«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » Сарапшылардың пікірі » Құдай үшін жасалған адамгершілікке жатпайтын қылмыстардың куәгері тарих. Неге бұлай?

Құдай үшін жасалған адамгершілікке жатпайтын қылмыстардың куәгері тарих. Неге бұлай?

Дін жерде бейбітшілік, мейірімділік және әділдікті тудырып, адамның жанын, сонымен бірге адамзаттың өзін құтқаруға шақырады.

Алайда тарих құдай үшін жасалған көптеген адамгершілікке жатпайтын қылмыстардың куәгері болды. Христиан тарихында – бұл ең алдымен крест жорығына қатысушылар мен Киелі инквизицияның зұлымдықтары, ал мұсылман тарихында – бұл ассасиндердің кісі өлтірушілігі және қазіргі аймақтық террористік ұйымдардың қызметі.

Дін жерде бейбітшілік, мейірімділік және әділдікті тудырып, адамның жанын, сонымен бірге адамзаттың өзін құтқаруға шықырылған. Алайда тарих құдай үшін жасалған көптеген адамгершілікке жатпайтын қылмыстардың куәгері болды. Христиан тарихында – бұл ең алдымен крест жорығына қатысушылар мен Киелі инквизицияның зұлымдықтары, ал мұсылман тарихында – бұл ассасиндердің өлтірушілігі және қазіргі аймақтық террористік ұйымдардың қызметі. Осының барлығы екі әлемдік діннің теріс беделінің құрылуына көмектескен, ол  қоғамның жағымсыз кертартпалықты шақырған және шақырып жүруде. Қандай да жақтардың беделін күшейтуіне мүлдем көмектеспейтін екі конфессиялардың көпғасырлық тайталасы жағдайды тереңдетеді. Уақыт өзгереді, ұрпақ ауысады, жердің беті жаңарады, бірақ бүтін пікірді, дүниетанымды және діни  көзқарасты қабылдамауы өзгермейді. Сонымен қатар адам ақыл-естілік тұлға ретінде адамгершілік қоғамын бөлетін мәселелерге өз назарын аудармай, ал жақындастыратын және біріктіретіндерге назар аудару керек. Шоғырландырушы компоненттердің бірі тарих бола алады, ол мүдделі адамға барлық құпияларды ашады және кім шынында бір нәрсені үйреніп алғысы келетіндерге үйретеді. Өкінішке орай біздің қазіргі заманда орын алған және орны бар надандық, зұлымдық және бірбеткейлікті көрсету үшін Орта ғасыр кезеңіндегі Ислам және мұсылман әлемінің ғылым мен білім мәселелерін жарықтандыруына, осы мақаланы арнағымыз келеді, сонымен қатар осы діннің нақты үйренуімен және Мұхаммед Пайғамбардың көзқарасымен оның еш ортақтығы жоқ.

Ислам негізін қалаушы әр түрлі ғылымдарды игеруіне мұсылмандарды мадақтағаны туралы  А.Х. Зарринкуб 2004 жылы Мәскеу қаласында жарыққа шыққан өзінің «Ислам өркениеті» кітабында келесі фактілерді келтіреді: Бадрадағы шайқастан кейін (624 ж.) Пайғамбар өтеу төлеуге мүмкіндігі жоқ тұтқындардың әр біреуі 10 медициналық балаларды сауаттылыққа үйретсе, азат бола алатынын жариялады. Осы әрекет Мұхаммед Пайғамбардың білім еліне жолды ашатын кілт-хатына үлкен маңызды бөлгенін айтады.

Атақты ресейлік шығыстанушы В.В. Бартольдтың айтуы бойынша ұлы Ұлықбектің бұйрығы бойынша салынған, Бұқара қаласындағы медреселердің біреуіндегі кіре берісінде келесі жазу бар: «Білімге деген талпыныс – әр мұсылманның міндеті».

