл сөзсіз тарихи жадымызға нұқсан келтіреді. Сондықтан тарихты жазуда оның құндылығын түсірмей, азаматтық тұрғыда жазуға тиіспіз.

Светлана Смағұлова: Кеңес өкіметіне дейін Алаш қайраткерлеріне уәде берілген, алайда керісінше, өздерін қудалауға ұшыратты.

Кеңес үкіметі толықтай орнағаннан кейін басқару органдары алашордашылардың талап-тілектеріне құлақ асқан жоқ.

Құдайбергенова Айжамал Ибрагимқызы: Орта мектептерге және жоғары оқу орындарына арналған тарих оқулықтары туралы пікірлер.

Тарихи сана ең алдымен тарихи оқулықтар арқылы қалыптасады. Сондықтан да оқулықтардың сапасына көңіл бөлу ерекше маңызды. Тарих оқулықтарында кемшіліктердің бары рас, бірақ ол кемшіліктердің түзетіліп жатқанын да ескеруіміз керек.

Светлана Смағұлова: Тарихқа енгізілер өзгерістерді електен қалай өткізуге болады? оны жұрт санасына сіңірудің қандай жолдары бар?

Тарихқа енгізілер әрбір жаңалық ғылыми тұрғыдан негізделуі тиіс. Кей жағдайларда ғалымдар, әсіресе, әуесқой ғалымдар табылған құжаттарды бірден жариялап жіберуге тырысады.

Светлана Смағұлова: Тарихқа енгізілер өзгерістерді електен қалай өткіземіз, оны жұрт санасына сіңірудің қандай жолы бар?

Тарихқа енгізілер әрбір жаңалық ғылыми тұрғыдан негізделуі тиіс. Кей жағдайларда ғалымдар, әсіресе, әуесқой ғалымдар табылған құжаттарды бірден жариялап жіберуге тырысады.

Оразов Рашид Ешенұлы: Қиялдан тарих тумайды

Қазіргі жаһандану заманында тарихи сананы қалыптастыру, тарих ғылымын, басқа да қоғамдық гуманитарлық ғылымдарды жетілдіру біздің мемлекеттік саясатымыздың басым бағыттарының бірі болуы шарт.

Светлана Смағұлова: Патша заманында саяси күрес жолына түскен қазақтың белді азаматтары мен зиялы қауым өкілдерінің қуғындалғаны туралы пікірлер.

Қуғын-cүргін әр заманда болған. ХХ ғасырдың басында қазақ халқы бірнеше қуғын-сүргінге ұшырағаны туралы сұхббаттасайық.