Ислам және мұсылман өркениеті әлемге қандай пайданы тигізді? Ислам әлемінде орналасқан араб және түрік халықтарының ғылымды зерттеуіне мықты маңыз берген Мұхаммед Пайғамбардың «Білімді Қытайдан да іздендер» айтқан сөздері ұран болып қалды. Мұсылман ғалымдары білім жолында кең империяның ең қашық түкпіріне дейін жеткен. Олардың қайсарлық, талапты ақылының арқасында, сонымен қатар халифтер, билеушілер және кейбір  Шығыс мемлекеттерінің иран және түрік мемлекеттік шенеуніктерінің қолдауымен көне замандағы ғалымдардың еңбектері аман қалды, көне мысыр, месопотамдық, инд, қытай және парсы өркениетінің жетістіктері туралы мәліметтерді түйір бойынша жиналды. Осының барлығы араб тіліне аударылды, сол кезеңде осы тіл ғылым тілі болып зерттелді, сынап талдауға ұшырады, түсінік берілді және түзетілді. Жоғарыда жазылған барлық трактаттардың негізінде жарыққа ғылыми жобалар шықты, олар әлемдік ғылым, мәдениет және қоғамның болашақтағы дамуы үшін мықты іргетасын қалады. «Мұсылмандықтың алтын ғасыры»  (VIII-XIII ғ.) Батыс Еуропа тарихындағы Өркендеуі дәуірін болжады. Әл-Фараби, әл-Кинди, ибн-Рушд, Бируни, ибн Сина, Омар Хайям, әл-Хорезми және тағы басқа ғалымдардың қолжазбалары еуропалық, сонымен бірге латын тілдеріне аударылды, университеттерде дәрістік курс ретінде белсенді түрде қолданылды. Мұсылман ғалымдары және ойшылдары әлемдік дамуда ойнаған рөлін еуропалық Өркендеудің ұлы өкілдері мойындады. Рафаэльдің «Афина мектебі» атты әйгілі суреті оған дәлел ретінде бола алады, сол жерде біз Аристотель мен Платонның қасында ибн Рушдіні көреміз.  

Мұсылман Шығысы барлық ғылым, сонымен қатар математиканың барлық салаларындағы маңызды ғылыми ашулар үлкен санының отаны болып қалыптасты.  Атақты француз ғалымы Э.Ф. Гаутье былай айтқан болатын: «Еуропалық мәдениеті алгебрамен ғана бай болған жоқ, сонымен қатар мұсылман ғалымдарының жетістіктері арқасында математика бөлімдеріне бай болды; шынында, қазіргі батыс математика ғылымы – ислам математикасының жалғасы ретінде жүруде». Әл-Хорезми, әл-Баттани, Абул-Вафа, Насреддин Туси, Омар Хайям, Сабит бин Гурра және Гиясаддин Джамшид мұсылмандық орта ғасырдағы математика ғылымының әйгілі өкілдері болып табылды. 

Мұсылман астрономдары әлемдік ғылымның дамуына үлкен үлесті қосты. Ірі обсерваториялар Бағдад, Исфахан, Каир және Самарқанд қалаларында жұмыс істеді. Кейбір мұсылман астрономдарының атағы мұсылмандық әлемді аттап өтіп, Еуропаның ғылыми және мәдени орталықтарына дейін жетті. Еуропада Ben Jonis  есімімен белгілі Али бин Абдуррахман бин Юнус,  Alhacen деп атаған Абу Али Хасан, Albatagnus  есімін алған Мухаммед бин Джабир әл-Баттани бұған үлгі болады. 1075 жылы салжұқ сұлтаны Мәлік-шахтың бұйрығы бойынша Исфахан қаласында құрылған обсерваторияда Омар Хайям, ибн Музаффар Исфизари және Неджип әл-Васити сияқты ортағасырдың атақты астрономдары өз зерттеулерін жүргізді. Үлкен тәжірибелік маңызы бар әйгілі «салжұқ күнтізбесі» олардың жұмысының нәтижесі болды. XV  ғасырдағы Орта Азияның ұлы ғалымы, білімді билеушісі Ұлықбектің есімі астрономия тарихында мәңгілікке қалды, оның атағы кең империянының негізін қалаушы әйгілі атасы – әмірші Тимурдың атағынан озып кетеді. Ренессанс дәуірінде еуропалықтардың жасаған істерін мұсылмандық ғалымдары жасады. ХІ ғасырда Бируни Жер өзінің осі бойынша және күннің көзін айналып жүретіні туралы айтқан болатын.  Сонымен бірге ол Жер бетінің көлемін анықтады. ІХ-Х ғасырларда өмір сүрген әл-Баттани 27 секундтағы қателікпен күнгей жылды анықтай алды. Басқа мұсылмандық астрономы әл-Ферғанидың ғылыми зерттеулері Еуропада 700 жыл бойы оқу құрал ретінде қолданылды.

VIII-XV ғасырларда жасаған мұсылмандық физиктер мен химиктердің (ар-Рази, ибн ал-Хайсам, әл-Хазини, ибн Юнус, Абул-Изз Исмаил әл-Джазари, Джабир бин Хайян), географтардың (ибн-Батута, Идриси) және басқа ғылым салалары өкілдерінің жетістіктері де маңызды болды.

Мемлекеттік қызметкерлердің бірнеше ұрпақтары тәрбиеленген Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білік», Фирдоусидің «Шах-наме», Унсуралмаалидің «Кабус-наме», Низам әл-Мүлктің «Сиасет-наме» шығармалары әлемдік ғибратты әдебиетінің асыл қазынасына енді.

«Мұсылмандықтың алтын ғасыры» – бұл медресе, кейін Таяу Шығыстағы қалыптасқан медресе-низамий құрылысының дәуірі.  Оларда діни тәртіп және араб тілдерімен қатар әдебиет, грамматика, риторика, тарих, география, каллиграфия, философия және логика сияқты дүнияуи пәндер оқытылды. Атақты ғалымдардың дәрістерінде мұғалімдер, тыңдаушылар ғана емес, сонымен қатар барлық рангтердің мемлекеттік шенеуніктері  жиналды. Медресе-низамийлерде арнайы оқу бағдарламасы болды. Сол жерде жұмыс істеген адамдар марапаттауларды, ал тыңдаушылар – оқу ақысын алып отырды. ХІ ғасырдан бастап, медресе-низамий жанында ауруханалар құрыла басталды, сол жерде оқытушылар мен студенттерде тәжірибе алуға мүмкіндіктері болды.

Ғалымдар мен тыңдаушылардың ғылыми қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін медреседе өзінің кітапханасы болды. Бұдан басқа әр мұсылмандық Шығыс ірі қаласында  көпшілік кітапханалар жұмыс істеді. Олардың есіктері барлығы үшін ашық болды: әрбір мүдделі адам осы жерде қажетті кітапты ғана таппай, оған қызықты тақырыпты басқа адамдармен талқылай алды, себебі кітапханалар жиі түрде пікірталастар өткізілетін орын болып табылды. Орта ғасыр кезеңіндегі мұсылмандық Шығыстың ажыратылмайтын бөлігі – «Даналық үйі» танымалдылығымен қолданылды.

Жақсы кітаптарды оқитын адам мейірімді әрекеттерді жасайды және қайырымдылықпен айналысады деген пікір бар. Өзін шын мұсылман және Исламның ынталы жақтаушысы деп санаған әрбір адам осы діннің тарихына, оның негізгі жайына үңілу, ең алдымен оның екі маңызды талаптарын еске түсіру керек шығар, басқа конфессиялар өкілдеріне шыдамды болу керек және күшті әдістерімен, зорлық, зұлымдық жолдарымен өзінің діндарлығы мен Исламның басымдылығын дәлелдеп отырмай, өзінің назары мен ниетін білімге аудару қажет.


Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
  • Автордың жарияланымы